Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2016 № 630 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті мемлекеттік мекемелер қазынашылық органдарынан ай сайын алады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөнінде қалыптастырылған жиынтық есептерді есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша АЖ арқылы ұсынылатын бюджеттік есептілік құрамында жібереді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайын қазынашылық органдарынан есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша № 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті алады, оны қолмен және елтаңбалы мөр бедерімен растайды және оны есеп құрамында бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға береді.
"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және мемлекеттiк мекемелер № 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысанын дербес қалыптастырады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Есептердегі кредиторлық және дебиторлық берешек өткен жылдардың берешегі мен ағымдағы жылдың берешегі болып бөлінеді.
Өткен жылдардың берешегі – ағымдағы жылдың алдындағы жылдары пайда болған берешек.
Кредиторлық берешек туралы есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдар берешегінің жағдайы және ағымдағы жылы оның бір бөлігін өтеген жағдайда есепті күнге осы берешектің қалдығы тіркеледі.
Дебиторлық берешек туралы есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдар дебиторлық берешегінің және ағымдағы қаржы жылында оның бір бөлігін өтеген немесе өндіріп алған жағдайда есепті күнгі осы берешек қалдығының жағдайы көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың берешегі – ағымдағы жылы туындаған және есепті күнге қалыптасқан берешек.
Кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есептер есепті күнгі бухгалтерлік есептің деректеріне негізделеді.
ДБ-Б және КБ-Б нысандары бойынша есептерге бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін бюджеттік кредиттер, трансферттер сомасы енгізілмейді, сондай-ақ бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек, пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек және 1420 "Болашақ кезеңдердің шығыстары" шотында көрсетілетін болашақ кезеңдердің шығыстары енгізілмейді.
Есептер кіші бағдарлама, бағдарлама, мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша аралық қорытындыларды қамтуы тиіс.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп былайша толтырылады:
1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;
2-5-бағандарда функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік толтырылады.
6-бағанда 1-5-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін Бюджет кодексінің 26-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі.";
7-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары көрсетіледі;
8-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегі көрсетіледі. 8-бағанда көрсетілетін кредиторлық берешек сомасы, қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермеуі тиіс;
9-бағанда ағымдағы қаржы жылы берешектің бір бөлігін өтегеннен кейін өткен жылдардың кредиторлық берешегінің қалдығы көрсетіледі;
10-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі;
11-бағанда есепті күнге қалыптасқан жалпы кредиторлық берешек көрсетіледі (9 және 10-бағандардың сомасы);
12-бағанда төлеу мерзiмi әлі басталмаған мiндеттемелер бойынша берешек сомасы көрсетiледi;
13-бағанда қуыну мерзiмi өткен кредиторлық берешек сомасы көрсетiледi (берешектің қуыну мерзімінің өтуі ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады);
14-бағанда төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша берешек сомасын (12-баған) шегергендегі есепті күнге қалыптасқан берешектің сомасы көрсетіледі (11-баған);
15-бағанда бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық жоспарына кредиторлық берешек сомасының пайыздық қатынасы көрсетіледі.";
56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.
57. Бюджет қаражатының еркін қалдықтары – бұл:
1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және өтеуге;
2) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау және беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының қабылданған міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға;
3) аяқталу мерзімі Бюджет кодесінің 157-бабы 1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;
4) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға;
5) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төменгі көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруға;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражат бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігін қайтаруға бөлінгеннен кейін жыл басындағы бюджет қаражатының қалдығы.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға:
1) есепті айдағы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер – бюджет түсімдерін санаттары, сыныптары, қосымша сыныптары мен бюджет түсімдерін жіктеу ерекшелігі бойынша және бюджет шығыстарын функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша толық көлемде электрондық деректер базасы түрінде есептіден кейінгі айдың екінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) есепті жылғы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып электрондық дерекқор түрiнде есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өз билігіндегі есеп көрсеткіштерін жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы ұсынылған деректермен салыстырып тексеру жүргізеді.
Бұл ретте осы Қағидалардың 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджет қаражаты түсімдерінің, шығыстарының және қалдықтарының сомасын салыстыру актісі жасалады. Содан кейін алшақтық себептерін анықтау және оларды жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.";
7, 8, 9, 10, 16, 17, 18 және 22-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
КБ-Б-нысаны
Кредиторлық берешек туралы есеп
__________________________________
20________ жылға арналған
Мемлекеттік мекеме____________________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі
Кезеңділігі: – тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың тенге
Бюджеттің түрі: ___________________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | Функционалдық топ | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелігі | Атауы | Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Барлығы берешек | |||||||
өткен жылдың берешегі | ағымдағы жылдың берешегі | берешек жиыны (9 б.+10 б.) | оның ішінде | Берешектің барлығы (11 б. – 12 б.) | Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына кредиторлық берешек, % (14-б.:7-б.)* | ||
жылдың басына | ағымдағы жылғы өтеуді ескергенде қалдығы | төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша берешек сомасы | Қуыным мерзімі аяқталған берешек сомасы | ||||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Жергілікті атқарушы
органның басшысы ___________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
**Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
**Деректерді жасауға жауапты
құрылымдық бөлімшенің
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________ __________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
* бағанды бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдар ғана
толтырады
** ведомствоның қолтаңбасы тек республикалық бюджеттің
нысандары үшін көзделген
КБ-Ө-нысаны
Кредиторлық берешек туралы есеп
__________________________________
20________ жылға арналған
Мемлекеттік мекеме_______________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың тенге
Бюджеттің түрі: _________________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | Функционалдық топ | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ақылы қызмет / басқа коды | Ақылы көрсетілетін қызметтер мен өзге де көздердің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Барлығы берешек | |||||
Өткен жылдар берешегі | Ағымдағы жылдың берешегі | Жиыны (8б.+9б.) | Оның ішінде | ||
жылдың басына | ағымдағы жылғы өтеуді ескергенде қалдығы | төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша берешек сомасы | қуыным мерзімі аяқталған берешек сомасы | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жергілікті атқарушы
органның басшысы ___________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
*Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
*Деректерді жасауға жауапты
құрылымдық бөлімшенің
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________ __________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
* ведомствоның қолтаңбасы тек республикалық бюджеттің нысандары
үшін көзделген
ДБ-Б-нысаны
Дебиторлық берешек туралы есеп
________________________________
20________ жылға арналған
Мемлекеттік мекеме _______________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың тенге
Бюджеттің түрі: ___________________________
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі | Функционалдық топ | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелік | Атауы | Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Барлығы берешек | ||||||||
өткен жылдардың берешегі | ағымдағы жылдың берешегі | Жиыны (11б+12б.) | Оның ішінде | |||||
Жыл басына | Ағымдығы жылы өтелген берешек сомасы | Ағымдағы жылы өтелгенін ескергендегі берешек (8б - 9б-10-б) | ||||||
Аванстық төлем сомасы (алдын ала төлеу) | Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарына аванстық төлемдер сомасының (асыра төлеу) қатынастары 14-б.:7-б.%,* | қуыным мерзімі өткен берешек сомасы | ||||||
бюджеттің кірісіне аударылғаны | өзге негіздемелер бойынша | |||||||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Жергілікті атқарушы
органның басшысы ___________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
**Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
**Деректерді жасауға жауапты
құрылымдық бөлімшенің
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________ __________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
* бағанды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар ғана
толтырады
** ведомствоның қолтаңбасы тек республикалық бюджеттің
нысандары үшін көзделген
ДБ-Ө-нысаны
Дебиторлық берешек туралы есеп
________________________________
20_________ жылға арналған
Мемлекеттік мекеме _______________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың тенге
Бюджеттің түрі: _______________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | Функционалдық топ | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ақылы қызмет/басқа көзлер коды | Ақылы көрсетілетін қызметтер мен өзге де көздердің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Барлығы берешек | |||||||
өткен жылдар берешегі | ағымдағы жылдың берешегі | Жиыны (10б+11б) | Оның ішінде | ||||
жыл басына | ағымдағы жылы өтелген берешек сомасы | ағымдағы жылы өтелгенін ескергендегі берешек (7б- 8б- 9б) | |||||
аванстық төлем сомасы (алдын ала төлеу) | қуыным мерзімі өткен берешек сомасы | ||||||
бюджеттің кірісіне аударылғаны | өзге негіздемелер бойынша | ||||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Жергілікті атқарушы
органның басшысы ___________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
*Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
*Деректерді жасауға жауапты
құрылымдық бөлімшесінің
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________ __________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
* ведомствоның қолтаңбасы тек республикалық бюджеттің нысандары
үшін көзделген
нысан
Бюджет қаражаты есебінен кредиторлық берешектің қалыптасу
себептері туралы ақпарат
20 ___ жылға ______________ арналған жағдай бойынша
Мемлекеттік мекеме _______________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың тенге
Бюджеттің түрі: _________________________
Әкімшілік | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелері | Атауы | Кредиторлық берешегінің, барлығы | олар бойынша төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша | Расталған құжаттарды кеш беруге байланысты | тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізу бойынша өнім берушілердің шартты міндеттемелерді орындамауына байланысты | Салыстыру актілері бойынша анықталған берешек | Төлемдер жөніндегі жоспар бойынша қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты | Басқа қарыз (6б - 7б - 10б- 11б - 12б – 13б - 14б) | Кредитторлық берешектің қалыптасуының өзге себептері | |||
Барлығы | оның ішінде | ||||||||||||||
құрылыс және реконструкциялау бойынша 5% төлемді ұстау | жұмыс берушілердің жалақысы және олардан ұстау, жарна және стипендиялар бойынша | ||||||||||||||
тарифтің көтерілуіне байланысты | басқалары | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________ __________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
*Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
*Деректерді құруға жауапты
құрылымдық бөлімшенің
басшысы _______________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
* ведомствоның қолтаңбасы тек республикалық бюджеттің нысандары
үшін көзделген
нысан
20___ жылғы жағдай бойынша
өзге қаражат есебінен, сондай-ақ жетіспеушіліктер мен
талан-таражға салу нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен
пайда болған берешектің пайда болу туралы ақпарат себептері
Мемлекеттік мекеме ________________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың тенге
Бюджеттің түрі: ________________________
Әкімшілігі | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ақылы қызметтердің коды/ өзге | Атауы | Берешек сомасы | Берешектің қалыптасуының себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Барлығы |
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
Бюджеттік бағдарламалар
Әкімшісі __________________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
*Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
*Деректерді құруға жауапты
құрылымдық бөлімшенің
басшысы _______________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
* ведомствоның қолтаңбасы тек республикалық бюджеттің нысандары
үшін көзделген
нысан
Бюджет қаражаты есебінен дебиторлық берешектің қалыптасу
себептері туралы ақпарат
20 ___ жылға ______________ арналған жағдай бойынша
Мемлекеттік мекеме ____________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың тенге
Бюджеттің түрі: _____________________
Әкімші | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелері | Атауы | Дебиторлық берешектің сомасы, барлығы | оның ішінде: | Берешектiң қалыптастыру өзге себептерi | ||||||||||
шарттар бойынша біржылдық алдын ала төлем | шарттар бойынша (көп жылдық) алдын ала төлем | есепке берілген сома | салыстыру актісіне сәйкес алдын ала төлеу | жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты | берешекті өтеу бойынша сот шешімдерін орындамауына байланысты | Басқа қарыз (6б - 7б - 8б - 9б - 10б - 11б - 12б - 13б-14б-15б-16б) | |||||||||||
өткен жылы | ағымдағы жылы | өткен жылы | ағымдағы жылы | ||||||||||||||
өткен жылдары | ағымдағы жылы | өткен жылдары | ағымдағы жылы | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________ __________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
*Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
*Деректерді құруға жауапты
құрылымдық бөлімшенің
басшысы _____________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
* ведомствоның қолтаңбасы тек республикалық бюджеттің нысандары
үшін көзделген
нысан
Есепті деректерді салыстыру актісі
20___ жылғы __________
Республика (облыс, қала, аумақ)_______________________________
Мерзімділік айлық, жылдық _______________________________
Өлшем бірлік: мың.теңге
р/с № | Атауы | Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша | Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің деректері бойынша | алшақтық (+,-) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Бекітілген бюджет | |||
1.1 | Кіріс | |||
1.2 | Шығын | |||
1.3 | Бюджеттік кредит | |||
1.4 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | |||
1.5 | Қаржы активтерін сатып алу | |||
1.6 | Қаржы активтерін сатудан түскентүсім | |||
1.7 | Қарыздар түсімі | |||
1.8 | Қарыздарды өтеу | |||
2 | Нақтыланған бюджет | |||
2.1 | Кіріс | |||
2.2 | Шығын | |||
2.3 | Бюджеттік кредит | |||
2.4 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | |||
2.5 | Қаржы активтерін сатып алу | |||
2.6 | Қаржы активтерін сатудан түскен түсім | |||
2.7 | Қарыздардың түсімі | |||
2.8 | Қарыздарды өтеу | |||
3 | Түзетілген бюджет | |||
3.1 | Кіріс | |||
3.2 | Шығын | |||
3.3 | Бюджеттік кредит | |||
3.4 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | |||
3.5 | Қаржы активтерін сатып алу | |||
3.6 | Қаржы активтерін сатудан түскентүсім | |||
3.7 | Қарыздардың түсімі | |||
3.8 | Қарыздарды өтеу | |||
4 | Есепті кезеңдегі төлемдер бойынша қаржыландыру түсімдердің жиынтық жоспары | |||
4.1 | Кіріс | |||
4.2 | Шығын | |||
4.3 | Бюджеттік кредит | |||
4.4 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | |||
4.5 | Қаржы активтерін сатып алу | |||
4.6 | Қаржы активтерін сатудан түскентүсім | |||
4.7 | Қарыздар түсімі | |||
4.8 | Қарыздарды өтеу | |||
5 | Есепті кезеңдегі міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары | |||
5.1 | Шығын | |||
5.2 | Бюджеттік кредит | |||
5.3 | Қаржы активтерін сатып алу | |||
5.4 | Қарыздардың өтелуі | |||
6 | Бюджеттік түсімдердің және/немесе төленген міндеттемелердің орындалуы | |||
6.1 | Кіріс | |||
6.2 | Шығын | |||
6.3 | Бюджеттік кредит | |||
6.4 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | |||
6.5 | Қаржы активтерін сатып алу | |||
6.6 | Қаржы активтерін сатудан түскентүсім | |||
6.7 | Қарыздардың түсімі | |||
6.8 | Қарыздарды өтеу | |||
7 | Қаржылық жыл басындағы бюджеттік қаражаттар | |||
8 | Қаржылық жыл соңына бюджеттік қаражаттар | |||
9 | ҚР ҰБ салымдарын (депозиттер) ақша орналастыру үшін бюджеттің атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға берілген, уақытша бос бюджет қаражаты |
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның басшысы ______ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
Бюджеттің атқарылуы туралы есепті
қалыптастыруға жауапты жергілікті
уәкілетті органның құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Ведомствоның аумақтық
бөлімшесінің басшысы _______ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
М.О.
Ведомствоның аумақтық
бөлімшесі тиісті құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Ескертпе: салыстыру актісіне алшақтық болған жағдайда алшақтықтың туындау себептері толық таратып жазылған түсіндірме жазба қоса беріледі