«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 870 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі мынадай редакциядағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Тиісті сайлау комиссиясы арнаулы уақытша шотқа қаражаттың келіп түскені және оның жұмсалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында айына екі рет жариялайды.».
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов