Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ең озық қолжетімді технологиялар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрі
___________ А. Мамытбеков
31 желтоқсан 2014 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
23 желтоқсан 2014 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е.Досаев
18 желтоқсан 2014 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы 155 бұйрығымен бекітілді |
Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесі
Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Сарқынды суларды салалар бойынша тазарту
№ | Сала | Сарқынды сулардың түрі | Ең озық қолжетімді технология * | ||
1-кезең | 2-кезең | 3-кезең | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Суармалы жер шаруашылығы | |||||
1) | Коллекторлық-дренаждық суларды (КДС) тазарту | Ағындардың бөлігін суландыру үшін қайталама пайдалану мақсатында КДС-ны тоғандарда, ыдыстарда, жинақтағыштарда тұндыру | Бірінші кезең бойынша тоғандарда, жинақтағыштарда тұндырған соң одан әрі түйіршікті сүзгілерде сүзумен коагулянттар, флокулянттар қосумен ауаға қанықтыру | Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктер бар биоплатоларда соңына дейін тазарту немесе электр диализ немесе кері осмос әдісімен соңына дейін тазарту | |
2. Коммуналдық сарқынды суларды тазарту | |||||
1) | Қалалық аэрация станцияларынан шаруашылықтұрмыстық және өндірістік сарқынды сулардың қоспасы | Құрамында азот бар қосылыстардың шоғырлануын төмендету үшін итрификациялаумен-денитрификациялаумен аэротенкаларда механикалық және биологиялық тазарту | Бірінші кезеңге қосымша: түйіршікті сүзгілерде сүзу; ауаға қанықтырылатын биотоғандарда өңдеу; десорбция градирняларында аммиакты флотациялау, коагуляциялау, үрлеу |
Екінші кезеңге қосымша: | |
2) | Кәріздің және ағындарды Тазартудың орталықтандырылған жүйелерінің жоқ кезінде ауылды елді мекендердің және қала типтес кенттердің тазартылмаған ағындарын орналастыру | Шаруашылық-тұрмыстық ағындар; 100 текше м кем тәуліктік көлеммен тамақ, сүт, қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары | Тазартылмаған ағындарды ассенизациялау және сүзу алаңдары мен сарқынды суларды жинақтағыштарға төгу | Кәріз бен тазартудың орталықтандырылған жүйелерін салу. Су объектілеріне төгу; олардың жоқ кезінде - сүзу алаңдарына немесе жинақтағыштарға төгу | Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктері бар тоғандарда соңына дейін тазарту |
3. Жеңіл өнеркәсіп | |||||
1) | Мақта-мата, тоқыма, жібек, жүн фабрикаларының сарқынды сулары | Минералды коагулянттарм ен және полимерлі флокулянттар мен өңдеу, тұндыру немесе флотациялау, сүзгілерде түйіршікті тиеумен соңына дейін тазарту | Минералды коагулянттармен және органикалық катиондық реагенттермен өңдеу, тұндыру, сүзгілерде түйіршікті тиеумен соңына дейін тазарту | Минералды коагулянттармен және полимерлі флокулянттармен өңдеу, тұндыру, сүзгілерде құмды тиеумен немесе сорбциялы сүзгілерде соңына дейін тазарту | |
2) | Былғары өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың сарқынды сулары | Орташаландыру, тұндыру, реагенттік өңдеу және ақшылттандыру | Бірінші кезеңге қосымша: аэротенкаларда биологиялық тазарту | Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту | |
4. Тамақ өнеркәсібі | |||||
1) | Қант қызылшасы зауыттарының, шарап зауыттарының және жеміс-консерві зауыттардың сарқынды сулары | Тұндыру, 2-сатылы аэротенкаларда немесе ұзартылған ауаға қанықтырумен аэротенкаларда биологиялық тазарту | Бірінші кезеңдегідей | Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктері бар тоғандарда соңына дейін тазарту | |
2) | Салқындатқыш сусындарды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың сарқынды сулары | Қышқылдықты/сілтілікті орташаландыру, тұндыру және бейтараптандыру | Бірінші кезеңге қосымша: аэротенкаларда биологиялық тазарту | Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктері бар тоғандарда соңына дейін тазарту | |
3) | Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары | Механикалық тазарту: торлар, құм тұтқыштар (орташа шығыны тәулігіне 100 шаршы м астам кезінде), май ұстағыштар (ағындардағы майдың шоғырлануы 100 мг/л астам кезінде), ақшылттандырғыштар, тік тұндырғыштар | Бірінші кезеңге қосымша: физикалық химиялық тазарту - электрокоагуля ция, тік тұндырғыштар немесе электрофлотация; аэротенкаларда биологиялық тазарту | Екінші кезеңге қосымша: су түбіндегі пленкалы тиеумен биотенкалар, биосүзгілер тұрақтандырғыштар, жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту | |
4) | Ет өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары | Ішкі цехтық және орталық (аулалық) механикалық тазарту: тезек ұстағыштар, торлар, құм тұтқыштар, май ұстағыштар, ақшылттандырғыштар, тұндырғыштар | Бірінші кезеңге қосымша: құмды сүзгілер, микро сүзгілер, биологиялық тазарту | Екінші кезеңге қосымша: электрофлотокоагуляция, көбікті айыру, пропеллерлік және пневмомеханикалық ауаға қанықтырумен аэротенкалар, гидроциклондар, жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту | |
5) | Балық өнеркәсібі кәсіпорындарының сарқынды сулары | Механикалық тазарту: торлар, құм тұтқыштар, тұндырғыштар | Бірінші кезеңге қосымша: қысымды флотация, табиғи ауаға қанықтырумен ақшылттандырғыштар (шығын тәулігіне 400 текше м астам кезде), биологиялық тазарту | Екінші кезеңдегідей | |
6) | Май-тоңмай өнеркәсібінің кәсіпорындары | Физикалық-химиялық тазарту: тоң майларды күкірт қышқылды алюминиймен коагуляциялау, ауаға қанықтыратын май ұстағыштарды және флотаторларды (екі сатылы) қолданумен қысымды флотация | Биологиялық тазарту | Екінші кезеңге қосымша: су түбіндегі пленкалы тиеумен биотенкалар, биосүзгілер тұрақтандырғыштар, жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту | |
5. Мұнай өңдеу | |||||
1) | Мұнай өңдеу зауыттарының сарқынды сулары | Құм тұтқыштарда, мұнай аулағыштарда, радиалды тұндырғыштарда тазарту, коагулянтты (алюминий сульфаты) пайдаланумен қысымды флотаторларда өңдеу, аэротенкаларда екі сатылы биологиялық тазарту, кейіннен биотоғандарда немесе белсенді көмірде сорбция әдісімен соңына дейін тазартумен үйінді сүзгілерде сүзу | Құм тұтқышпен біріккен көп қабатты мұнай аулағыштарда тазарту, коагулянтты (ВПК-101, ВА-1) пайдаланумен қысымды флотаторларда өңдеу, екі сатылы биохимиялық тазарту, құмды сүзгілерде сүзу және белсенді көмірдің бар болуы кезінде биосорбция әдісімен бұдан әрі терең соңына дейін тазарту |
Екінші кезеңге қосымша: флотациядан кейін сарқынды суларды өңдеудің екі тәсілі: | |
2) | Мұнай сақтағыштар, жөндеу кәсіпорындары | Шағын кәсіпорындар: мұнай аулағыштар, ассенизация, сарқынды сулардың жинақтағыштарына төгу | Бірінші кезеңдегідей | Бірінші кезеңдегідей | |
6. Көмір өндірісі | |||||
1) | Орташа минералданған қышқыл шахталық сулар | Ағындар реакциясының көрсеткішін (рН) 7,5-8,5-ге дейін сілті реагенттермен (әкпен, әктаспен) өңдеу, тұндырғыш тоғандарында тұндыру және хлормен немесе хлорлы әкпен залалсыздандыру | СО2-ні жою үшін суды ауаға қанықтыру, реагентпен бейтараптандыру, құмды сүзгілерде сүзу және хлорлау | Реакциялық ағындар көрсеткішін бірінші сатыда 4-6-ға, екінші - 8,5-9-ға дейін жеткізумен секциялық қоспалағыштарда екі кезеңді бейтараптандыру, флокулянт қосу, құмды сүзгіде сүзу және хлорлау | |
2) | Бейтарап тұзды (минералданған) шахталық сулар | Әр түрлі конструкциялардағы (тік, көлденең, секциялық, сөрелік) тұндырғыштарда тұндыру және хлормен немесе хлорлы әкпен залалсыздандыру | Коагулянттарды және флокулянттарды пайдаланумен реагенттік өңдеу, тұндырғыштарда тұндыру, құмды сүзгілерде сүзу, хлормен немесе хлорлы әкпен залалсыздандыру |
Салынды заттарды жою және тұрудың құрамды төмендету мақсатында шахталық суды өңдеудің кез келген түрі қолданылады: | |
7. Гальваникалық өндірістер | |||||
Қышқылды сілтілі сарқынды сулар |
Тазартудың кез келген әдістері қолданылады: |
Тазартудың кез келген әдістері қолданылады: |
Тазартудың кез келген әдістері қолданылады: | ||
8. Түсті металлургия | |||||
1) Қорғасын және мырыш өндірісі | |||||
Кенді сулар | Әктеу құм тұтқыш, орташаландырғыш , әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш, бейтараптандырғ ыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш), залалсыздандыру (хлорлау блогы) | Бірінші кезеңге қосымша: түйіршікті сүзгілерде соңына дейін тазарту | Екінші кезеңге қосымша: қалдық сақтауышта тұндыру | ||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары | Хлорлау (орташаландыру, кальций гипохлоритін дайындау торабы, қоспалағыш реактор), қалдық сақтауышта тұндыру | Айналмалы суларды кондиционерлеу (орташаландыру, цианидтерді вакуумдық қуу қондырғысы) және қалдық сақтағышта немесе буферлі тоғанда тұндыру | Екінші кезеңге қосымша: тұрақтандыру станциясында тұздық құрамы және рН бойынша кондиционерлеу | ||
Металлургиялық кәсіпорындардың сарқынды сулары | Әктеу (құм тұтқыш, орташаландырғыш, әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш, бейтараптандырғыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш) және түйіршікті сүзгілерде соңына дейін тазарту | Градирняларда салқындату жолымен айналмалы суларды салқындату және ион алмастырулық тазарту | Екінші кезеңге қосымша: тұрақтандырушылық өңдеу | ||
2) Мыс өндірісі | |||||
Кенді сулар | Қалдық сақтауыштарда тұндыру және хлормен залалсыздандыру | Қалдық сақтауыштарда тұндыру, реагенттік коагуляция, тұндыру, гиперсүзу және хлормен залалсыздандыру | Қалдық сақтауыштарда тұндыру, реагенттік қайта өңдеу, тұндырмадан құнды заттарды кәдеге жаратумен тұндыру | ||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары | Қалдық сақтағыштарда тұндыру | Бірінші кезеңге қосымша: сұйық хлормен өңдеу, әкті сүтпен өңдеу және тұндыру | Сүзбейтін түбі бар қалдық сақтауышта тұндыру, айналмалы суларды кондиционерлеу (көмір сүзгілерде сорбциялы тазарту), ион алмастырушылық тазарту, тұрақтандырушылық өңдеу | ||
Мыс қорыту зауыттарының сарқынды сулары | Әкті сүтпен өңдеу, көлденең тұндырмаларда тұндыру | Ашық гидроциклондарда қатты бөлшектерді қоршау, коагулянт ретінде күкірт қышқылды алюминийді қолданумен реагентті ағынды флотация | Екінші кезеңге қосымша: ион алмастырушылық тазарту | ||
Мысты электролит тік рафинадтаудың сарқынды сулары | Әкті сүтпен бейтараптандыру , натрий сульфидімен соңына дейін тазарту, гравиялы құмды сүзгілерде сүзу | Алдын ала сілтілендірумен электрокоагуляция , тұндыру, ауаға қанықтыру, гравиялы құмды сүзгіде сүзу | Тұндыру, реагенттік өңдеу, бұдан әрі элюаттарды қайта өңдеумен және тұздарды кәдеге жаратумен электр диализ, сорбциялы сүзгілерде соңына дейін тазарту | ||
Күкірт қышқылын өндірудің сарқынды сулары | Әкті сүтпен бейтараптандыру , тұндыру тоғандарында тұндыру | Бұдан әрі шөгінділерді кәдеге жаратумен сульфидті-пиролюзитті әдіспен күшәнді жою, әкті сүтпен бейтараптандыру, тұндыру тоғандарында тұндыру | Екінші кезеңдегідей | ||
3) Никель, кобальт өндірісі | |||||
Кенді сулар | Көлденең тұндырмаларда екі сатылы тұндыру | Бірінші кезеңге қосымша: сүзу, адсорбция (адсорбер үзгі) және кварцты сүзгілерді пайдаланумен соңына дейін тазарту | Екінші кезеңдегідей | ||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары | Қалдық сақтауыштарда тұндыру | Бірінші кезеңге қосымша: Әкті сүтпен өңдеу, белсенді хлормен тотықтыру, тұндыру | Екінші кезеңге қосымша: ион алмастырушылық қондырғыда айналма суларды тұзды құрамы бойынша салқындату | ||
4) Алюминий өндірісі | |||||
Алюминий тотығын өндірудің сарқынды сулары | Сүзгіштікке қарсы экранмен шлам сақтағышта тұндыру | Реагентті өңдеу (қышқыл ерітіндісін дайындау бейтараптандырғыш, әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш реактор), тұндыру (көлденең тұндырғыш) және тұрақтандырғыштық өңдеу (тұрақтандыру станциясы) | Екінші кезендегідей | ||
Металл алюминийді өндірудің сарқынды сулары | Көлденең тұндырғышта тұндыру | Бірінші кезеңге қосымша: жылдамдықты сүзгіде сүзу | Екінші кезеңге қосымша: майды кәдеге жарату, айналма суларды салқындату (салқындату станциясы) | ||
Криолит өндірудің сарқынды сулары | Реагентті өңдеу (әкті сүтті дайындау торабы, суперфосфат ерітіндісін дайындау торабы, қоспалағыш, реакциялық камера), көлденең тұндырғышта тұндыру | Көлденең тұндырғышта тұндыру, электр диализ | Екінші кезеңге қосымша: ионды сүзгіде соңына дейін тазарту | ||
5) Титан, магний өндірісі | |||||
Байыту фабрикаларының сарқынды сулары | Қалдық сақтағышта тұндыру | Бірінші кезеңге қосымша: коагулянттармен өңдеу (әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш) | Екінші кезеңге қосымша: кварцты сүзгілерде соңына дейін тазарту | ||
Металлурги я кәсіпорындарының сарқынды сулары | Әкті сүтпен бейтараптандыру (орташаландырғыш, әкті сүтті дайындау торабы, қоспалағыш реактор), көлденең тұндырғыштарда тұндыру | Бірінші кезеңге қосымша: коагулянттармен және флокулянттармен өңдеу (күкірт қышқылды алюминий ерітіндісін дайындау торабы, полиакриламин ерітіндісін дайындау торабы, қоспалағыш), тұндыру (көлденең тұндырғыш), кварцты сүзгілерде соңына дейін тазарту | Екінші кезеңге қосымша: ион алмастырушылық қондырғыда тұзсыздандыру | ||
6) Құрамында алтын бар рудаларды өндіру және өңдеу | |||||
Кенді сулар | Тұндыру, (көлбеу немесе тік тұндырғыштар), залалсыздандыру (хлорлау блогы) | Тұндыру, коагуляциялау (әкті сүтті дайындау торабы) және залалсыздандыру (хлорлау блогы) | Екінші кезеңге қосымша: флокуляциялау (полиакриламид ерітіндісін дайындау торабы, көлденең тұндырғышы), сүзу (жедел сүзгілер) | ||
Құрамында алтын бар рудаларды циандаудан кейінгі сарқынды сулар | Кектің алтыннан арылған ерітінділерін сұйық хлормен тазарту (әкті сүтті дайындау торабы, хлорлау қондырғысы, эжектор, орташаландырғыш) және қалдық сақтауышта тұндыру | Бірінші кезеңдегідей | Оны содан кейін сілті ерітіндісімен аулаумен және өндірістік үдеріске қайтарумен көгеретін қышқылды қышқыл ортада айдау, белсенді хлормен соңына дейін тазарту, тұндыру (қалдық сақтауыш) және тұзды құрамы бойынша салқындату (салқындату станциясы) |
Ескертпелер:
Төгінділердің технологиялық нормалары жұмыс істеп тұрған және жоспарланып отырған тазарту құрылыстары үшін мына тазарту технологиялары негізінде белгіленеді:
бірінші кезең типтік жобаларға сәйкес кең қолданылатын технологиялық шешімдерді түсіндіреді;
екінші кезең ең жақсы техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталатын неғұрлым прогрессивті техникалық шешім;
үшінші кезең шаруашылық қызметтік қоршаған ортаға кері әсерін толығымен болдырмауға немесе мәнді қысқартуға мүмкіндік береді, ол технологияны енгізудің екі алдыңғы кезеңдерінің (бірінші және екінші кезеңдер) элементтерін үйлестіре алады немесе жаңа техникалық шешім бола алады.
Технологияны таңдау мына факторларды бағалау негізінде жүргізіледі:
сарқынды сулар кәрізінің орталықтандырылған жүйелерінің бар немесе жоқ болуы;
алаңнан тыс тазарту құрылыстарына төгу үшін орнатылған жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылған сарқынды сулардағы ластағыш заттардың тізбесі және шоғырлану деңгейі;
кәсіпорынның жобалау және/немесе қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасын (ҚОӘБ) әзірлеу кезеңінде бағаланатын экономикалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескерумен уәкілетті орган белгілейтін сарқынды сулардың түзілетін көлемдерінің шектік мәндері;
уәкілетті орган белгілейтін өзен бассейніндегі су сапасының стандарттары және/немесе су сапасының нысаналы көрсеткіштері.
2. Электр және/немесе жылу энергиясын өндіру
№ | Операциялар санаты | Ең озық қолжетімді технологиялар | Қосымша көрсеткіштер және ескертпелер |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Отынды түсіру, сақтау және дайындау |
Пайдаланылатын технологиялық жабдықпен және ластауды азайтудың қолданылатын әдістерімен айқындалатын талаптарға сәйкес бастапқы материалдарды тексеру және сұрыптау. | |
2. | Қатты бөлшектердің шығарындылары |
Қаныққан буды қолданумен шаңды басу технологиясы Электр сүзгіні және мата сүзгіні орналастыруға мүмкіндік беретін қазандық ұяшықтарымен жаңадан енгізілетін станциялар үшін газдық трактта алдын ала тазарту кезеңінде циклондарды және механикалық коллекторларды пайдаланумен электр сүзгілер және мата сүзгілер. Гидравликалық күлді жоюы бар станциялар үшін эмульгатор типтес күл аулағыш қондырғылары, (СаО)2 бойынша Апр> 190 көрсеткішті көмірді пайдаланатын станцияларды алып тастағанда. | Тазарту тиімділігі -99,4-99,9 %. |
3. | Күкірт тотықтарының шығарындылары |
Дымқыл скрубберді (қысқару жиілігі - 92-98 %) және бүркігіш кептіргіш-скрубберді (қысқару жиілігі - 85-92 %) пайдаланумен күкіртсіздендірудің техникалық әдістері. Құрғақ сорбенті (әктасты) бүркумен бөлінетін газдарды күкіртсіздендіру. | Қуаты 100 МВт астам қондырғылар үшін |
4. | Азот тотықтарының шығарындылары |
Жаңа қондырғылар үшін таңдаушы өршіткілік редукция (бұдан әрі ТКР). Азот тотықтарын таңдаулы өршіткілік емес редукциялау. Ішкі қоспа түзумен жану камералары. Құрамды циклді газдық турбиналар үшін су мен буды бүрку. Өткір үрлеу. Ауа мен отынды сатылы енгізу. Төмен эмульсиялы жанарғыларды қолдану және/немесе қайта жағу. Жоғары шоғырлы шаңды (ЖШШ) қолданумен шаңды жағу технологиясын қолдану | Шығарындыларды 80-95 %-ға дейін төмендеу |
5. | Иісті газдың шығарындылары | Тангенсалды немесе циклонды оттық жобасын қолдану жолымен көміртегінің толық жануын қамтамасыз ету | |
6. | Мониторинг |
Мониторинг датчиктері құбыр сағасының ауданында емес, қазандардан/бу генераторларынан кейін түтін жолдарында орнатылуы тиіс. Алдымен ҒЗТКЖ қажет. | |
7. | Экологиялық және энергия менеджменті жүйесі | Экологиялық менеджмент жүйелері мен энергия тиімділігінің менеджменті жүйесін енгізу. | |
8. | Судың ластануының алдын алу |
Шетжақтық тығыздағыштары бар сорғы жабдығын қолдану. | |
9. | Күл-қождармен жұмыс істеу |
Күл-қождарды жинауға, сақтауға және көмуге арналған құрғақ немесе гидравликалық құрылысжайлары бар айналымды гидравликалық, сондай-ақ пневмогидравликалық, механикалық (автокөліктік, конвейерлік), пневматикалық және аралас ішкі және сыртқы күл шығару жүйелері және қож шығарудың айналымды гидравликалық жүйелері. | |
10. | Қалдықтармен жұмыс істеу |
Майлармен ластанған қатты қалдықтардың жиналуы қатты жабыны бар, жауын-шашыннан қорғалған алаңдарда немесе жабық үй-жайларда орналасуға тиіс. | |
11. | Қатты отынды жағу әдістері | Стационарлы (көпіршік) қайнау қабатында жағу. Циркуляцияланатын қайнау қабатында жағу. Қайнау қабатында қысыммен жағу. Жағудың шаңдық әдісі. | |
12. | Жылу қондырғыларының суын салқындату жүйелері |
Конденсаторлар мен градирнялар жылу алмастырғыштарының беті үшін коррозияға төзімді материалдарды таңдау. Жергілікті қорғанышты енгізу (бояулар, катодтық қорғаныш). Энергия тұтыну нүктелерін (вентиляторларды, сорғыштарды) қысқарту. Өңдеу үшін реагенттерді пайдалану және (био)мониторларды, химиялық мониторинг аспаптарына және реттеу құрылғыларын орнату; Температураның көтерілуі кезіндегі жүйелердің тәлімін зерделеу. Тірі ағзалардың түсуін шектеумен уды алу. Су ағындарымен төгілетін судың сапасын бақылау. | Қолданыста бар қондырғылар, 1, 2, 7-тармақты алып тастағанда жаңа қондырғылар үшін сияқты |
13. | ҚТЭҚ-та майлармен жұмыс істеу |
"ҚТЭҚ-та майлармен жұмыс істеу" | |
14. | Теңіз қайраңында пайдаланылатын жылу пайдаланатын қондырғылар | Аммиакты қолдануды алып тастау |
3. Теңіз және континент мұнай газын өндіру
№ | Операциялар санаты | Ең озық қолжетімді технологиялар |
1 | 2 | 3 |
1. | Континенттік бұрғылау |
Тұщы су сірнелері негізінде бұрғылау ерітінділерін жуу жүйелері Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітінділерін пайдалануды; оларды қайталама пайдаланумен дизелдік негіздегі бұрғылау ерітінділерін пайдалануды алып тастау. Бұрғылау ерітіндісінен сүзіліп алынған суды қайталама пайдалану. Сульфобактериялармен байытылған ұңғымалардың азып-тозуының алдын алу үшін күкірт сутегі жұтқыштарын пайдалану. Коррозия биоцидтерін, ингибиторларын қолдану. Шикі мұнайды резервуарларда сақтау, сыйымдылығы 1590 м3 резервуарларында жүзбе қақпақтың екінші (қосарланған) ілмегі болуы тиісті. Жағар алдында күкірт сутектен және қышқыл газдар меркаптандарынан (күкірт қоспаларын жағу өнімділігі сағатына 1,8 кг астам қондырғыларда) тазарту. Конденсат шығарындыларының алдын алу үшін алауларда барабандық сепараторларды пайдалану. |
2. | Теңіздік бұрғылау | Бұрғылау ерітінділері және техникалық сұйықтықтар үшін "нөлдік төгінділер" қағидатын қолдану. Санитарлық-тұрмыстық сарқынды сулар үшін мембрандық биореакторды қолданумен биологиялық тазартуды қолдану. Қауіпті қалдықтарды жер бетіндегі кешендерге тасымалдау. Бұрғылау платформаларында (баржаларда) және көмекші кемелерде қалдықтарды жинау және өңдеу (ұсату және престеу) үшін тиісті құралдар мен жабдықтардың немесе қоқысты жағу үшін жабдықтардың бар болуы. |
4. Мұнайды, мұнай өнімдерін және көмірсутектік газдарды өндеу және сақтау
№ | Операциялар санаты | Қоршаған ортаға эмиссиялардың түрі | Ең озық қолжетімді технологиялар | Қосымша көрсеткіштер және ескертпелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Мұнайды өңдеу | ||||
1) | Атмосфераға шығарындылар | Отын ретінде мұнай химиясы өндірісінің қалдық газын пайдалану, мұнай өңдеу өндірісінің энергиядағы қалған қажеттіліктерін сұйық отын есебінен қанағаттандыру | ||
2) | Судың ластануы | Ластанған, аз ластанған және ластанбаған су ағындарын бөлу әдістерін және тәсілдерін қолдану жолдармен судың ластануын төмендету | ||
3) | Топырақты және жер асты суларды қорғау | Ағып кетулерді анықтау үшін аспаптар, ыдыстардың екі қабатты түбі, әлеуетті төгілулер орындарының сүзуге қарсы жабындылары | ||
2. Техникалық операциялар | ||||
Алкилдеу үдерісінде фторлы сутегінің тұрақты шығарындыларын төмендету. Өңделген күкірт қышқылын минималдау және регенерациялау. Еріткішті регенерациялау (ұшқыш еріткіштерді рекуперациялау), деасфальттау кезіндегі, экстракция қондырғыларындағы және депарафиндеу қондырғыларындағы үш әрекетті буландыру жүйесі №-метилпирролидонды (NМР) хош иісті экстракттарда еріткіш ретінде пайдалану. Шикі мұнай ағындарын соңғы тазарту үшін гидро өңдеуді және балауыздауды пайдалану. Өршіткілік крекингте СО және NОх байланысты шығарындыларды төмендету. Газ энергиясын регенерациялау, қазандықтарды бөлінетін газдармен қыздыру жолымен энергияны үнемдеу. Қатты бөлшектердің шығарындыларын 10-40 мг/м3 дейін төмендету. Азот тотықтарының шығарындыларын 60-70 %-ға және күкірт тотықтарын 95-99 %-ға төмендету. Кокстеу үдерісінде: жылуды рекуперациялау, флексикокинг. Көп сатылы тұщылағыш. Сутегін тұтыну үдерістері үшін гидрокрекингке арналған қондырғыларды пайдалану. Сутегін өндіру үшін: көмір қышқыл газының көміртегі қос тотығына айналуы үшін булық реформинг қондырғысының түтіндік газының жылуын пайдалануды және еріткіш пен конвертердің жұтқышының жылуын біріктіруді қоса, жаға зауыттар үшін газбен қыздыру кезіндегі булық реформинг технологиясы; ауыр дизель отынын және коксты газдандыру үдерістерінен сутегін қалпына келтіру; сутегі өндірісінде жылуды біріктіру схемаларын қолдану; үрлеу газын мұнай өңдеу зауыты шегінде отын ретінде пайдалану. Изомерлеу үшін: құрамында хлор бар жеделдеткіш; өршіткілік жүйелер. |
Газды тазарту жолымен < 1 мг/м3 деңгейіне дейін, суға жіберулерде 20-40 ч/миллион деңгейіне дейін. | |||
3. Табиғи газды өңдеу | ||||
1) | Атмосфераға шығарындылар, жерлерді қорғау | Отын ретінде құрамында H2S 5 мг/м3 кем емес газды пайдалану | ||
4. Технологиялық операциялар | ||||
Полимерлеу үшін: өршіткіні тұтынуды оңтайландыру; фосфор қышқылын (өршіткі) мұнай өңдеу өндірісі шегінде, мысалға биологиялық тазарту қондырғыларында қайталама пайдалану. Алғашқы ажырату үшін: алғашқы тазарту және вакуумдық қондырғының немесе мұнай өңдеу зауытының басқа қондырғыларының арасында жылуды біріктіруді көтеру; шикі мұнайды алдын ала қыздыру желісінде энергияны оңтайландыру әдісін қолдану; шикі мұнайдың ректификациялық бағанасының айналуын арттыру; майлық жылытқыш көмегімен бүйірлік буландыру бағаналарын қайталама қайнату бумен ажыратудан басымырақ. Өнімдерді тазарту үшін: жаңа зауыттар үшін өршіткілік депарафиндеуді пайдалану; ащы сілтінің шоғырланған ерітіндісін қолдануды минималдау және пайдаланылған сілтілі ерітінділерді пайдалануды максималдау мақсатында сілтілі ерітінділерді пайдаланудың тиімді жүйесін құру. Пайдаланылуы мүмкін технологиялар: рециркуляция кезінде күйдіргіш сода каскадталады және пайдаланылған сілтілі ерітінділерді ажыратудан кейін қайталама пайдалану; ыдырату кезінде тұщылағыштарға (бұл технология кокстың түзілуін күшейте алады, мысалға висбрекерлерде) бүрку немесе жоғары ОХТ (оттегіні химиялық тұтыну) кезінде (мысалға, > 100 г/л) қалған пайдаланылған сілтілі ерітіндіні күлдеу қолданылады; тазарту үдерісінен пайдаланылған газды жағу (иістерді жағу бағдарламасының бөлігі ретінде). | ||||
5. Мұнай өңдеу өнімдерін сақтау және тасымалдау | ||||
Жүзгіш қақпақты резервуарларда жоғары тиімді тығыздандырғыштарды пайдалану. Тиеу/түсіру үдерістері кезінде буды теңгермелеу және бактарды кері дренаждау. | ||||
Стационарлық пайдалану кезінде және тиеу-түсіру жұмыстары уақытында резервуарлардағы, көлік құралдарындағы буды қалпына келтіру (ұшқыш емес өнімдер үшін қолдануға болмайды). Шлангтар үшін өзінше басқарылатын қосу муфталары. Ыдыстардың толып кетуінің алдын алу үшін аспаптар. Резервуарлардың өлшеуіш жүйесіне тәуелсіз жұмыс істейтін деңгейдің авариялық датчиктерін орнату. |
5. Қара металлургия
№ | Операциялар санаты | Ең озық қолжетімді технологиялар | Қосымша көрсеткіштер |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Ыстық және салқын штамптау | |||
1) | Шикізатты және көмекші материалдарды сақтау және жұмыс істеу | Арнаулы әдістерді, мысалға қорғау шұңқырларын және дренажды пайдалану мен төгілулер мен ағып кетулерді жинау. Майды ластанған дренаж суынан бөлу және қалпына келтірілген майды қайталама пайдалану. Айырылған суды су тазарту құрылысында өңдеу. | |
2) | Машиналық тазарту | Машинамен тазарту кезінде қоршау және мата сүзгілердің көмегімен шаң деңгейін төмендету. Түтіннің жоғары ылғалдылығына байланысты мата сүзгілер қолданыла алмайтын жерлерде электр статикалық сүзгілер. Отпен тазарту кезінде түзілетін қабыршақты/ұсақ жоңқаны бөлек жинау. | |
3) | Қырнап өңдеу | Машинамен қырнау үшін қоршау және қолмен қырналау үшін қорғаныш қақпақтарымен жабдықталған кабинаны бөлу және мата сүзгілердің көмегімен шаңды азайту. | |
4) | Ректификациялау үдерістері | Ректификацияның (қатты заттардың бөлінуі) барлық үдерістерінен суды тазарту және қайталама пайдалану. Қабыршақты, жоңқаны және шаңды ішкі кәдеге жарату немесе кәдеге жаратуға сату. | |
5) | Қайталама қыздыру және термикалық өңдеу пештері | Пештің құрылымына немесе пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге жатқызылатын жалпы шаралар. Жедел немесе құрастырулық құралдармен тиеу уақытында ауаның артықшылығын және жылуды жоғалтуды төмендету. Мыналар үшін жану жағдайларын оңтайландыру үшін пештер үшін отынды таңдау және автоматтауды/басқаруды қолдану: - табиғи газ; - барлық газдар және газ қоспалары; - мұнай отыны (< 1 % S). Қазандықты қыздыру немесе суармалы салқындатуды үшін регенеративтік рекуперативтік жүйелерде тиелген шикізатты алдын ала қыздыру үшін пайдаланған газдың жылуын пайдалану NОх құрамын жағатын жанарғылардың екінші буыны | SО2 деңгейлері: < 100 мг/м3, < 400 мг/м3, 1700 мг/м3 дейін. Энергияны үнемдеу 25-50 % және NОх шоғырлануын 50 %-ға дейін төмендету NОх шоғырлануын 65 %-ға дейін төмендету |
6) | Таза желі | Содан кейін тазартумен суды шашу, бұл кезде қатты бөлшектер (темір тотықтары) бөлінеді және темірді кәдеге жарату үшін жиналады. Ауаны мата сүзгілермен тазартумен және жиналған шаңды кәдеге жаратумен сору жүйелері | |
7) | Түзету және дәнекерлеу | Соратын қақпақтар және мата сүзгілермен содан кейінгі тазарту | |
8) | Құрамында ұсақ жоңқа және май бар технологиялық суды тазарту | Рецикуляция коэффициенті 95 % < жабық технологиялық циклдер. Тазарту әдістерін оңтайлы үйлесуді пайдалану жолымен шығарындыларды төмендету | С3 < 20 мг/л Май: < 5 мг/л Ғе: < 10 мг/л Сr барлығы: < 0.2 мг/л Ni: < 0.2 мг/л Zn: < 2 мг/л |
9) | Көмірсутекті ластанудың алдын алу | Майды тұтынуды 50-70 %-ға төмендету | Майды тұтынудың 50-70 %-ға төмендеуі |
2. Салқын прокат | |||
1) | Орамдарды жазып ашу | Сулық перделер, мата сүзгілермен және шаңды кәдеге жаратумен сору жүйесі | |
2) | Улау | Қышқылды тұтынуды төмендету жөніндегі шаралар: дұрыс сақтау жолымен болат коррозиясының алдын алу, болатты алғашқы механикалық тазарту, улаудың тиімді әдістерін пайдалану (бүрку, турбулентті улау), пайдалану мерзімі ішінде улау ванналарын механикалық сүзу және рециркуляция, ваннаны қалпына келтіру үшін иондық алмасу немесе электр диализ Қалпына келтірілген қышқылды рециркуляциялаумен қышқылды газ фазалық әдіспен регенерациялау жолымен немесе қайнап жатқан қабатта (немесе эквиваленттік үдеріс) пайдаланылған НСl қайталама пайдалану Толық жабылған жабдық немесе қақпақтармен және сорудан кейін ауаны тазартумен жабдықталған жабдықтар Бос күкірт қышқылын кристалданумен қалпына келтіру; регенерациялық қондырғы үшін ауаны тазарту құрылғылары Қышқыл қоспаларын еркін (иондық алмасудың немесе электр диализдің бүйірлік фракциясы әдісімен) кәдеге жарату немесе қышқылды мына әдістермен регенерациялау: газ фазалық әдіспен; немесе буландырумен Н2О2, карбамид, және с.с. көмегімен тазарту немесе тазарту ваннасына немесе ИКВ-ға Н2О2 немесе карбамид қосумен NOх басу Балама: азотты қышқылсыз улауды пайдалану плюс жабық жабдық немесе қақпақтармен және сорудан кейін ауаны тазартумен жабдықталған жабдықтар Жылу алмастырғыш көмегімен тікелей емес қыздырумен қышқылды қыздыру | Шаң 20-50 мг/м3, НСl 2-30 мг/м3, SO2 50-100 мг/м3, СО 150 мг/м3, СO2 180000 мг/м3: NO2 300-370 мг/м3 Шаң 10-20 мг/м3 НСl 2-30 мг/м3. Н2SO4 5-10 мг/м3 SO2 8-20 мг/м3 Шаң < 10 мг/м3 НF < 2 мг/м3 NO2 < 200 мг/м3 HF < 2 мг/м3 NO2< 100 мг/м3 Барлығы үшін: NOх 200-650 мг/м3 НF 2-7 мг/м3 |
3) | Сарқынды суды барынша азайту | Құйылысты ішкі кәдеге жаратумен каскадтық жуу жүйесі (мысалға, улау ванналарында немесе жуу кезінде). "Қышқыл-жуғышты улау/регенерациялау" жүйесін мұқият жөнге келтіру және басқару. | |
4) | Сарқынды суды тазарту | Бейтараптау, флокуляция және с.с. жолымен тазарту, мұнда жүйеден қышқыл суды шығарудан кету мүмкін емес ("Сарқынды суларды тазарту" бөлімін қара) | Салымды заттар (С3) < 20 мг/л Май: < 5 мг/л Ғе: < 10 мг/л1 Сr: < 0.2 мг/л Ni: < 0.2 мг/л2 Zn: < 2 мг/л |
5) | Эмульсиялар | Герметизацияны, құбырларды және т.б. уақтылы тексеру жолымен ластанулардың алдын алу, ағып кетулерді есептеу. Эмульсиялардың сапасын тұрақты бақылау. Қолдану мерзімін арттыру үшін эмульсияларды тазарту және қайталама пайдалану жолымен эмульсияның циркуляциясын қолдау. Майдың құрамын азайту үшін пайдаланылған эмульсияны тазарту, мысалға, ультра сүзу немесе электролиттік бөлу жолымен. | |
6) | Прокат және жұмсарту | Ластанған ауаны тұман аулағыштар көмегімен тазартумен сору жүйесі. | Көмірсутектер: 5-15 мг/м3 |
7) | Майсыздандыру | Майсыздандыру ерітіндісін тазарту және қайталама пайдалану жолымен майсыздандырудың тоқтаусыз үдерісі. Тазартудың қолайлы шаралары - механикалық әдістер және мембраналық сүзу. Майдың құрамын төмендету үшін электролиттік бөлу немесе ультра сүзу жолымен пайдаланылған майсыздандыру ерітіндісін тазарту, бөлінген майлық фракцияны қайталама пайдалану, бөлінген суды төгуге дейін тазарту (бейтараптау және т.б.). Түтінді (булануларды) майсыздандыру және тазарту үшін сору жүйесі. | |
8) | Күйдіруге арналған пештер | Тоқтаусыз жұмыс істейтін пештер үшін NОх шоғырлануын төмендетін жанарғыларды қолдану. Регенеративтік және рекуперативтік жанарғыларды пайдаланған кезде жану үшін ауаны алдын ала қыздыру. Шихтаны бөлінген газбен алдын ала қыздыру | Ауаны алдын ала қыздырмай NОх-250-400 мг/м3, 3 % О2. NОх үшін жағу нормасы 60 % (және СО үшін 87 %) |
9) | Жеткізу/майландыру | Созу қақпақтары және тұман аулағыштар және/немесе электр статистикалық сүзгілер. Электр статистикалық майлау. | |
10) | Түзету және дәнекерлеу | Сору қақпақтары және ауаны содан кейін мата сүзгілермен тазарту. | Шаң: < 5-20 мг/м3 |
11) | Салқындату (машиналар және т.б.) | Жабық циклде жұмыс істейтін суды салқындатудың бөлек жүйелері. | |
3. Сымды созу | |||
1) | Ваннада улау | Тазарту ваннасының параметрлерін қатаң бақылау: температура және шоғырлану. Будың жоғары эмиссиялары, мысалы жылытумен және жоғары шоғырлануымен тұз қышқылы бар улау ванналары үшін жаңа және бар қондырғыларда бүйірлік соруды орнату, сорылған ауаны тазарту. | НСl: 20 мг/м3 |
2) | Улау | Каскадтық улау (өндіргіштік > 15 000 тонна созбасын жылына) немесе бос қышқыл фракциясын қалпына келтіру және улау қондырғысында қайталама пайдалану. Пайдаланылған қышқылды сыртқы қалпына келтіру. Пайдаланылған қышқылды қайталама екіншілік шикізат ретінде пайдалану. Қабыршақты қышқылсыз жою, мысалға, сапаға сәйкестік жағдайында бөлшектеп шапшып тазарту көмегімен. Кері ағыспен каскадтық шаю. | |
3) | Құрғақ созу | Созу жылдамдығы > 4 м/с созу машиналарын қоршау (және, егер қажет болса, экранды сүзгіге қосу) | |
4) | Дымқыл созу | Созудың майлау майын тазарту және қайталама пайдалану. Майдың құрамын төмендету және/немесе қалдықтар көлемін азайту үшін пайдаланылған майлауды тазарту, мысалға, электролиттік эмульсияны химиялық ыдырату немесе ультра сүзу жолымен. Пайдаланылған судың фракциясын тазарту. | |
5) | Құрғақ және дымқыл созу | Сумен салқындатудың жабық жүйелері. Сумен салқындатудың тік ағатын жүйелерін пайдалануды алып тастау | |
6) | Күйдіру пештері | Қорғаныс өнімділік газын жағу. Сымды тұрақты күйдіру. Күйдіру үдерісін ұтымды ұйымдастыру және басқару шаралары. Құрамында Рb бар қалдықтарды жаңбыр мен қардан қорғаумен сақтау. Құрамында Рb бар қалдықтарды түсті металлургияда пайдалану үшін өңдеу. Шынықты ванналары жұмысының тұйық схемасы. | Рb< 5 мг/м3, СО < 100 мг/м3 ТОС < 50 мг/м3 |
4. Қорытындыға үзіліссіз ыстық батыру | |||
1) | Майсыздандыру | Каскадтық майсыздандыру Майсыздандыратын ерітінділерді тазарту және жағу; тазартудың қажетті шаралары - механикалық әдістер және мембраналық сүзу Май құрамының азайту үшін пайдаланылған майсыздандырғыш ерітіндісін эмульсияның электролиттік ыдырауының немесе ультра сүзу көмегімен өңдеу; Бөлінген май фракциясын қайталама пайдалану; бөлінген су фракциясын өңдеу (бейтараптау және т.б.) Ластанған ауасы бар жабық резервуарлар және оны скруббермен немесе тұман аулағышпен тазарту Электролитті әкетуді төмендету үшін сығылатын білікшелерді пайдалану | |
2) | Жылулық өңдеу пештері | NOх құрамын төмендететін жанарғылар. Регенеративтік және рекуперативтік жанарғылармен ауаны алдын ала қыздыру. Жолақты алдын ала қыздыру. Жылуды қалпына келтіру үшін пайдаланылған газды пайдаланумен буды өндіру. | Ауаны алдын ала қыздырусыз NОх - 250-400 мг/м3 (3 % O2); СО 100-200 мг/м3 |
3) | Қорытындыға батырумен қорғаныс жабындыны жағу | Цинк бар қалдықтардың, шлактың және гартмырыштың (цинк темір қорытпасы) бөлек жинақталуы және түсті металлургияда пайдаланумен қайта өңдеу | |
4) | Гальваникалық күйдіру | NOх құрамын төмендететін жандырғылар. Жанудың регенеративтік және рекуперативтік жүйелері. | Ауаны алдын ала қыздырусыз NOх - 250-400 мг/м3 (3 % О2) |
5) | Майлау | Жолақтарды майлау үшін машиналарды қоршау. Электр статистикалық майлау. | |
6) | Фосфаттау және белсенсіздендіру/ хромдау | Технологиялық ванналарды қоршау. Фосфаттау үшін ерітіндіні тазарту және қайталама пайдалану. Белсенсіздендіру үшін ерітіндіні тазарту және қайталама пайдалану. Сығылатын білікшені пайдалану. Сарқынды суларды тазарту үшін қондырғыда жаттықтыру клетінде/шынықтыруда жұмсарту ерітіндісін жинақтау | |
7) | Сарқынды су | Тұндыруды, сүзуді және/немесе флотациялауды/шөгуді/іріткілеуді үйлестірумен пайдаланылған суды тазарту. Суды тұрақты тазартудың қолданыста бар қондырғылары (оларда Zn < 4 мг/л қол жеткізілетін бірегейлер). | С3 < 2 мг/л Ғе < 10 мг/л Zn < 2 мг/л Ni < 0.2 мг/л Cr < 0.2 мг/л Pb < 0.5 мг/л Sn < 2 мг/л |
5. Жаймаларды алиттеу (алюминдеу) | |||
1) | Улау | Жабық ванналар және сумен суарумен скрубберді жеделдету, улау үшін скрубберден және ваннадан сарқынды суды тазарту. | HCl < 30 мг/м3 |
2) | Никельді жабынды | Жабық үдеріс, сумен суарумен скрубберді желдету. | |
3) | Қорытындыға батырумен жабындыны жағу | Жабынды қалыңдығын бақылау үшін әуе пышақтар. | |
4) | Майлау | Электр статикалық майлау машиналары. | |
6. Сымды жабу | |||
1) | Улау | Қоршалған жабдық немесе шатырлармен және сорылатын ауаны тазартумен жабдықталған жабдықтар. Бір желінің өндіргіштігі жылына 15 000 тоннадан астам жаңа қондырғыларда каскадтық улау. Бос қышқыл фракциясын қалпына келтіру. Барлық қондырғылар үшін пайдаланылған қышқылды сыртқы қалпына келтіру. Пайдаланылған қышқылды екіншілік шикізат ретінде қайталама пайдалану. | HCl - 2-30 мг/м3 |
2) | Суды тұтыну | Каскадтық шаю, жаңа және барлық ірі қондырғыларда суды тұтынуды төмендету үшін басқа әдістермен үйлестіру мүмкін (> 15 000 тонна жылына). | |
3) | Сарқынды су | Физикалық-химиялық өңдеу жолмен сарқынды суды тазарту (бейтараптау, флокуляциялау және т.б.). | С3 < 20 мг/л Ғе: < 10 мг/л Zn: < 2 мг/л Ni: < 0.2 мг/л Сr< 0.2 мг/л Рb: < 0.5 мг/л Sn: < 2 мг/л |
4) | Қождамалау | Темірді тасымалдауды төмендетуге және ванналарды ұстауға бағытталған өндірісті ұтымды ұйымдастыру және үдерісті басқару. Шлакты ванналарды жергілікті қалпына келтіру (темірдің бүйірлік фракциясын алып тастау). Қождаманың пайдаланылған ерітіндісін сыртқы қайта кәдеге жарату. | |
7. Цинктеу (гальванизациялау) | |||
1) | Майсыздандыру | Егер бөлшектер майдан толық бос болмаса, майсыздандыру тәсілдерін анықтау. Тиімділікті арттыру үшін ваннаны оңтайлы, мысалға араластыру жолымен пайдалану. Әрекетін көтеру үшін майсыздандыру ерітінділерін тазарту (беткі қабатын алу, центрифугалау және т.б.) және қайта циркуляция, май тұлбасын қайталама пайдалану немесе бактериялардың көмегімен орында тазартумен (майсыздандыру ерітіндісінен майларды алып тастау) "биологиялық майсыздандыру". | |
2) | Улау + жабындыны химиялық улату | "Араластырылған" сұйықтықтардан қалпына келтіру үдерісі жүзеге асырылмаса, (орында немесе бөгде мамандандырылған жеткізушілер арқылы) бөлек улау және улату. Пайдаланылған улату ерітіндісін пайдалану (сыртқы немесе ішкі, мысалға, қождамаланатын қоспаны қалпына келтіру үшін). Қиыстырылған улау және химиялық улату жағдайында "араластырылған" сұйықтықтардан қасиеттерінің мәндерін қалпына келтіру, мысалға, қождамаларды өндіру, қышқылды қалпына келтіру және гальванизацияда қайталама пайдалану үшін немесе басқа бейорганикалық химикаттарды алу үшін пайдалану. | |
3) | Тұз қышқылымен улау | Пайдаланылған улау ерітіндісінен бос қышқыл фракциясын қалпына келтіру немесе улау ерітіндісін сыртқы қалпына келтіру. Қышқылдан мырышты алып тастау. Қождамаларды өндіру үшін пайдаланылған улау ерітіндісін пайдалану. Бейтараптау үшін пайдаланылған улау ерітіндісін пайдалануды алып тастау. Эмульсияны бөлу үшін пайдаланылған улау ерітіндісін пайдалануды алып тастау. | НСl - 2-30 мг/м3 |
8. Ферроқорытпаларды өндіру | |||
8.1. Ұйымдастырылмаған эмиссияларды болғызбау немесе азайт | |||
1) | Ауаға ұйымдастырылмаған эмиссияларды болғызбау немесе азайту | Кейіннен тазарта отырып, эмиссияларды мүмкіндігінше көзіне барынша жақын ұстау. | |
2) | Экологиялық менеджмент жүйесі | Экологиялық менеджмент жүйелерін және энергия тиімділігінің менеджменті жүйесін енгізу. | |
3) | Шикізатты сақтау кезінде пайда болатын ұйымдастырылмаған эмиссияларды азайту |
Жабық үй-жайларды немесе сыйымдылықтарды/ бункерлерді пайдалану. | |
4) | Шикізат пен материалдарды қабылдау, дайындау, тасымалдау және беру кезінде түзілетін ұйымдастырылмаған эмиссияларды азайту |
Шикізат пен материалдарды түсіру және тасымалдау процестерін автоматтандыру және конвейерлерді, пневматикалық немесе гидравликалық көлік жүйелерін, роторлы экскаваторларды, вагонаударғыштарды, грейферлік крандарды және вагондардың люктері арқылы түсіруді қолдану арқылы қамтамасыз ету. | |
5) | Ферроқорытпаларды өндіру жөніндегі зауыттарда шикізатты беру, балқыту және пештерден шығару кезінде ұйымдастырылмаған шығарындылардың алдын алу немесе оларды азайту: |
Қайтпалы газдарды ұстап қалу және тазарту жүйесімен үйлесімде тиеу және шығару нүктелеріндегі шығармалы қолшатырлар/жабындар. | |
8.2. Ұйымдастырылған шығарындыларды болғызбау немесе азайту | |||
1) | Материалдарды сақтау, өңдеу және тасымалдау кезінде, мөлшерлеу, араластыру, сұрыптау сияқты оларды алдын ала дайындау операциялары кезінде, сондай-ақ металды балқыту, құю және орау кезінде туындайтын шығарындыларды азайту |
Жеңқұбырлы сүзгілер, циклондар және басқа да аспирация жүйелері базасында аспирациялық қондырғыларды шикіқұрамдық материалдарды дайындау, тасымалдау, мөлшерлеу, шикіқұрамды пешке жүктеу, ферроқорытпаны ұсақтау және фракциялау үшін қолдану. | |
8.3. Жерүсті су объектілерінің ластануын болғызбау және сумен жұмыс істеу | |||
1) | Су бассейнінің ластануын болғызбау және су тұтынуды барынша азайту |
Пайдаланылатын судың көлемдерін өлшеу | |
2) | Қалдықтар мен бос таужыныстарды (үйіндіні) жоюға және залалсыздандыруға арналған құрылысжайлар |
Табиғи сыртқы ағынды бұру. | |
8.4. Қалдықтармен, жартылай өнімдермен және айналымды материалдармен жұмыс істеу | |||
1) | Қалдықтарды, жартылай өнімдер мен айналымды материалдарды қайтадан пайдалануға, ал мүмкін болмаған жағдайда оларды қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға ықпал ететін олармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру |
Шикіқұрамдық материалдардың електерін кесектеу және өндіріске қайтару. |
6. Түрлі-түсті металлургия
№ | Операциялар санаты | Ең озық қолжетімді технологиялар |
1 | 2 | 3 |
1. | Технологиялық операциялар | Мата сүзгісі, ыстық электр статикалық сүзгі және циклон. Көмір сүзгісі. Соңына дейін жағушы (диоксид үшін салқындатуды қоса алғанда). Су немесе жартылай құрғақ скруббер. Алюминий тотықты скруббер. Хлорды қалпына келтіру. Оңтайландырылған жағу. Төмен NОх бар жанарғы. Тотығатын скруббер. Күкіртті ұстап алу және кәдеге жарату (SO2 конверсиясы). Салқындатқыш, ЕР, әк/көмірмен адсорбция және мата сүзгісі. Пештерді немесе басқа технологиялық қондырғыларды герметизациялау. Технологиялық үдерістер арасында материалдардың жылжуын минимумға дейін төмендету. Балқытылған металды, штейнді немесе қоқысты тасымалдаған немесе шығарған кезде пайда болатын түтінді жинау үшін сору және шаң аулау жүйесі. |
2. | Металдардың ерітінділерін химиялық тазарту | Мырышты/қорғасынды тазартқан кезде күшән және сүрменің тотығын перманганатты тазарту. Шайырларды күйдіру, конденсаттау немесе құрғақ абсорбциялау. Сілті скруббері НСN асқын оксидтер немесе гипохлоритпен тотықтыру. |
3. | Қалдықтарды қайта өңдеу және жою | Металдарды қалпына келтіру үшін қалдықтарды қайта өңдеу. Құрылыс материалы ретінде қолдану үшін қалдықтарды қайта өңдеу. Уытты қосылыстарды залалсыздандыру. Энергияны мынадай жолдармен қалпына келтіру: концентраттарды балқыту немесе күйдіру немесе конвертерде метал сынығын балқыту үшін реакциялық жылуды пайдалану; тиелетін материалдарды құрғату үшін ыстық технологиялық газдарды пайдалану; пеш газдарының немесе басқа көздерден ыстық газдар қорының көмегімен төгуді алдын ала жылыту; жану үшін рекуперативтік пештерді пайдалану немесе ауаны алдын ала жылыту; отын ретінде түзілетін иісті газды (СО) пайдалану; сілті ерітінділерін ыстық технологиялық газдармен немесе сұйықтықтармен жылыту; пластиктің жақсы сапасын қалпына келтіру мүмкін болмаған және ұшқыш органикалық қосылыстар мен диоксиндерді бөлу болмаған жағдайда шикізаттың кейбір түрлерінің құрамында бар пластмассаны отын ретінде пайдалану; ол қолданылатын жерлерде жеңіл отқа төзімді керамиканы пайдалану. |
6.1 Байер-қақтаудың дәйекті-қатарлас нұсқасы әдісімен глинозем өндіру | ||
6.1.1 Атмосфералық ауаға эмиссияларды барынша азайту | ||
1) | Шикізатты дайындау кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету |
Келіп түсетін шикізатты бақылауды жүзеге асыру. |
2) | Өнімділік гидратын алғанға дейін бокситті және (кальцийлеуден кейін) глиноземді қайта өңдеу кезінде теріс әсерді азайту |
Өзекті диірмендерде сілтілі айналымдық ерітінді ортасында бокситті қабылдау және ұнтақтау. |
3) | Шламнан алюминий оксидін қосымша алу және сілті ысыраптарының орнын толтыру мақсатында Байер тармағының қызыл шламын қайта өңдеу кезінде теріс әсерді азайту |
Әктасты қабылдау кезінде шаң бөлу көздерін (конвейерлер, қайта салу орындары, бункерлер) жабындармен және көбік аппараттарында шаң-ауа қоспасын тазалай отырып, аспирациялық жүйемен жабдықтау. |
6.1.2 Қалдықтармен, жартылай өнімдермен және айналымды материалдармен жұмыс істеу | ||
1) | Қалдықтарды орналастыруды барынша азайту |
Шикізатты дайындау процесіне әк қалдықтарын қайтару (әктасты қайта өңдеу кезінде дымқыл шаңтұтқыштарда шаң аулау кезінде түзілетін әктас шламын білдіреді). |
7. Қалдық сақтауыштар мен үйінділер
№ | Операциялар санаты | Ең озық қолжетімді технологиялар |
1 | 2 | 3 |
1. | Суға төгінділер | Пайдаланылған суды қайталама пайдалану. Эродирленген бөлшектерді тұндыру үшін тұндырғыштарды салу. Сілті қалдықтарын күкірт қышқылымен немесе көмірқышқыл газымен бейтараптандыру. Күшәнді шахталық сулардан темір тұздарын қосу жолымен жою. Қышқыл сарқындыларды тазарту үшін: әктасты (кальций карбонаты), гидранттық әктікті немесе бәсеңдетілмеген әкті қосу; құрамында көп марганец бар ДКП үшін каустикалық соданы қосу; белсенді емес тазарту; ашық әктастық арналар/оттексіз әктік ағындар; су ағызатын құдықтар. |
2. | Шумен күрес | Үзіліссіз жұмыс істейтін жүйелерді (мысалы, транспортерлерді, су құбырларын) пайдалану. Транспортерлердің белдік жетектерін қаптамаға салу. Алдымен үйіндінің сыртқы қиябетін жасау, содан кейін, ол мүмкін болғанша, көлбеу жазықтықтар мен қазып алатын кертпештерді үйіндінің ішкі кеңістігіне тасымалдау. |
3. | Бөгетшені жобалау | Қауіптілігі төмен бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 100 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Қауіптілігі жоғары бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 5000-10000 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Өте жоғары бу қысымының қауіп-қатерін бағалау және бөгетше бөлшектерін салған кезде және құрылыстың барлық кезеңінде бу қысымына бақылау |
4. | Бөгетшені салу | Құрылыс учаскесінен топырақтың құнарлы қабатын алу. Бөгетшені салу үшін пайдаланушылық жүктемелер және климаттық жағдайлардың әсер етуінен өз техникалық сипаттамаларын жоғалтпайтын жарайтын құрылыс материалын таңдау. Құрылыс кезінде мына жағдайлар кезінде көтерілетін ағын әдістерін пайдалану: жергілікті жердің өте төмен сейсмологиялық қауіптілігі; бөгетше салу үшін мөлшері 0.075-4 мм бөлшектері бар барлық қалдық материалдың ең аз дегенде 40-60 % қолдану (қойылған қалдық кезінде қолданылмайды); Құрылыс кезінде бөгетше үшін құрылыс материалының жеткілікті саны бар да төмендейтін ағын әдісін пайдалану (мысалы, қалдықтар немесе қалдық жыныстар). Құрылыс кезінде жергілікті жердің сейсмологиялық төмен қауіпсіздігі кезінде орталық сызық әдісін пайдалану. |
5. | Бөгетшені пайдалану | Авариялық жағдай пайда болған кезде тұндырғы су қоймасына түсірілетін ағынның басқа орынға бұру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Баламалы, мүмкін басқа су қоймасына төгу үшін қондырғылармен қамтамасыз ету. Қосымша құю қондырғыларымен (мысалы авариялық толып кету кезінде) және/немесе авариялық жағдайлар үшін су қоймасындағы судың деңгейі су үстіндегі борттың барынша төмен белгісіне жеткен кезде резервті сорғы баржаларымен қамтамасыз ету. Жыныстардың жылжуын тереңдік инклинометрлермен өлшеу және бу қысымының жай-күйі туралы мәліметтер алу. Тиісті дренажды қамтамасыз ету. Барлық жаңартуларды/өзгерістерді енгізе отырып, жобалау және құрылыс кезінде жазуларды жүргізу. Бөгетшенің қауіпсіздігін қолдау жөніндегі нұсқаулықты тәуелсіз аудиторлармен үйлестіре сақтау. |
6. | Тұндырғы су қоймасы | Аңғарда және аңғардан тыс орналасқан су қоймалары үшін табиғи грунтқа суағарды пайдалану. Қоршалған су қоймалары үшін оң су балансы бар салқын климатта су алатын мұнараны пайдалану. Егер жоғары жұмыс су үстіндегі борт қолданылса, қоршалған су қоймалары үшін кері су балансы бар жылы климатта су алатын құдықты пайдалану. |
7. | Қалдықтар мен бос жыныстарды (үйіндіні) жою және залалсыздандыруға арналған құрылыстар | Табиғи сыртқы ағынды бұру. Карьерлерде қалдықтар мен бос жынысты өңдеу. Грунтты прогрессивті қалпына келтіру/рекультивациялауды жүргізу. |
8. | Орнықтылықты бақылау | Қалдық сақтауышты/бөгетшені бақылау. Су деңгейін бақылау. Бөгетшеден өтіп кететін ағындының сапасы мен санын бақылау. Барлық элементтердің геометриясын бақылау. Бу қысымын бақылау. Сейсмикалықты бақылау. Динамикалық бу қысымы мен сұйытуды бақылау. Грунттар механикасы. Көзбен инспекциялау, тәуелсіз аудиттер. |
9. | Авариялардың алдын алу және салдарларын жою | Авариялар жағдайына іс-шараларды жоспарлау. Авариялық жағдайларды бағалау және салдарларды жою үшін іс-шаралар. Құбырларға бақылау. |
10. | Бұзылған қоршаған ортасы бар аймақты азайту | Кері жауып тастауды кен орындарды әзірлеудің шарттарының бірі ретінде қарастыру. Кері жауып тастауға қол жеткізетін жақындағы ашық істен шыққан кеңістіктерді пайдалану. Шахталардағы үлкен тазарту забойларын (қазып алу камераларын) жауып тастау қалдықтар мен тау жыныстарын пайдалану мүмкіндігін зерттеу. |
11. | Жабу және одан кейінгі өңдеу | Құнын бағалауды қоса алғанда, жобалау және пайдалану стадияларында жабу және одан кейінгі өңдеу жоспарларын әзірлеу, уақыт өткеннен кейін оларды жаңарту. Цианидті пайдалана отырып, алтынды сілтілеу қолданылатын барлық өндірістер үшін мыналарды қолдану жолымен CN4 пайдалануын төмендету: цианидты қосуды барынша азға дейін төмендетуге бағытталған пайдаланудың стратегияларын; цианидты автоматты бақылауды; мүмкіндігінше, асқын оксидтермен алдын ала өңдеу; тұндырғыға түсірер алдында қалған бос цианидтерді бұзу. Мынадай қауіпсіздік іс-шараларына қолдану: нақтылай талаптардан екі есе асатын еңбек өнімділігімен цианидті бұзу тәсілін пайдалану; әкті қосу үшін резервті жүйені қондыру; резервті күшті агрегатын қондыру. Барлық алюминий тотығы зауыттары үшін: пайдалану кезінде - жер үсті суларға сарқынды сулардың төгілуіне жол бермеу бұған зауыттағы өндірістік суды тазартудан кейін қайталама пайдаланумен қол жеткізіледі; жабудан кейін өңдеу стадиясында: химиялық құрамы жер үсті суларға төгу үшін қолайлы шоғырлануларға сәйкес болмағанша, қалдықтар мен тау-кен жыныстарын залалсыздандыру үшін құрылыстардан төгу алдында жер үсті ағынды тазарту; келетін жолдарды, дренаж жүйелерін және өсімдік жамылғысын қолдау (қажет болса, өсімдікті қалпына келтіруді қоса алғанда); жер астындағы сулардың сынамаларын алуды жалғастыру; Барлық көмір қазулар үшін: сүзілудің алдын алу; ұсақ қалдықтарды сусыздандыру (< 0,5 мм). |
8. Химия өнеркәсібі
№ | Операциялар санаты | Ең озық қолжетімді технологиялар | Қосымша көрсеткіштер |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сарқынды суларды жинау жүйесі | Техникалық ластанған және ластанбаған жаңбыр суын және басқа да ластанбаған су ағындарын бөлу. Ластанудың әртүрлі типінің техникалық суларын бөлу. Ластанған сулардың авариялық көлемі үшін резервтік ыдыс. Өрт сөндіру үшін су резерві. Қауіпті және тұтанатын заттар үшін дренаж жүйесі (мысалы, от аймағынан тасымалдау үшін). | |
2. | Ағындарды басқарудың кешенді схемасы | Стадияларды пайдалана отырып, ағындарды тазартудың неғұрлым ұтымды схемасын таңдау: орында биологиялық ССТҚ (сарқынды суларды тазарту бойынша қондырғыларда) орталықтандырылған түпкілікті тазарту: қалалық ССТҚ орталықтандырылған түпкілікті тазарту; химиялық-механикалық ССТҚ бейорганикалық сарқынды суларды орталықтандырылған түпкілікті тазарту; жергілікті ТИ орталықсыздандырылған тазарту. | |
3. | Құрамында мұнай және басқа да көмірсутегілері бар ағындар | Мұнайды/суды циклонмен айыру. Түйіршіктелген сүзілу материалдарды немесе газ флотациясын пайдалана отырып, сүзу. Орталықтандырылған биологиялық ССТҚ, немесе қалалық ССТҚ, немесе жеке тазарту қондырғысында биологиялық тазарту | Тазартылған ағындарда: С3 барынша көп болуы: 0,05-1,5; мг/л: оттектегі биологиялық қажеттілік (ОБҚ5)-2-20 |
4. | Эмульсиялар | Эмульсиялардың олардың пайда болу көзінде ыдырауы және бөлінген құрамдас құрауыштарды кәдеге жарату Оларды кейіннен айыра отырып, флокулянттарды және/немесе коагулянттарды қосу Эмульсияларды олардың пайда болу көзінде тотығу, конденсациямен булану, жану немесе биологиялық ыдырау жолымен жою | |
5. | Істен шыққан газдарды тазарту | Бөлінетін газдарды жинау жүйесі, тұтану және жарылыс қауіп-қатерінің алдын алу. Газдарды өңдеудің біртінділігінің барынша ұтымды схемасын таңдау. Шаңды және қатты бөлшектерді аулау: айыру, құрғақ және су циклондау, май және мата сүзгілер, электр сүзгілер. (Сондай-ақ "Жылу қондырғылары" бөлімді қараңыз) Жеңіл органикалық қосылыстар мен басқа құрауыштарды аулау: газды сулы тазарту (су, қышқыл ерітінді, сілті) сутегі, Сl2, SO2, Н2S, NН3, галоид үшін, СS2, СOS үшін сусыз еріткішпен газды тазарту, СS2, СOS, Нg үшін адсорбция, NН3, Н2S, СS2 үшін биологиялық газды тазарту, Н2S, СS2, СOS, НСN, СО үшін жағу, хлорды сутегіні кәдеге жарату; NН3 кәдеге жарату Сүзгінің көмегімен өртенетін газбен өңдеуден кейін диоксиндердің санын қысқарту |
9. Қалдықтарды өңдеу саласы үшін технологиялар тізбесі
№ | Операциялар санаты | Ең үздік қол жетімді технологиялар* |
1 | 2 | 3 |
1. Қалдықтарды өңдеу кезінде қызметтің жалпы түрлері | ||
1) | Табиғатты қорғау қызметін ұйымдастыру | Қоршаған ортаны басқару жүйесінің болуы; пайдалану бойынша толық деректерді дайындау (қалдықтармен жұмыс істеу әдістерінің сипаттамасы, көзделген қауіпсіздік шаралары және т.с.с); кәсіпорынды басқарудың бекітілген рәсімдерінің болуы (техникалық қызмет көрсету, қызметкерлер құрамын оқыту, және т.с.с); өндіруші мен қалдықтарды алушы арасындағы дұрыс өзара әрекет ету; білікті қызметкерлер құрамының болуы. |
2) | Қалдықтар туралы білім деңгейін арттыру | Түсетін қалдықтар туралы нақты деректердің болуы (қауіптілік түрі, шығуы, сыныбы); қалдықтарды алдын ала дайындау әдістерін енгізу (сынамаларды химиялық талдау, өңдеу әдісін белгілеу); қалдықтарды қабылдау әдістерін енгізу (қабылдау тетіктерін орнату, визуалды байқау, сипаттамаға сәйкестікті тексеру); сынамаларды іріктеудің түрлі әдістерін енгізу (физика-химиялық параметрлерді белгілеу, қалдықтардың түрлеріне қарай сынамаларды іріктеу әдістемелерін белгілеу); қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру (зертханалардың, қойманың, бекітілген түскен қалдықтарды басқару жөніндегі рәсімдердің болуы). |
3) | Қалдықтардың пайда болуы | пайда болатын қалдықтарды талдаудың болуы (атауы, саны, көлемі, орналастыру орны). |
4) | Басқару жүйесі | Қалдықтарды өңдеу процесінде мониторинг жүйесінің болуы (процестердің блок-сызбаларын жасау, процестерді жазу, дерекқордың болуы); Қалдықтарды араластыру үшін негіздемелердің болуы (қалдықтардың түрін, олармен жұмыс істеу әдісін ескеріп, оларды араластыру бойынша шектеу); бөлу/бірге сақтау әдістері негіздемелерінің болуы (қауіптілік сыныбына қарай қалдықтарды сақтау); қалдықтарды өңдеу тиімділігін белгілеу; апаттар кезінде іс-қимылдар жоспарының болуы; ақауларды құжаттау; шу мен тербелісті төмендету бойынша іс-шараларды іске асыру; жабдықтарды консервациялау. |
5) | Ресурсты үнемдеу | Энерготиімділікті арттыру (энергия үнемдеу технологияларын қолдану, энерготиімділікті арттыру жоспарын іске асыру); қалдықтарды қайталап пайдалану. |
6) | Қалдықтарды сақтау | Сақтаудың негізгі әдістерінің болуы (сақтау орнының орналасқан жерін белгілеу, болуы мүмкін тәуекелдерді болдырмау, тазалау жүйесінің болуы); резервуарлар мен технологиялық құбырларды таңбалау, оларды есепке алу, техникалық қызмет көрсету кестесінің болуы); қалдықтарды жинау және сақтау; қалдықтарды тиеу мен түсіруді басқару, қалдық шығаратын газдарды оқшаулау жүйелерінің болуы, қатты қалдықтарды желдеткіш жүйесі мен тазалағыш жабдығы бар жабық аймақтарда түсіру; буып-түйілген қалдықтарды тығыздауға/араластыруға арналған технологияның болуы; қалдықтарды сақтау алдында сорттау. |
7) | Өзге жиі қолданылатын технологиялар | Қалдықтарды ұсақтау және сүзу кезінде сорғыш желдеткіш жүйелерін қолдану; қалдықтарды жабық қондырғыларда ұсақтау; шаю үшін тазартылған ағын суларды пайдалану. |
8) | Атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығуын төмендету |
Жабылатын бактарды, резервуарлар мен шұңқырларды қолдану; тиісті газ тазалағыш қондырғыға бұруға арналған құрылғысы бар бекітулі (жабық) жүйені қолдану; газ тазалағыш қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету; бейорганикалық қоспаларды жоюға арналған газ тазалағыш қондырғының болуы; газдардың кемуін анықтау және болдырмауға арналған әдістерді қолдану; |
9) | Ағынды суды басқару | Суды пайдалану көлемін қысқарту (гидрооқшаулау әдістерін қолдану, бактар мен шұңқырларды тексеруді жүргізу, сусіңгіш жүйелерін қолдану); ағынды судың қолданылатын тазалау жүйелеріне сәйкестік көрсеткіштерін анықтау; ағынды судың тазалаусыз лықсуын болдырмау бойынша іс-шараларды іске асыру; ағынды суды жинау жөніндегі технологияның болуы; ағынды судың ластану деңгейіне қарай су қашыртқы жүйесін бөлу; бүкіл аумақта бетон еденнің болуы; кейін қолдану мақсатымен резервуарларға жаңбыр суын жинау; тазартылған ағынды су мен жаңбыр суын қайтадан пайдалану; ағынды суды тазалаудың тиімділігін күн сайынғы тексеру және журнал жүргізу; ең маңызды ластайтын заттарды ұстауға тазартылған ағынды суды сынау; ағынды суды бақылау және тазалау бойынша операциялардың сенімділігін арттыру; пайда болатын ағынды судың ең маңызды көрсеткіштерін белгілеу; ағынды судың жылыстауын тек оларды тазартқаннан кейін ғана қамтамасыз ету; ағынды судағы ластайтын заттектердің мөлшерін азайту. |
10) | Пайда болатын қалдықтарды басқару | Пайда болатын қалдықтарды басқару жоспарының болуы; көп реттік буманы қайта пайдалану және арттыру (бөшкелер, контейнерлер, канистрлер, түпқоймалар); қалдықтарды түгендеу; калдықтарды қайта пайдалану. |
11) | Топырақтың ластануын болдырмау | Өндірістегі беттерге техникалық қызмет көрсету (жылыстау мен ағу жағдайларын жою, журнал жүргізу); су өткізбейтін еден мен сусіңгіштің болуы; жерүсті және жерасты жабдығының санын азайту. |
2. Қалдықтарды өңдеудің ерекше түрлері | ||
1) | Қалдықтарды биологиялық өңдеудің техникалық жүйесін негізделген автоматтық реттеу | Биологиялық жүйелерді реттеу (автоматты есіктер, жарық беретін бункерлер орнату); қалдықтарды сұрыптау түрлері әдістері бойынша бөлу; анаэробты ыдырату әдістерін қолдану; атмосфералық ауаға шаңның, азот оксидінің, күкірт оксидінің көміртек оксидінің, күкіртті сутектің және ұшпа органикалық қоспалардың шығарылуын төмендету; механика-биологиялық өңдеу технологиясын қолдану; механика-биологиялық өңдеу кезінде иісті, аммиак пен сынапты азайту; ағынды судағы жалпы азоттың, аммоний азотының, нитраттар мен нитриттердің мөлшерін азайту. |
2) | Сұйық қалдықтарды физика-химиялық өңдеу | Физика-химиялық әдістерді қолдану; сұйық қалдықтарды физика-химиялық өңдеу үшін олардың қосымша сипаттамаларын анықтау; бейтараптандырылған компоненттерді жеке сақтау; металдарды тұндыру процесінде рН деңгейін реттеу, пайда болатын тұнбаны сорғыту; тотығу процесінде қауіпсіздік шаралары мен газ хабарлағыш қолдану; сүзу және сорғыту уақытында ауаға газ шығарылуын төмендету; коагуляция және буландыру кезінде флокулирлейтін заттектер қосу; жылдам тазалау, бумен тазалау және суарумен немесе сүзгілердің тесіктері қысымымен тазалауды қолдану. |
3) | Қатты қалдықтарды физика-химиялық өңдеу | Бейорганикалық қоспалардың сілтісізденушілігін тексеруді жүзеге асыру; тығыздауға қалдықтардың түсуін шектеу; жабық конвейерлер жүйелерін қолдану; арту және тиеу кезінде газ шығарылуын ықшамдау жүйесінің болуы; қатты қалдықтарды көму алдында кристалдау немесе балқыту процестерін басым түрде қолдану. |
4) | Ластанған топырақты физика-химиялық өңдеу | Ластанған топырақты бақылауды жүзеге асыру; қолданылатын әдістердің жарамдылығын белгілеу; жинау және бақылауға арналған жабдықтың болуы; процестің тиімділігі туралы есептерді құру. |
5) | Пайдаланылған мұнай өнімдерін тазалау | Түсетін материалды бақылауды жүзеге асыру; құрамында хлоры бар қоспалар мен полихлорбифенилдердің болуын тексеру; үздіксіз біркелкі дистилляцияға арналған қондырғыда газ фазасының конденсациясын қолдану; көлік құралдарын тиеу және түсіру кезінде газ шығарылуын азайту; термиялық тотығуды пайдалану; вакуумдық жүйені пайдалану; вакуумдық дистилляция кезінде пайда болатын қалдықтарды пайдалану; пайдаланылған мұнай өнімдерін қайта айыру процесін пайдалану; ағынды судағы мұнай өнімдері мен фенолдардың мөлшерін азайту. |
6) | Еріткіштерді бастапқы қалпына келтіру | Түсетін материалды бақылау; қалдықтарды буландыру. |
7) | Пайдаланылған бейтараптандырғышты бастапқы қалпына келтіру | Жеңдік сүзгішті қолдану; күкірт оксидін тазалау жүйесін қолдану. |
8) | Белсенді көмір қалдықтарын бастапқы қалпына келтіру | Сапаны бақылауды жүзеге асыру; техникалық көмірді өңдеу үшін бастапқы қалпына келтіруді қолдану; азық-түлік өнімдері мен ауыз суға жарамды белсенді көмірді бастапқы қалпына келтіруге арналған камераларды қолдану; газ тазалауыш қондырғыларды қолдану; ағынды судың тазалау құрылыстарының болуы. |
9) | Отын ретінде пайдалану үшін қалдықтарды дайындау | Қалдықтардан өндірілген отын құрамы туралы қолда бар мәліметтерді беру; өндірілген отынның сипаттамаларына кепілдік беру үшін сапаны қамтамасыз ету жүйесінің болуы; қалдықтардан жасалған отынның әр түрін өндіру; ағынды судың тазалау құрылыстарының болуы. |
10) | Қауіпсіз қалдықтардан жасалатын қатты отын өндірісі | Түсетін қалдықтарды визуалды тексеру; қара металдарға арналған магнитті айырғыш пен түсті металдарға арналған айырғышты қолдану; пластикті сұрыптауға арналған спектроскопия технологиясын пайдалану. |
11) | Қауіпті қалдықтардан жасалатын қатты отын өндірісі | Кептіру және жылыту процестеріндегі тұтану қаупін есепке алу; желдеткіш жүйелері бар болған жағдайда жабық ғимараттарда араластыру процесін жүзеге асыру; ластайтын заттектерді ұстауға арналған сүзгілерді қолдану. |
12) | Қауіпті қалдықтардан жасалатын сұйық отын өндірісі | Сұйық отынды қыздыру кезінде бакқа кіріктірме жылу алмастырғышты қолдану; сұйық отынның біртектілігін қамтамасыз ету. |
13) | Ықтимал жұқтырған медициналық қалдықтарды залалсыздандыру | Жұмыс камерасының ішіндегі температура мен қысым кезінде механикалық деструкция мен термиялық стерилизацияны (протеинді лизис) қолдану. Қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды толық залалсыздандыруға, жағымсыз иістерді жоюға, барлық арналар жүйесі мен жабдықтың ішкі кеңістігін бактерицидті бумен (Сl2O) толық стерилизациялауға дейін камераға шашырайтын NaСlО ерітіндісінің шағын дозалары. Медициналық қалдықтарды өңдегеннен кейін алынған материал, құрғақ, стерильді, экологиялық қауіпсіз, гомогенді масса ҚТҚ полигонына көмуге жіберіледі. |
14) | Бетон және құрылыс қалдықтарына арналған тас ұсатқыш | Құрылыс материалы ретінде пайдалану үшін қиыршық тасты және боялған материалды алу үшін бетонды, құрылыс қалдықтарын ұсақтау. |
15) | Ағаш материалдарына арналған айналмалы үгіткіш | Ағаш қалдықтарын одан әрі пайдалану үшін ағаш шикізатына ұсақтау. |
16) | Баспа сүзгілерін қолдану | Кәріз тазарту қондырғыларында пайда болған тұнбаны сусыздандыру және оны одан әрі жою үшін. |
17) | Тамақ және органикалық қалдықтармен жұмыс істеу |
Тамақ қалдықтарын көмуге тыйым салу |
18) | Химиялық ток көздерімен (батарейкалармен) жұмыс істеу | Химиялық ток көздері (батареялар) қалдықтарының қауіпті қасиеттерін төмендететін оларды залалсыздандырмай, тұрақтандырмай және басқа да әсер ету тәсілдерінсіз көмуге тыйым салу. |
Ескертпе: Ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша анықтамалық құжаттар ретінде Қоршаған ортаның ластануын болдырмау және оны кешенді бақылау жөніндегі Еуропа бюросымен ұсынылған анықтамалықтар пайдаланылуы мүмкін (IPPC BUREAU - http://eippcb.jrc.es/reference).