Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 қыркүйектегі № 743 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 561 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2019 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 29-бабының 1-тармағының 8-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті (Қ.Қ. Аманқұлов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 18 қыркүйек


      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 07 қазан



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 743 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттiк оқ-гильза қоймасын құру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк оқ-гильза қоймасын құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 8-5) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібі

      2. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы Қазақстан Республикасының азаматтары мен ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар пайдаланатын азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруынан атылған оқтар мен гильзалардың коллекциясы негізінде қалыптастырылады.

      3. Ойық атыс қаруынан, оның ішінде:

      1) негізгі бөліктері, оқжатары, ұңғы оқпаны жөндеуден өткен, ауыстырылған немесе шаппасы механикалық өңделген;

      2) жеткізуші кәсіпорындар шет елден әкелген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған қару оны сатқанға дейін;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елден сатып алған қаруы оны тіркеу және сақтау мен алып жүруге ресімдеу алдында;

      4) қару иелері сақтайтын және пайдаланатын;

      5) заңды тұлғалар беретін немесе сататын қару оны берер немесе сатар алдында;

      6) Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі қару сақтау мен алып жүруге рұқсат алу немесе ұзарту, жою кезінде;

      7) ойық ұңғылы марапаттық атыс қаруы ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) оны сақтау мен алып жүруге рұқсатты ресімдеу алдында азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруынан атылған бақылаудағы оқтар мен гильзалар мемлекеттік оқ-гильза қоймасының объектілері болып табылады;

      8) жаңадан жасалған, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалып жөнделетін азаматтық және қызметтік қаруды бақылау ату шығарушы кәсіпорында қарудың зауыттық паспортына тиісті жазбалар енгізіле отырып, ІІО-ның азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлінісі қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.

      4. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының коллекциясына калибрi 11,56 миллиметрден асатын ойық атыс қаруынан, тегiс ұңғылы қарудан, пневматикалық және газды қарудан атылған оқтар мен гильзалар орналастырылмайды.

      5. Атуға жататын қару, сондай-ақ атылған оқтар мен гильзалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша қаруды атуды және коллекцияға орналастырылған бақылаудағы оқтарды, гильзаларды тіркеу журналында тіркеледі.

      6. Қаруды бақылау ату ІІО бөліністерінде жедел-криминалистикалық бөліністің қызметкері қару-жарақ, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау, қаржымен қамтамасыз ету қызметтері қызметкерлерінің қатысуымен комиссиялық түрде жүргізеді.

      Комиссия құрамы ІІО-ның уәкілетті басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      7. Азаматтық немесе қызметтік ойық атыс қаруының иесі қаруға бақылау ату жүргізу туралы ІІО-ның бөлінісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      8. Азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруы мен патрондарды ату орнына жеткізуді қару иесі немесе оның өкілі сенімхат негізінде дербес жүзеге асырады.

      9. Азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруын бақылау атуды комиссия өтінішті ІІО-ның азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлінісінде тіркегеннен кейін апта сайын сәрсенбі күні қару иесінің (азаматтық қаруды ату кезінде) немесе сенімхат бойынша иесі өкілінің (қызметтік қару ату кезінде) қатысуымен жүргізеді. Атылған қару ату күні иесіне қайтарылады.

      10. Қару-жарақ қызметінің қызметкері атудан кейін үш данада осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік атыс қаруын бақылау ату актісін ресімдейді. Актінің бiр данасы бақылау-қадағалау немесе қару иесінің жеке ісіне енгізу үшін азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністе қалады, екіншісі қару иесіне беріледі, үшіншісі атылған оқтармен және гильзалармен бірге ІІО қару-жарақ қызметiнде сақталады. Азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруын бақылау ату актісі бес жыл сақталады, одан кейін жойылады.

      11. Қаруды бақылау ату оны сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беру және ұзарту кезінде бес жылда бір рет жүргізіледі.

      12. Қаруды ату тирлерде немесе оқ-гильза ұстағыштармен арнайы жабдықталған үй-жайларда (жедел-криминалистикалық бөліністерде болмаған жағдайда тылдық қамтамасыз ету бөліністерінде) жүргізіледі.

      13. Қаруды бақылау ату кезiнде объектілерді қарудың басқа даналарынан атылған оқтармен және гильзалармен ауыстыру мүмкіндігі болмайды.

      14. Бақылау ату алдында қару-жарақ қызметінің қызметкері қаруды зауыттық және консервациялаушы майларынан тазартады, ұңғысы мен бекітпенің патрон тiреуiшiн сүртедi.

      15. Қарудың әрбiр данасынан кемiнде үш оқ пен үш гильза атылады. Тегiс ұңғылы ұңғыларда ойық қондырмалар, алмалы-салмалы ұңғылар болған жағдайда әрбiр ұңғыдан үш-үштен бақылау оғы мен гильза атылады.

      16. Револьверлерден барабанның әрбiр каморасынан екi-екiден оқ пен гильза атылады. Револьверлерді бақылау ату алдымен қабықшақты, содан кейiн қорғасын оқтармен жарақталған патрондармен жүргізіледі.

      17. Қарудың әрбiр данасының атылған оқтары мен гильзалары жеке берiк полиэтилен пакеттерге салынады, бұл ретте әрбiр оқ пен гильза жұмсақ құрғақ қағазға (мақтаға) оралады. Пакеттiң iшiнде органның атауы, қарудың түрi, моделі, сериясы, нөмiрi мен шыққан жылы, қару иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), ату күнi көрсетiлген бирка жапсырылады. Жазулар "Пакеттер үшiн" деген бедерi бар мөрмен куәландырылады. Содан кейiн пакет толық бiтеледi.

      18. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы коллекцияларының объектілерін сақтау үшін желдеткішпен және күзет-өрт сигнализациясымен жарақталған үй-жай бөлінеді.

      19. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы коллекцияларының объектілерін сақтауға арналған үй-жай қосарланған есiктермен жабдықталады, сыртқысы темiрмен қапталады, iшкiсi – шыбықтың жуандығы кемiнде 15 миллиметр, торшаның өлшемі 60 миллиметр етiп торланған, берік ілмектері бар, терезелерi темiр торлармен жабдықталады.

      20. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы объектілерінің коллекциясы құлыпқа бекітілетін және мөрленетін шкафтарда сақталады.

      21. Азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруынан атылған оқтар мен гильзалардың коллекциялары аумақтық ІІО-лардың қару-жарақ қызметтерінде сақталады.

      22. Оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының коллекцияларынан:

      1) кезекті бақылау атудан кейін;

      2) қаруды жойғаннан кейін алынып қойылады.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Криминалистикалық оқ-гильза қоймасына оқтар мен гильзаларды
ұсыну тәртібі

      23. Оқтар мен гильзаларды қару-жарақ қызметі ІІМ КОГҚ-ға уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған немесе қарудың жоғалғаны, ұрланғаны анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

      24. Тексеріс нәтижелері оның бастамашысына хабарланады.

      25. Бақылаудағы оқтар мен гильзалар ІІМ КОГҚ-да жоғалған, ұрланған қарудың тұрған жері анықталғанға дейін сақталады.

      26. Бұрын жоғалған, ұрланған ойық ұңғылы азаматтық және қызметтіу қару табылған (алып қойылған) немесе ерікті түрде тапсырылған кезде қару-жарақ қызметі үш күндік мерзімде қауіпсіз ату жүргізу үшін жарамдылығын анықтау мақсатында қаруды қарайды және оның із қалдыратын бөлшектерін зерделейді, одан кейін кейіннен ІІМ КОГҚ-ға жолдай отырып, экспериментальдық оқтар мен гильзаларды ату жүргізеді.

      27. Бақылау және экспериментальдық оқтар мен гильзалар қару табылғаны туралы хабарлама алған күннен бастап бес жыл ішінде ІІМ КОГҚ-та сақталады, одан кейін осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес жойылады.

  Мемлекеттік оқ-гильза
қоймасын құру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қаруды атуды және коллекцияға орналастырылған
бақылаудағы оқтарды, гильзаларды тіркеу журналы

р/с

Органның атауы

Қарудың түрі

Қарудың моделі

Қарудың сериясы

Қарудың нөмірі

Шыққан жылы

Атылған оқтар мен гильзалардың саны

Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ату күні

Комиссия құрамы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Мемлекеттік оқ-гильза
қоймасын құру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      _______________________________ бастығына

      (ІІО бөлінісінің атауы)

      _________________________________________

      (қару иесінің немесе заңды тұлға өкілінің

      _________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),

      _________________________________________

      мекенжайын, байланыс

      _________________________________________

      телефондарын көрсету)

      Өтініш

      Сізден саны ________ дана атыс қаруына бақылау ату жүргізуді

      сұраймын.

      _____________________________________________________________________

      (қарудың түрін, моделін, сериясын, нөмірін және шыққан жылын көрсету)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  (қолы)
20 жылғы " "
Мемлекеттік оқ-гильза
қоймасын құру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Атыс қаруын бақылау ату актісі

      Комиссия құрамында ______________________________________ атыс қаруын

      (лауазымын, атағын, тегін, атын, әкесінің атын

      (бар болған жағдайда) көрсету)

      бақылау ату жүргізді:

р/с

Қарудың түрі

Қарудың моделі

Қарудың сериясы

Қарудың нөмірі

Шыққан жылы

Патронның таңбасы

Атылған оқтар мен гильзалардың саны

Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ату күні

Ескертпе
























      Комиссия мүшелері: __________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар (қолы) болған жағдайда)

      Қару иесі: ________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      (қолы) жағдайда)

      20 жылғы " "

Об утверждении Правил формирования Государственной пулегильзотеки

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 сентября 2015 года № 743. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 ноября 2015 года № 12245. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 561 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 20.06.2019 № 561 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 8-5) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 30 декабря 1998 года "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования Государственной пулегильзотеки.

      2. Оперативно-криминалистическому департаменту Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Аманкулов К.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      5) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Жакупова Р.Т. и Оперативно-криминалистический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Аманкулов К.К.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


генерал-полковник полиции

К. Касымов


      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      ____________ А. Мамытбеков

      18 сентября 2015 г.


      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр национальной

      экономики Республики Казахстан

      _______________ Е. Досаев

      7 октября 2015 г.


  Утверждены
приказом Министра внутренних
дел Республики Казахстан
от 5 сентября 2015 года № 743

Правила
формирования Государственной пулегильзотеки
1. Общие положения

      1. Правила формирования Государственной пулегильзотеки (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-5) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия".

2. Порядок формирования Государственной пулегильзотеки

      2. Государственная пулегильзотека формируется на основе коллекций пуль и гильз, отстрелянных из нарезного огнестрельного гражданского и служебного оружия, используемого гражданами Республики Казахстан и юридическими лицами с особыми уставными задачами.

      3. Объектами Государственной пулегильзотеки являются контрольные пули и гильзы, отстрелянные из нарезного огнестрельного гражданского и служебного оружия, в том числе:

      1) прошедшего ремонт его основных частей, патронника, канала ствола, замену или механическую обработку бойка;

      2) ввезенного предприятиями-поставщиками из-за границы и предназначенного для реализации на территории Республики Казахстан до его реализации;

      3) приобретенного гражданами Республики Казахстан за границей перед его регистрацией и оформлением разрешения на хранение и ношение;

      4) хранящегося и используемого владельцами оружия;

      5) передаваемого или продаваемого юридическими лицами – перед передачей или продажей;

      6) принадлежащего гражданам Республики Казахстан – при получении или продлении разрешения на хранение и ношение, уничтожении;

      7) наградного огнестрельного оружия с нарезным стволом перед оформлением в органе внутренних дел (далее – ОВД) разрешения на его хранение и ношение;

      8) контрольные отстрелы вновь изготавливаемого, а также переделываемого ремонтируемого в заводских условиях гражданского и служебного оружия производятся на предприятиях – изготовителях в присутствии сотрудника подразделения по контролю в сфере оборота гражданского и служебного оружия ОВД с внесением соответствующих записей в заводские паспорта на оружие.

      4. В коллекции Государственной пулегильзотеки не помещаются пули и гильзы, отстрелянные из огнестрельного оружия калибра более 11,56 миллиметров, гладкоствольного оружия, пневматического и газового оружия.

      5. Подлежащее отстрелу оружие, а также отстрелянные пули и гильзы регистрируются в журнале регистрации отстрела оружия и контрольных пуль, гильз, помещенных в коллекцию по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      6. Контрольный отстрел оружия производится в подразделениях ОВД комиссионно сотрудником оперативно-криминалистического подразделения с участием сотрудников служб вооружения, по контролю в сфере оборота гражданского и служебного оружия, финансового обеспечения.

      Состав комиссии утверждается приказом уполномоченного руководителя ОВД.

      7. Владелец нарезного огнестрельного гражданского или служебного оружия обращается с заявлением по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам в подразделение ОВД о проведении контрольного отстрела оружия.

      8. Доставка к месту отстрела нарезного огнестрельного гражданского и служебного оружия и патронов осуществляется владельцем оружия или его представителем на основе доверенности самостоятельно.

      9. Контрольный отстрел нарезного огнестрельного гражданского и служебного оружия производится комиссией после регистрации заявления в подразделении ОВД еженедельно по средам в присутствии владельца оружия (при отстреле гражданского оружия) или представителя владельца по доверенности (при отстреле служебного оружия). Отстрелянное оружие в день отстрела возвращается владельцу.

      10. Сотрудник службы вооружения после отстрела оформляет акт контрольного отстрела нарезного огнестрельного гражданского и служебного оружия по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам в трех экземплярах. Один экземпляр акта передается в подразделение по контролю в сфере оборота оружия для внесения в контрольно-наблюдательное или личное дело владельца оружия, второй передается владельцу оружия, третий хранится вместе с отстрелянными пулями и гильзами. Акт контрольного отстрела нарезного огнестрельного гражданского и служебного оружия хранится пять лет, после чего уничтожается.

      11. Контрольный отстрел оружия производится один раз в пять лет.

      12. Контрольный отстрел оружия производится в тирах или специально оборудованных помещениях (подразделениях тылового обеспечения, в случае отсутствия оперативно-криминалистических подразделениях) в пулегильзоулавливатели.

      13. При контрольном отстреле оружия исключается возможность подмены объектов пулями и гильзами, отстрелянными из других экземпляров оружия.

      14. Перед контрольным отстрелом сотрудник службы вооружения очищает оружие от заводской и консервирующей смазки, протирает ствол и патронный упор затвора.

      15. Из каждого экземпляра оружия отстреливается не менее трех пуль и трех гильз. При наличии нарезных вставок в гладкоствольные стволы, сменных стволов отстреливается по три контрольных пули и гильзы из каждого ствола.

      16. Из револьверов отстреливается по две пули и гильзы из каждой каморы барабана. Контрольный отстрел револьверов производится сначала патронами, снаряженными оболочечными, а затем свинцовыми пулями.

      17.Отстрелянные контрольные пули и гильзы каждого экземпляра оружия упаковываются в отдельные прочные полиэтиленовые пакеты, при этом каждая пуля и гильза заворачивается в мягкую сухую бумагу (вату). Внутрь пакета помещается бирка, на которой указывается наименование органа, вид, модель, серия, номер и год выпуска оружия, фамилия, имя, отчество (при его наличии) владельца оружия, дата отстрела. Надписи заверяются оттиском печати "Для пакетов". После чего пакет запаивается по горловине.

      18. Для хранения объектов коллекций Государственной пулегильзотеки отводится оснащенное вентиляцией и охранно-пожарной сигнализацией помещение.

      19. Помещение для хранения объектов коллекций Государственной пулегильзотеки оборудуются двойными дверями, наружная обивается железом, внутренняя – решетчатая с толщиной прута не менее 15 миллиметров, размер ячейки 60 миллиметров, с прочными запорами, окна оборудуются железными решетками.

      20. Коллекция объектов Государственной пулегильзотеки хранится в запираемых на замок и опечатываемых шкафах.

      21. Коллекции пуль и гильз, отстрелянных из нарезного гражданского и служебного огнестрельного оружия, хранятся в службах вооружения территориальных ОВД.

      22. Пули и гильзы изымаются из коллекций Государственной пулегильзотеки:

      1) после очередного контрольного отстрела;

      2) после уничтожения оружия.

3. Порядок предоставления пуль и гильз
в Криминалистическую пулегильзотеку
Министерства внутренних дел Республики Казахстан

      23. Пули и гильзы предоставляются службой вооружения ОВД в КПГТ МВД по запросу уполномоченных государственных органов в течение пяти рабочих дней со дня получения запроса или установления факта утраты, хищения оружия.

      24. Результаты проверки сообщаются ее инициатору.

      25. Контрольные пули и гильзы хранятся в КПГТ МВД до установления местонахождения утерянного, похищенного оружия.

      26. При обнаружении (изъятии) или добровольной сдаче ранее утерянного, похищенного гражданского и служебного оружия с нарезным стволом службой вооружения в трехдневный срок производится осмотр оружия и изучение его следообразующих деталей с целью определения пригодности для безопасного производства выстрела, после чего производится отстрел экспериментальных пуль и гильз с дальнейшим направлением в КПГТ МВД.

      27. Контрольные и экспериментальные пули и гильзы хранятся в КПГТ МВД в течение пяти лет со дня получения сообщения об обнаружении оружия, после чего уничтожаются в соответствии с пунктом 24 настоящих Правил.

  Приложение 1
к Правилам формирования
Государственной пулегильзотеки

      Форма

      Журнал

      регистрации отстрела оружия и контрольных пуль, гильз,

      помещенных в коллекцию

№ п/п

Наименование органа

Вид оружия

Модель оружия

Серия оружия

Номер оружия

Год выпуска

Количество отстрелянных пуль и гильз

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) владельца

Дата отстрела оружия

Состав комиссии

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Приложение 2
к Правилам формирования
Государственной пулегильзотеки

      Форма

      Начальнику ____________________________

      (наименование подразделения ОВД)

      От ____________________________________

      (указать Ф.И.О (при его наличии), адрес,

      _______________________________________

      контактные телефоны владельца

      _______________________________________

      оружия или представителя

      _______________________________________

      юридического лица)

      Заявление

      Прошу Вас произвести контрольный отстрел огнестрельного оружия

      в количестве ________ штук

      _____________________________________________________________________

      (указать вид, модель, серию, номер и год выпуска оружия)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________ фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      (подпись)

      "__"______________ 20__год

  Приложение 3
к Правилам формирования
Государственной пулегильзотеки

      Форма

      Акт контрольного отстрела огнестрельного оружия

      Комиссия в составе _________________________________ произвела

      (указать должность, звание, фамилия, имя, отчество (при его

      наличии)

      контрольный отстрел огнестрельного оружия:

№ п/п

Вид оружия

Модель оружия

Серия оружия

Номер оружия

Год выпуска

Маркировка патрона

Количество отстрелянных пуль и гильз

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) владельца

Дата отстрела

примечание
























      Члены комиссии: ____________ фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      (подпись)

      Владелец оружия:____________ фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      (подпись)

      "__"______________ 20__год