Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 8423 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Салық кодексінің 60-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес салық есебін жүргізу мақсатында дара кәсіпкерлер бастапқы есеп құжаттарын жасайды.
Дара кәсіпкерлердің бастапқы есеп құжаттарын жасауы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары) 2, 3, 4, 5 параграфтарына сәйкес жүргізіледі, онда бастапқы есепке алу құжаттарының жасау, қолма-қол ақшаны қабылдау мен беруге және кассалық құжаттарды ресімдеу, касса кітабын жүргізу және ақшаны сақтау, есепке берілетін соманы есепке алуға қойылатын тәртібі белгіленген.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Дара кәсіпкер салықтық өтінішті Салық кодексінің 75-бабы 2-тармағына сәйкес "Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген) бекітілген нысанда толтырады.";
25-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Салық кодексінің 77-бабы 4-1-тармағына сәйкес нысандары мен жасау қағидалары "Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 271 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11076 болып тіркелген) бекітілген дара кәсіпкерлер жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Дара кәсіпкер "Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10458 болып тіркелген) белгіленген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |