БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10166 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесінде:
1-тараудың 3-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2) |
Былғары өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың сарқынды сулары |
Орташаландыру, тұндыру, |
Бірінші кезеңге қосымша: аэротенкаларда биологиялық тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: |
7-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3 |
Бөгетшені жобалау |
Қауіптілігі төмен бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 100 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Қауіптілігі жоғары бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 5000-10000 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Өте жоғары бу қысымының қауіп-қатерін бағалау және бөгетше бөлшектерін салған кезде және құрылыстың барлық кезеңінде бу қысымына бақылау |
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
20 қараша 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 22 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 қараша