Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-5/604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12040 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 11 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 7 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 4-5/604 бұйрығымен
бекітілген

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қатысушы – қормен қатысу шартын жасасқан және қолданыста болатын мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;

      2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – қор немесе қорлар).

2. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу тәртібі

      3. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылатын коммерциялық емес ұйым қор (қорлар) болып табылады.

      4. Қор (қорлар) өз қызметін коммерциялық емес ұйымдар туралы және акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, осы Қағидалардың және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

      5. Қордың (қорлардың) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту.

      6. Қорды (қорларды) басқару органдарын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті қордың (қорлардың) құрылтай құжаттарында айқындалады.

      7. Қордың (қорлардың) кірістері алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін оның дамуына ғана бағытталады.

      8. Әрбір қордың (қорлардың) кепілдік төлемдеріне арналған өтеу резервінің мөлшері қатысушылардың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы және кемінде бір миллиард теңге соманы құрауы тиіс.

      9. Әрбір қордың (қорлардың) өтеу резервтері оны құру кезінде қажетті жарғылық капиталды қалыптастыруға қарамастан қалыптастырылады.

      10. Қатысушылардың жарналары міндетті түрде өтеу резервін толықтыруға жіберіледі.

      11. Мақта қолхатын ұстаушылардың талаптарын бірінші кезекте қамтамасыз ету мақсатында қордың (қорлардың) меншік капиталы мөлшерінің кемінде 80%-ы тұрақты негізде өтімділігі жоғары қаржы активтеріне (ақша, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер, бағалы қағаздар) орналастырылады.

      12. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмейтін мерзімде қор (қорлар) мақта саласын дамыту бойынша уәкілетті органға өздерінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды, құрылтай құжаттарын, сондай-ақ өтеу резервінің мөлшері туралы мәліметтерді ұсынады.

      13. Қор (қорлар) бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің құрылғандығы туралы хабарламаны және мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына тиісті қорға (қорларға) қатысуға ұсыныстар жариялайды.

      14. Қатысушылар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қор (қорлар) мақта қолхатын ұстаушылардың алдында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес субсидиярлық жауаптылықта болады.

      15. Қор (қорлар) осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын ескере отырып, 2001 жылғы 16 қаңтардағы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" және 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен таратылуы мүмкін.

      16. Қорды (қорларды) басқару органдарының қорды (қорларды) ерікті түрде тарату туралы шешімі қордың (қорлардың) кепілдіктері аяқталғаннан кейін немесе қатысушы осы қор (қорлар) беріп, кепілдендірген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.

Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июля 2015 года № 4-5/604. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 сентября 2015 года № 12040. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 февраля 2021 года № 44.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 16.02.2021 № 44 (вводится в действие с 01.01.2022).

      В соответствии с подпунктом 18) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      2. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции и фитосанитарной безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ____________ Б. Султанов

      11 августа 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _______________ Е. Досаев

      7 августа 2015 года



  Утверждены
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 2 июля 2015 года № 4-5/604

Правила
деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения
обязательств по хлопковым распискам
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" и определяют порядок деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) участник – хлопкоперерабатывающая организация, имеющая лицензию на оказание услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок, с которой фондом заключен и действует договор участия;

      2) фонд гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам – юридическое лицо, осуществляющее свою деятельность в целях обеспечения защиты прав и законных интересов держателей хлопковых расписок от неисполнения хлопкоперерабатывающими организациями обязательств по выданным ими хлопковым распискам (далее – фонд или фонды).

2. Порядок деятельности и ликвидации фондов гарантирования
исполнения обязательств по хлопковым распискам

      3. Фонд (фонды) является некоммерческой организацией, организационно-правовой формой которого является акционерное общество.

      4. Фонд (фонды) осуществляет свою деятельность на основании законодательных актов Республики Казахстан о некоммерческих организациях и об акционерных обществах, настоящих Правил и учредительных документов.

      5. Основными задачами фонда (фондов) являются:

      1) обеспечение защиты прав и законных интересов держателей хлопковых расписок от неисполнения хлопкоперерабатывающими организациями обязательств по выданным ими хлопковым распискам;

      2) развитие системы гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      6. Порядок формирования органов управления фонда (фондов) и их компетенция определяются учредительными документами фонда (фондов).

      7. Доходы фонда (фондов) направляются исключительно на его развитие для достижения поставленных целей и задач.

      8. Размер компенсационного резерва каждого фонда (фондов), предназначенного для гарантийных выплат, должен быть достаточным для обеспечения исполнения обязательств по хлопковым распискам участников и составлять в сумме не менее одного миллиарда тенге.

      9. Компенсационные резервы каждого фонда (фондов) формируются независимо от формирования уставного капитала, необходимого при его создании.

      10. Взносы участников в обязательном порядке направляются на пополнение компенсационного резерва.

      11. В целях обеспечения требований держателей хлопковых расписок не менее 80 % от размера собственного капитала фонда (фондов) размещается на постоянной основе в высоколиквидные финансовые активы (деньги, депозиты в банках второго уровня, ценные бумаги).

      12. В срок не позднее одного месяца со дня государственной регистрации в органах юстиции фонд (фонды) представляет в уполномоченный орган в области развития хлопковой отрасли документы, подтверждающие их государственную регистрацию, учредительные документы, а также сведения о размере компенсационного резерва.

      13. Фонд (фонды) публикует в средствах массовой информации сообщение о своем создании и предложения хлопкоперерабатывающим организациям принять участие в соответствующем фонде (фондах).

      14. Фонд (фонды) несет субсидиарную ответственность перед держателями хлопковых расписок в случаях неисполнения или ненадлежащего исполнения обязательств участниками в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      15. Фонд (фонды) может быть ликвидирован в порядке, установленном Законами Республики Казахстан от 16 января 2001 года " О некоммерческих организациях" и от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах" с учетом требований пункта 16 настоящих Правил.

      16. Решение о добровольной ликвидации фонда (фондов) органами управления фонда (фондов) может быть принято только по истечении гарантий фонда (фондов) или полного исполнения участником обязательств по выданным хлопковым распискам, прогарантированным данным фондом (фондами).