Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/621 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12043 болып тіркелді.

      "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы"2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________Ә. Исекешев

      2015 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-4/621 бұйрығымен
бекітілген

Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды
кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына
квоталарды белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу қағидасы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін анықтайды.

2. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын
тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидалары

      2. "Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысымен көзделген тәртіппен азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің тұрақты мониторингі нәтижесінде айқындалған азық-түлік қауіпсіздігіне қатер туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ақпарат ұсынады.

      3. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты негізінде уәкілетті орган егін алаңдарының құрылымын, өндіру және қайта өңдеу көлемін, сондай-ақ тамақ шикізатының нақты түрі (немесе түрлері) қорларының болуын ескере отырып, биоотын өндірісі үшін пайдалануға жоспарланған мониторингі деректерін талдауды жүзеге асырады.

      4. Республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындағаны туралы куәландыратын факторларды айқындау кезінде уәкілетті орган белгіленген тәртіппен биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілейді.

      5. Биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар көлемі күтілетін өндіріс көлемінен, ауыспалы қорлардың және азық-түлік мұқтаждарына, жем мен тұқымға ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі тұтыну көлемінен анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      КК = (КӨ + АҚ) - IT, мұнда:

      КК - тамақ шикізатына квота көлемі, мың тонна;

      КӨ - ауыл шаруашылығы өнімінің ағымдағы жылы күтілетін өндірісі, мың тонна;

      АҚ - ауыл шаруашылығы өнімнің ауыспалы қоры, мың тонна;

      IT - ауыл шаруашылығы өнімінің (азық-түліктік қажеттілік, жем мен тұқым) ішкі тұтынылуы, мың тонна.

      6. Биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар көлемі барлық биоотын өндіру зауыттарының жалпы жиынтық өндірістік қуатындағы үлестеріне барабар биоотын өндіру жөніндегі зауыттардың арасында бөлінеді.

      7. Тамақ шикізатына квоталар биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын импорттық тамақ шикізатына қолданылмайды.

Об утверждении Правил установления квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, в случае угрозы продовольственной безопасности

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 июля 2015 года № 4-4/621. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 сентября 2015 года № 12043.

      В соответствии с подпунктом 12) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 15 ноября 2010 года "О государственном регулировании производства и оборота биотоплива", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, в случае угрозы продовольственной безопасности.

      2. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции и фитосанитарной безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и

      развитию Республики Казахстан

      ________ А. Исекешев


      " " 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ________ Б. Султанов


      " " 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ________ Е. Досаев


      " " 2015 года

  Утверждены
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 9 июля 2015 года № 4-4/621

Правила
установления квот на пищевое сырье, используемое для
последующей переработки в биотопливо, в случае угрозы
продовольственной безопасности
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, в случае угрозы продовольственной безопасности разработаны в соответствии с подпунктом 12) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 15 ноября 2010 года "О государственном регулировании производства и оборота биотоплива" и определяют порядок установления квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, в случае угрозы продовольственной безопасности.

2. Порядок установления квот на пищевое сырье, используемое для
последующей переработки в биотопливо

      2. В случае возникновения угрозы продовольственной безопасности, выявленной в результате постоянного мониторинга состояния продовольственной безопасности проводимого в порядке, предусмотренном постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 296 "Об утверждении Правил проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности", местными исполнительными органами представляется информация в уполномоченный орган в области производства биотоплива (далее - уполномоченный орган).

      3. На основании информации местных исполнительных органов уполномоченный орган осуществляет анализ данных мониторинга с учетом структуры посевных площадей, объемов производства и переработки, а также наличия запасов конкретного вида (или видов) пищевого сырья, планируемого к использованию для производства биотоплива.

      4. При выявлении фактов, свидетельствующих о возникновении угрозы продовольственной безопасности на территории республики, уполномоченный орган устанавливает квоту на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо.

      5. Объем квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, определяется из ожидаемого объема производства, наличия переходящих запасов и объема внутреннего потребления сельскохозяйственной продукции на продовольственные нужды, фураж и семена и рассчитывается по следующей формуле:

      ОК = (ОП + ПЗ)-ВП, где

      ОК - объем квоты на пищевое сырье, тысяч тонн;

      ОП - ожидаемое производство сельскохозяйственной продукции в текущем году, тысяч тонн;

      ПЗ - переходящий запас сельскохозяйственной продукции, тысяч тонн;

      ВП - внутреннее потребление сельскохозяйственной продукции (продовольственные нужды, фураж и семена), тысяч тонн.

      6. Объем квот на пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо, распределяется между заводами по производству биотоплива пропорционально их доли в общей суммарной производственной мощности всех заводов по производству биотоплива.

      7. Квоты на пищевое сырье не распространяются на импортное пищевое сырье, используемое для последующей переработки в биотопливо.