Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 19-3/913 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 қарашада № 12309 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2016 № 343 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 90-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 27 қазан

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 13 қазан   
№ 19-3/913 бұйрығымен   
бекітілген         

Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексiнің 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу тәртiбiн айқындайды.
     2. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын (бұдан әрі - СҚА) ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      3. Сумен жабдықтаудың жерасты және жер үсті көздерінің СҚА-сын белгілеу үшін мына деректкрдің негізінде шаруашылық-ауыз суға жарамдылығы туралы су объектісінің (жер үсті және жерасты) жай-күйін бағалау жүргізіледі;
      жерасты көзі үшін:
      1) су көзінің су сапасы;
      2) сумен жабдықтау көзінің орналасқан аумағының жалпы гидрогеологиялық сипаттамасы, таңдалған су тұтқыш белдеу түрі бойынша (артезиандық – қысымды, топырақтық – қысымсыз) деректер, оның шатырының тереңдігі (абсолютті белгі), күштілігі, сусыйымдылық жынысы, су тұтқыш белдеудің қоректену және босатылу жағдайлары мен орны, белдеудегі судың молдығы (пайдаланылатын қоры), су белдеуінің сумен жабдықтау және басқа мақсатта қазіргі және келешекте пайдаланылуы;
      3) ауданның (кен орнының) гидрогеологиялық жағдайлары туралы жалпы мәліметтер, сумен жабдықтау үшін ұсынылатын су тұтқыш қабаттың қоректену жағдайлары, сужинау ауласының топографиялық, жер қыртысы және санитариялық сипаттамасы, іске қосылатын су қабатының сипаттамасы (литологиялық құрамы, қуаты, бөгеу сипаттамасы су алуды есептеудегі судың динамикалық деңгейі);
      4) қабаттардың, бөгейтін қабаттардың өткізгіштік деңгейі, қоректену аймағының су сапасына әсер ету мүмкіндігі туралы деректер;
      5) су жинағышқа іргелес орналасқан елді мекеннің санитариялық сипаттамасы; су жинағыштан бастап ықтимал ластану көздеріне: жұмыс істемейтін ұңғымаларға, сіңіргіш шұңқырларға, ойылып түскен жерлерге, құдықтарға, ескі тау-кен орындарына, жинауыштарға дейінгі орналасу мен арақашықтық.
      жерүсті көзі үшін:
      1) су көзінің су сапасы;
      2) гидрологиялық деректер: су жинағыштың қоректену бассейнінің ауданы, үстіңгі қабаттағы ағын режимі, ең жоғарғы, ең төменгі және орташа шығыстар, су жинау орнындағы судың жылдамдығы мен деңгейі, мұзқұрсау мен ашудың орташа мерзімдері, көздегі күтілетін шығыс, көтерілу-қайту ағыстарының сипаттамасы жөніндегі деректер;
      3) бассейннің су жинағыш тұсында су сапасына әсер ететін бөлігіндегі жалпы санитариялық сипаттамасы: бассейннің геологиялық құрылымының сипаттамасы, жер қыртысы, өсімдіктер ормандардың, жыртылатын жерлердің, елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындардың бар жоқтығы (олардың саны, мөлшерлері, орналасуы, өндіріснің сипаты);
      4) су көзіндегі су сапасының нашарлауына әсер ететін немесе әсер ете алатын себептер, су көзінің орналасы ауданындағы қатты және сұйық қалдықтарды жою тәсілдері мен орындары; суқойманы ластайтын тұрмыстық, өндірістік сарқындылардың бар болуы, жіберілетін сарқынды сулардың көлемі, оларды тазарту қондырғылары мен орналасқан жерлері; ағындыларды жіберу орнынан бастап су жинағышқа дейінгі арақашықтық, су көзінің ластануына әсер ететін басқа себептердің (кеме қатынасы, ағаш ағызу, суат, қыста қоқысты мұзға тастау, шомылу, су спорты, мелиорациялық жұмыстар, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану) болуы;
      5) суқойманың өздігінен тазару қасиетінің сипаттамасы;
      6) айдын мен суқойма көлемі, пайдалы және «өлі» көлем;
      7) суқоймадағы су пайдалану мен өңдеу режимі;
      8) суқойма жоспары, оның ең жоғарғы және ең төменгі тереңдігі, түбінің, жағалаулардың, тереңдік шөгінділерінің сипаттамасы, көктенудің, шөп басудың, лайланудың бар болуы;
      9) күшті желдер мен ағыстардың бағыты;
      10) су объектісіндегі судың қозғалысы жылдамдығы;
      11) СҚА жекелеген белдеулері бойынша шекараларын анықтау;
      12) көздіндегі суды өңдеу қажеттілігі туралы деректер (залалсыздандыру, мөлдірлеу, темірсіздендіру және басқалар);
      13) бірдей қоректену аумағы бар аралас су жинағыштар туралы деректер (орналасуы, өнімділігі, су сапасы);
      14) биомелиорация жұмыстарын өткізу жоспары.
      4. Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.
      5. Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы оның «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) санитарлық қағидаларда айқындалған ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы оның табиғи суларда неғұрлым жиі кездесетін зиянды химиялық заттар, антропогендік жынысты заттар құрамының көрсеткіштеріне сәйкес келуімен айқындалады.
      6. Ауыз судың сапасы ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және жүйелеріндегі су сапасының Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
      7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
      8. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі судың химиялық құрамының кеңейтілген зерттеулерінің нәтижелерін әрбір сумен жабдықтау жүйесі бойынша талдайды және халықтың ауыз суды пайдалануының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын және аумақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, су құрамындағы химиялық заттардың халық денсаулығына төндіретін әлеуетті қаупін айқындайды.

Об утверждении Правил отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 октября 2015 года № 19-3/913. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2015 года № 12309. Утратил силу приказом Заместителя Премьер - Министра Республики Казахстан Министр сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 343

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер - Министра РК Министр сельского хозяйства РК от 28.07.2016 № 343.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 90 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения.

      2. Комитету по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________Е. Досаев

      27 октября 2015 года

  Утверждены
приказом Министра
сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 13 октября 2015 года
№ 19-3/913

Правила
отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 90 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и определяют порядок отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения.

      2. Отнесение водного объекта к источникам питьевого водоснабжения осуществляется с учетом его надежности и возможности организации зон санитарной охраны (далее - ЗСО).

      3. Для установления ЗСО подземного и поверхностного источников водоснабжения, проводится оценка состояния водного объекта (поверхностного и подземного) о пригодности для хозяйственно-питьевого назначения на основании следующих данных:

      для подземного источника:

      1) качество воды водоисточника;

      2) общая гидрогеологическая характеристика территории расположения источника водоснабжения, данные по типу выбранного водоносного горизонта (артезианский-напорный, грунтовый-безнапорный), глубине (абсолютная отметка) залегания его кровли, мощности, водовмещающей породы, условия и места питания и разгрузки водоносного горизонта, водообильность горизонта (эксплуатационный запас), о существующем и перспективном использовании горизонта для водоснабжения и других целей;

      3) общие сведения о гидрогеологических условиях района (месторождения), условия питания водоносных слоев, предлагаемых к использованию для водоснабжения, топографическая, почвенная и санитарная характеристика участка водозабора, характеристика водоносного горизонта, намечаемого к эксплуатации (литологический состав, мощность, характер перекрытия, динамический уровень воды при расчете водоотбора);

      4) данные о степени проницаемости слоев, перекрывающих пластов, о возможности влияния зоны питания на качество воды;

      5) санитарная характеристика местности, непосредственно прилегающей к водозабору, расположение и расстояние от водозабора до возможных источников загрязнения: брошенных скважинах, поглощающих воронках, провалах, колодцах, заброшенных горных выработках, накопителях;

      для поверхностного источника:

      1) качество воды водоисточника;

      2) гидрологические данные: площадь бассейна питания водозабора, режим поверхностного стока, максимальные, минимальные и средние расходы, скорость и уровень воды в месте водозабора, средние сроки ледостава и вскрытия, предполагаемый расход в источнике, данные по характеристике приливно-отливных течений;

      3) общая санитарная характеристика бассейна в той его части, которая может влиять на качество воды у водозабора: характер геологического строения бассейна, почва, растительность, наличие лесов, возделываемых земель, населенных пунктов, промышленные предприятия (их число, размеры, расположение, характер производства);

      4) причины, влияющие или способные влиять на ухудшение качества воды в водоисточнике, способы и места удаления твердых и жидких отбросов в районе нахождения источника, наличие бытовых, производственных стоков, загрязняющих водоем, количество отводимых сточных вод, сооружения для их очистки и места их расположения, расстояние от места спуска стоков до водозабора, наличие других возможных причин загрязнения источника (судоходство, лесосплав, водопой, зимние свалки на лед, купание, водный спорт, мелиоративные работы, использование удобрений и ядохимикатов в сельском хозяйстве);

      5) характеристика самоочищающей способности водоема;

      6) площадь зеркала и объем водохранилища, полезный и "мертвый" объем;

      7) режим использования и обработки воды в водохранилище;

      8) план водохранилища, его максимальная и минимальная глубина, характер дна, берегов, донных отложений, наличие цветения, зарастания, заиления;

      9) направление господствующих ветров и течений;

      10) скорость движения воды водного объекта;

      11) расчеты границы ЗСО по отдельным ее поясам;

      12) данные о необходимости обработки воды источника (обеззараживание, осветление, обезжелезивание и другие);

      13) данные о смежных водозаборах, имеющих ту же область питания (местоположение, производительность, качество воды);

      14) план проведения работ по биомелиорации.

      4. Питьевая вода должна быть безопасна в эпидемическом и радиационном отношении, безвредна по химическому составу, и иметь благоприятные органолептические свойства.

      5. Безвредность питьевой воды по химическому составу определяется ее соответствием показателям содержания вредных химических веществ, наиболее часто встречающихся в природных водах, веществ антропогенного происхождения, определенным в Санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, местам водозабора для хозяйственно-питьевых целей, хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования и безопасности водных объектов", утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 марта 2015 года № 209 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10774) (далее – Санитарные правила).

      6. Качество воды водных объектов, отнесенных к источникам питьевого водоснабжения обеспечивается посредством проведения контроля качества воды в источниках и системах питьевого водоснабжения на соответствие Санитарным правилам и гигиеническим нормативам.

      7. Санитарно-эпидемиологическая экспертиза, в части санитарно-эпидемиологических лабораторных исследований, проводится государственными организациями санитарно-эпидемиологической службы.

      8. Территориальное подразделение ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения анализирует результаты расширенных исследований химического состава воды по каждой системе водоснабжения и с учетом оценки санитарно-гигиенических условий питьевого водопользования населения и эпидемиологической обстановки на территории определяет потенциальную опасность присутствующих в воде химических веществ для здоровья населения.