БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтінім беруші қол қойған, аң аулауды қоспағанда жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі.»;
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 14 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 7 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
№ 18-03/725 бұйрығына қосымша
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
(наименование местного исполнительного органа)
жануарлар дүниесін пайдалануға
|
Жануар түрі/ |
Жыныстық-жас құрамы (қоңыр аю, тұяқты жануарлар және қажет болған жағдайда құс үшін жыныстық жас құрамы)/ |
Саны (дарақ)/ |
Алып қою мерзімі/ |
___ж. «__» _______ с «__» ___ ______г |
Берілген күні / дата выдачи «____» _____________ ________ж./г.
Берген / выдал:_______________________________________________
Атқарушы органның мөрі орны/ Место печати местного исполнительного органа
_____________________________________________________________________
(Жануарлар дүниесін пайдалауға рұқсат алған ұйым толтырады/
заполняется организацией, получившей разрешение на пользование
животным миром)
2. Аңшы/охотник______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) /
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Аңшы куәлігі (сериясы, нөмірі, берілген күні)/
удостоверение охотника (серия, номер, дата выдачи)
_____________________________________________________________________