"Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12342 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 1433 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 15.11.2017 № 1433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9259 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар";

      Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 601 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 7 наурыздағы
№ 100 бұйрығымен
бекітілген

Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының
орналасқан жеріне және жабдықталуына
қойылатын талаптар

      1. Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қызметтік үй-жайдың орналасқан жері және жабдықталуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қaуiпciздiгi қағидаларының сақталуымен жүзеге асырылады.

      3. Қызметтік үй-жай жеке тұрған ғимараттарда немесе ғимаратқа жапсарлас салынған бейімделген үй-жайларда орналасады. Бөлек кіру есігі болған жағдайда, қызметтік үй-жайлардың тұрғын үй ғимараттарында орналасуына рұқсат етіледі. Қызметтік үй-жайлардың ғимараттардың жертөлесінде орналасуына жол берілмейді. Қызметтік үй-жайға кірген кезде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустардың болуы қажет.

      4. Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайы жеке сот орындаушысының қызметі үшін анықталған атқарушы округтың аумағында еркін қатынау үшін ашық және азаматтарды қабылдау үшін жарамды жерде болады.

      Жеке сот орындаушысының жұмыс уақыты мен қабылдау сағаты көрсетілген сыртқы маңдайша жазу қызметтік үй-жайға кіретін есікке орналастырылады.

      5. Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайы жеке сот орындаушысының кабинетінен, азаматтарды күту, атқарушылық iс жүргiзулерді сақтайтын үй-жайлардан тұрады.

      Атқарушылық iс жүргiзулерді сақтауға арналған жеке үй-жай болмағанда, атқарушылық iс жүргiзулерді жеке сот орындаушысының кабинетінде жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.

      Жеке сот орындаушысының лицензиясы азаматтарға қол жетімді жерде орналастырылады.

      6. Басқа жеке сот орындаушыларымен бір атқарушылық округте ортақ қызметтік үй-жайда қызметін жүзеге асыратын жеке сот орындаушысы өз өкілеттіктерін өз атынан атқарады.

      7. Қызметтік үй-жайдың алаңы қажетті кеңсе жиһазы мен жабдықтың еркін орналасуын қамтамасыз етеді және бір жеке сот орындаушысына 12 м2 құрайды.

      8. Жеке сот орындаушысының жұмыс орнына: кеңсе үстелі, компьютер не ноутбук, принтер кіреді. Қызметтік үй-жайда көшіру аппаратының және сканердің болуы қажет. Принтер, көшіру аппараты және сканер осы техниканың функцияларын көздейтін бір жабдыққа жинақталуы мүмкін. Үй-жайда құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды сақтауға арналған сейфтің болуы қажет.

      9. Жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылған талаптар жеке сот орындаушыларының кеңсесіне қолданылады.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 100 "Об утверждении требований к местонахождению и оборудованию конторы частного судебного исполнителя"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 601. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 декабря 2015 года № 12342. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 15 ноября 2017 года № 1433.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 15.11.2017 № 1433 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 11) статьи 167 Закона Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 100 "Об утверждении требований к местонахождению и оборудованию конторы частного судебного исполнителя" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9259, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" от 11 апреля 2014 года) следующее изменение:

      наименование приказа изложить в новой редакции:

      "Требования к месту нахождения и оборудованию служебного помещения частного судебного исполнителя";

      Требования к местонахождению и оборудованию служебного помещения частного судебного исполнителя изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства юстиции Республики Казахстан Бекетаева М.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр юстиции


Республики Казахстан

Б. Имашев


  Приложение
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 601
Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра юстиции
Республики Казахстан
от 7 марта 2014 года № 100

Требования
к месту нахождения и оборудованию
служебного помещения частного судебного исполнителя

      1. Требования к месту нахождения и оборудованию служебного помещения частного судебного исполнителя (далее – Требования) разработаны в соответствии с подпунктом 11) статьи 167 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей".

      2 Место нахождения и оборудование служебного помещения осуществляется с соблюдением Правил пожарной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 09 октября 2014 года № 1077.

      3. Служебное помещение размещается в отдельно стоящих зданиях или в приспособленных помещениях, встроенных в здания. Допускается размещение служебных помещений в жилых зданиях, при наличии отдельного входа. Не допускается размещение служебных помещений в подвалах здания. При входе в служебное помещение необходимо наличие пандусов для людей с ограниченными физическими возможностями.

      4. Служебное помещение частного судебного исполнителя находится на территории исполнительного округа, определенного для деятельности частного судебного исполнителя, в открытом для свободного доступа месте и пригодна для приема граждан.

      Вывеска с указанием времени работы и часов приема частного судебного исполнителя размещаются при входе в служебное помещение.

      5. Служебное помещение состоит из кабинета частного судебного исполнителя, помещения для ожидания граждан, помещения для хранения исполнительных производств.

      При отсутствии отдельного помещения для хранения исполнительных производств, их хранение допускается в запираемых металлических шкафах в кабинете частного судебного исполнителя.

      В доступном для граждан месте размещается лицензия частного судебного исполнителя.

      6. Частный судебный исполнитель, осуществляющий деятельность в одном и том же исполнительном округе с другими частными судебными исполнителями в общем служебном помещении, исполняет свои полномочия от своего имени.

      7. Площадь служебного помещения обеспечивает свободное размещение офисной мебели и оборудования и составляет не менее 12 м2 на одного частного судебного исполнителя.

      8. Рабочее место частного судебного исполнителя включает: офисный стол, компьютер либо ноутбук, принтер. В служебном помещении необходимо наличие копировального аппарата и сканера. Допускается совмещение принтера, копировального аппарата и сканера в одно оборудование, предусматривающее функции данной техники. Для хранения документов, печатей и штампов в помещении необходимо наличие сейфа.

      9. Требования установленные к месту нахождения и оборудованию служебного помещения частного судебного исполнителя распространяются на контору частных судебных исполнителей.