"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 18-03/725 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 қазанда № 12163 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өтінім беруші қол қойған, аң аулауды қоспағанда жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі.»;
      Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 14 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 7 қыркүйек

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 тамыздағы   
№ 18-03/725 бұйрығына қосымша

Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсаттар беру қағидаларына 
1-қосымша          

Нысан

____________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
(наименование местного исполнительного органа)

жануарлар дүниесін пайдалануға
РҰҚСАТ №_______________
РАЗРЕШЕНИЕ
на пользование животным миром

1. Берілді/выдано:______________________________________________________
(ұйымның атауы және заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру
нөмірі/
наименование организации и бизнес-идентификационный номер
юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии) и
индивидуальный идентификационный номер физического лица)

Аң аулау орны (аңшылық шаруашылығы, учаске)/
место охоты (охотничье хозяйство, участок)
_____________________________________________________________________

Аулау мақсаты: (әуесқойлық (спорттық), кәсіпшілік аң аулау, ұстап алу/
цель изъятия: (любительская (спортивная), промысловая охота, добыча трофея) ________
_____________________________________________________________________

Ұстап аланатын жануарлар дүниесі объектілері / добываемые объекты животного мира

Жануар түрі/
вид животного

Жыныстық-жас құрамы (қоңыр аю, тұяқты жануарлар және қажет болған жағдайда құс үшін жыныстық жас құрамы)/
половозрастной состав (для бурого медведя, копытных животных, и в случае необходимости для дичи)

Саны (дарақ)/
количество (особей)

Алып қою мерзімі/
сроки изъятия




___ж. «__» _______
___ж. «__» _______

с «__» ___ ______г
по «__»___ ______г

Берілген күні / дата выдачи «____» _____________ ________ж./г.

Берген / выдал:_______________________________________________

Атқарушы органның мөрі орны/ Место печати местного исполнительного органа
_____________________________________________________________________
     (Жануарлар дүниесін пайдалауға рұқсат алған ұйым толтырады/
   заполняется организацией, получившей разрешение на пользование
                          животным миром)

2. Аңшы/охотник______________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) /
                   (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Аңшы куәлігі (сериясы, нөмірі, берілген күні)/
удостоверение охотника (серия, номер, дата выдачи)
_____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады