Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.12.2019 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы лизинг нысанасы болып табылатын технологиялық жабдықтың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 31 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 2 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 3-2/758 бұйрығымен бекітілген |
Лизинг нысанасы болып табылатын технологиялық жабдықтың тізбесі
Р/с № | Жабдықтың атауы | Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды |
1 | Дән уатқыш/жаныштағыш | 8436 10 000 0 |
2 | Автоматтандырылған сауу қондырғысы | 8434 10 000 0 |
3 | Жемшөп үлестіргіш | 8436 10 000 0 |
4 | Сүт өткізгіш құбыры бар сауын қондырғысы | 8434 10 000 0 |
5 | Сүт салқындатқыш танк | 8418 69 000 9 |
6 | Ірі азықты уатқыш | 8436 10 000 0 |
7 | Сабанды ұсақтағыш | 8436 10 000 0 |
8 | Көңді шашқыш | 8432 40 100 0 |
9 | Таразылар және есептегіш құрылғылар комплектісінде жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған гидравликалық станоктар | 8479 89 970 9 |
10 | Рулонды сығымдауыш-іріктеуіш | 8433 40 000 1 |
11 | Теңді сығымдауыш-іріктеуіш | 8433 40 000 9 |
12 | Инкубацияға арналған жабдық | 8436 21 000 0 |
13 | Жемшөп цехының жабдығы | 8437 80 000 0 |
14 | Сарқынды суларды бұрып жіберуге және тазалауға арналған жабдық | 8421 21 000 9 |
15 | Жұмыртқаларды сұрыптауға арналған жабдық | 8433 60 000 0 |
16 | Салқындатқыш жабдық | 8418 69 000 9 |
17 | Құсты сою цехына арналған жабдық | 8438 50 000 0 |
18 | Құсты терең өңдеу цехының жабдығы | 8438500000 |
19 | Құсты өндіру және өңдеудің органикалық қалдықтарына арналған жабдық | 8438 80 990 0 |
20 | Қолдан ұрықтандыру пунктіне арналған жабдық | 8479 89 970 9 |
21 | Жұмыртқаның қабығын өңдеуге арналған жабдық | 8438 60 000 0 |
22 | Жабдықты талғамай жууға арналған қондырғы | 8422 20 000 9 |
23 | Қатарлар мен тұғырлықтарды жууға арналған жабдық | 8424 30 100 0 |
24 | Бір сатылы батырылатын ортадан тепкіш сорғы | 8413 70 210 0 |
25 | Сүт есептеуіш | 9028 20 000 0 |
26 | Сүзгіш (тазартқыш центрифуга) | 8421 11 000 0 |
27 | Сүтті салқындатқыш | 8418 69 000 9 |
28 | Сүтті талдағыш | 9027 80 170 0 |
29 | Сүт және сүт өнімдерін суытуға, пастерлеуге, ультрапастерлеуге, стерильдеуге арналған жабдық | 8419 89 989 0 |
30 | Сүт және сүт өнімдеріне арналған сепараторлар | 8421 11 000 0 |
31 | Сүтті технологиялық өңдеуге арналған жабдық | 8434 20 000 0 |
32 | Сүт өнімдерінің түрлерін дайындауға арналған жабдық | 8434 20 000 0 |
33 | Технологиялық жабдықтарды жууға арналған жабдық | 8422 20 000 9 |
34 | Сүт және сүт өнімдерін таңбалауға, заттаңба жапсыруға, бөлшектеп орауға арналған жабдық | 8422 40 000 8 |
35 | Сүт және сүт өнімдерінің ыдыстарын және орамаларын өндіруге арналған автоматтандырылған жабдық, оның ішінде полиэтилентерефталат бөтелкелерін өндіруге арналған автомат | 8477 30 000 0 |
36 | Бие /түйе сүтін өңдеуге, құюға, тасымалдауға және сақтауға арналған технологиялық жабдық | 8434 20 000 0 |
37 | Бие/түйе сүтінің және оның өнімдерінің ыдыстарын және орамаларын өндіруге арналған автоматтандырылған жабдық, оның ішінде полиэтилентерефталат бөтелкелерін өндіруге арналған автомат | 8477 30 000 0 |
38 | Бие/түйе сүтін және оның өнімдерін таңбалауға, заттаңба жапсыруға, бөлшектеп орауға арналған жабдық | 8422 40 000 8 |
39 | Бие/түйе сүтін кептіруге арналған лиофильді қондырғылар | 8419 39 000 9 |
40 | Союға арналған технологиялық жабдық | 8438 50 000 0 |
41 | Ішек-қарын цехына және аяқтарын өңдеу цехына арналған жабдық | 8438 50 000 0 |
42 | Өнеркәсіптік салқындатқыш қондырғылар | 8418 69 000 9 |
43 | Ет және ет өнімдерін сылып алуға, өндіруге, бөліп орауға (орама) арналған технологиялық жабдық | 8438 50 000 0 |
44 | Сарқынды сулар флотациясына арналған жабдық | 8421 21 000 9 |
45 | Жануарлардан алынатын қалдықтарды өңдеуге арналған жабдық | 8438 80 990 0 |
46 | Технологиялық жабдықты, арнайы инвентарьды, арнайы жұмыс киімін жууға және дезинфекциялауға арналған жабдық | 8422 20 000 9 |
47 | Ет және ет өнімдерін бөлшектеп орауға (салуға) арналған технологиялық жабдық | 8422 40 000 8 |
48 | Суды көтеріп алуға арналған жел сорғыштары | 8412 80 800 0 |
49 | Фермерлік шаруашылықтардың, сүтті-тауарлы фермалардың жай-күйін бақылауға арналған радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері | 8517 62 000 2 |
50 | Табындық жылқы шаруашылығы, марал шаруашылығы және жануарлардың басқа түрлеріне арналған GPS навигациялық жүйелері | 8526 91 200 0 |
51 | Жануарларды бірдейлендіруді электрондық есепке алу жүйелері (Радиожиілік идентификаторлары) | 8523 52 900 1 |
52 | Қапталмаған ұнды сақтауға және тасымалдауға арналған жабдық | 8438 20 000 0 |
53 | Сірне шығынын өлшеуге арналған құралдар | 9028 20 000 0 |
54 | Электрондық таразы – шикізат және қосалқы өнімдерді мөлшерлеуіш | 8423 30 000 0 |
55 | Жануарларға жемшөп дайындауға арналған машиналар мен механизмдер | 5436100000 |
56 | Инкубаторлар мен брудерлер | 8436210000 |
57 | Құс шаруашылығына немесе инкубаторлар мен брудерлерге арналған жабдықтың бөлшектері | 8436910000 |
58 | Етті немесе құс етін өңдеуге арналған жабдық | 8438500000 |
59 | Жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сұрыптауға немесе колибрлеуге арналған машиналар | 8433600000 |