Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қазанда № 12157 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 50 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 28.03.2016 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27-тармағына, сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 136 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 9977 нөмірмен тіркелген, «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзімді басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
      5.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                             А.Дауылбаев

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының     
2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 108 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың осы Әдістемесі (одан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (одан әрі - қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (одан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;
      2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы) тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі рет «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік қызметке алғашқы рет қабылданған адамдарға тәлімгер болып бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (одан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Мыналар:
      Бас прокуратурада - Бас Прокурор Аппаратының басшысы;
      прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінде –   прокуратура органдары, ведомстволары немесе мекемелерінің тиісті уәкілетті басшысының орынбасарларының бірі комиссия төрағасы болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, прокуратура органдары, ведомстволары немесе мекемелерінің кадр жұмысы бөлімшелерінің (одан әрі – кадр жұмысы бөлімшесі) қызметкері комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына өзіне қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Кадр жұмысы бөлімшесі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Кадр жұмысы бөлімшесі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау өткізуге дейін бір ай бұрын бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Қызметшінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшының бағалау парағын (одан әрі - бағалау парағы) кадр жұмысы бөлімшесінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырған бағалау парағын кадр жұмысы бөлімшесіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысы бөлімшесінің қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акті жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр жұмысы бөлімшесі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы кадр жұмысы бөлімшесінен оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр жұмысы бөлімшесіне жіберіледі.
      16. Кадр жұмысы бөлімшесі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді. 
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Кадр жұмысы бөлімшесі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      мұндағы,
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
      21-дан 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
      33 баллдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Кадр жұмысы бөлімшесі осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Кадр жұмысы бөлімшесі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен мынадай жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің жұмысының тиімділігі бағалау нәтижесінен асып түссе, бұл ретте қызметшінің жұмысының нәтижесін дәлелдейтін құжаттар қоса тіркеледі;
      2) қызметшіні бағалау нәтижесін есептеу кезінде кадр жұмысы бөлімшесімен қателік жіберілген кезде.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Кадр жұмысы бөлімшесі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысы бөлімшесінiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр жұмысы бөлімшесінде сақталады. 

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының прокуратура органына, ведомствосы мен мекемесіне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының прокуратура органы, ведомствосы мен мекемесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді. 

Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен мекемелерінің
«Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың осы Әдістемесінің 1-қосымшасы

Нысан 

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (егер болса):___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________ 

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


БАРЛЫҒЫ  (барлық бағалардың бағасы):



Таныстым: Қызметші Т.А.Ә. (егер болса)
_________________________
күні ____________________
қолы  ___________________

Тікелей басшы  аты-жөні (егер болса)
_________________________________
күні_____________________________
қолы  ___________________________

Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен мекемелерінің
«Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың осы Әдістемесінің 2-қосымшасы

Нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (егер болса): ____________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________ 

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға  (балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)


Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен мекемелерінің
«Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың осы Әдістемесінің 3-қосымшасы

Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

_____________________________________________________________________
       (Қазақстан Республикасы прокуратура органы, ведомствосы мен
                         мекемесінің атауы)

№ р/н

Қызметшінің Т.А.Ә. (егер болса)

Тікелей басшысының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1









     Комиссияның қорытындысы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Тексерілді:

Комиссияның хатшысы:_________________ Күні: ________________________
                        (Т.А.Ә. (егер болса), қолы)
Комиссияның төрағасы:__________________ Күні:_______________________
                          (Т.А.Ә. (егер болса), қолы)
Комиссияның мүшесі:____________________ Күні: ______________________
                        (Т.А.Ә. (егер болса), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" органов, ведомств и учреждений прокуратуры Республики Казахстан

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 108. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 октября 2015 года № 12157. Утратил силу приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 марта 2016 года № 50

      Сноска. Утратил силу приказом Генерального Прокурора РК от 28.03.2016 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан «О Прокуратуре», с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов, ведомств и учреждений прокуратуры Республики Казахстан.
      2. Признать утратившим силу приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 136 «Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов, ведомств и учреждений прокуратуры Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9977, опубликованный в Информационно-правовой системе «Әділет» от 3 июня 2015 года).
      3. Департаменту кадровой работы Генеральной прокуратуры Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет».
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент кадровой работы Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Генеральный Прокурор
      Республики Казахстан                       А.Даулбаев

Утверждена            
приказом             
Генерального Прокурора     
Республики Казахстан      
от 8 сентября 2015 года № 108 

Методика
ежегодной оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса «Б» органов, ведомств и
учреждений прокуратуры Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов, ведомств и учреждений органов прокуратуры Республики Казахстан (далее – Методика) разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов, ведомств и учреждений прокуратуры Республики Казахстан (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей  Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателями комиссий являются:
      в Генеральной прокуратуре - руководитель Аппарата Генерального Прокурора;
      в органах, ведомстве и учреждении прокуратуры – один из заместителей соответствующего уполномоченного руководителя органа, ведомства или учреждения прокуратуры.
      Секретарем Комиссии является сотрудник подразделения кадровой работы Генеральной прокуратуры, органа, ведомства или учреждения прокуратуры Республики Казахстан (далее - подразделения кадровой работы). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Подразделения кадровой работы формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Подразделение кадровой работы уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя (далее - оценочный лист) по форме, согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от подразделения кадровой работы, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в подразделения кадровой работы в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае сотрудником подразделения кадровой работы и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется подразделением кадровой работы не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют лист круговой оценки по форме, согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в подразделения кадровой работы в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Подразделение кадровой работы осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется подразделением кадровой работы не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      33 балла и выше – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Подразделение кадровой работы обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Подразделение кадровой работы предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме, согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки подразделениями кадровой работы при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Подразделение кадровой работы ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае сотрудником подразделения кадровой работы в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в подразделении кадровой работы.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      26. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует органу, ведомству или учреждению прокуратуры Республики Казахстан отменить решение Комиссии.
      27. Информация о принятом решении представляется органом, ведомству или учреждению прокуратуры Республики Казахстан в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

Приложение 1            
к Методике ежегодной оценки    
деятельности административных   
государственных служащих корпуса  
«Б» органов, ведомств и учреждений 
прокуратуры Республики Казахстан  

Форма           

            Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О.(при его наличии) оцениваемого служащего:________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):



Ознакомлен(а):
Служащий
Ф.И.О.(при его наличии)
_______________________
дата
_______________________
подпись _______________________

Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии)

_______________________________
дата
_______________________________
подпись _______________________________

Приложение 2            
к Методике ежегодной оценки    
деятельности административных   
государственных служащих корпуса  
«Б» органов, ведомств и учреждений 
прокуратуры Республики Казахстан  

Форма           

                             Лист круговой оценки

      Ф.И.О.(при его наличии) оцениваемого служащего:________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



Приложение 3            
к Методике ежегодной оценки    
деятельности административных   
государственных служащих корпуса  
«Б» органов, ведомств и учреждений 
прокуратуры Республики Казахстан  

Форма           

               Протокол заседания Комиссии по оценке

_______________________________________________________ (наименование
органа, ведомства или учреждения прокуратуры Республики Казахстан))

№ п/п

Ф.И.О. (при его наличии) служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1









      Заключение Комиссии:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:____________________ Дата: _________________
                (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Председатель Комиссии: _______________Дата: ___________________
                (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Член Комиссии:__________________________ Дата: ________________
                (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)