Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12497 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 19-бабының 14-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін электрондық нұсқада елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды сандық қолтаңбасымен куәландырылған көшірмесін электрондық нұсқада елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен бірге беруді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Министр

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 371 бұйрығымен
бекiтiлген

Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2018 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату тәртібін анықтайды.

      2. Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату тәртібі

      3. Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар тоқсанның соңғы айының 25-күніне дейін тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) монументті өнердің жаңа құрылыстарын (бұдан әрі – жаңа құрылыс) орнату жөніндегі ұсыныстарын жолдайды.

      4. Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың жаңа құрылыс орнату туралы ұсыныстарын қарау үшін уәкілетті орган монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      5. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, мүшелерден құралады. Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссияның төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, Комиссияның отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.

      Комиссия өзінің қызметін уәкілетті органның шешімі негізінде тоқтатады.

      6. Жаңа құрылыс орнату жөніндегі келіп түскен ұсыныстар Комиссиямен:

      1) аса көрнекті тұлғаның Қазақстан Республикасы алдындағы еңбек үлесінің және (немесе) Қазақстан Республикасы үшін тарихи маңыздылығының болуына;

      2) осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкестілігіне қаралады.

      7. Комиссия үш жұмыс күні ішінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) келіп түскен ұсынысты қолдау және осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды, жаңа құрылыстың макетін ұсыну туралы ұсыным беру;

      2) аса көрнекті тұлғаның Қазақстан Республикасы алдындағы еңбек үлесінің және (немесе) Қазақстан Республикасы үшін тарихи маңыздылығының болмауына және осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкессіздігіне орай жаңа құрылысты орнатуға қарсылық көрсету.

      8. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады.

      9. Жаңа құрылысты орнату жөніндегі ұсыныстар қолдау тапқан жағдайда, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар уәкілетті органға тоқсанның соңғы айының 25-күніне дейін келесі құжаттарды және жаңа құрылыстың макетін жолдайды:

      1) аса көрнекті тұлғаны және (немесе) маңызды тарихи оқиғаны мәңгі есте қалдыру туралы ерікті нұсқадағы хат;

      2) аса көрнекті тұлғаның еңбек үлесін және (немесе) маңызды тарихи оқиғаның маңыздылығын растайтын архивтік және өзге құжаттардың көшірмелері;

      3) жаңа құрылысты орнату үшін бөлінген жер телімін растайтын құжат (шешім, қаулы);

      4) жаңа құрылысты қаржыландыру көздерін растау;

      5) жаңа құрылыстың нобайлық жобасы:

      жаңа құрылыстың атауын және оның орналасатын орнын;

      жаңа құрылыстың авторларының (сәулетші, мүсінші) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және олардың қолтаңбаларын;

      жаңа құрылыстың қысқа негіздемесін және сәулеттік-көркемдік, композициялық шешімдерін, конструкциялық сипаттамасын және аумақты абаттандыру элементтерін, болжамды жүзеге асыру мерзімін мазмұндайтын түсіндірме жазбаны;

      жаңа құрылыстың қалақұрылысы құрылымындағы жерде орналасуының дүниенің төрт бағыты көрсетілген ситуациялық схемасын;

      1:500 (1:200) масштабтағы жаңа құрылыстың абаттандыру элементтерімен бас жоспары.

      10. Комиссиямен ұсынылған құжаттардың толықтығы және анықтылығы, жаңа құрылыстың макеті көркемдік бейнелілігі тұрғысынан қаралады. Көркемдік бейнелілік тұлғаның шынайы бет бейнесімен ұқсастығын, жаңа құрылыс сұлбасының көлемі мен формасының, дененің жеке мүшелері, киім бөлшектерінің, заттарының үйлесімділігін қамтиды.

      11. Комиссия отырысы нәтижесінде жаңа құрылыстарды орнатуды қолдау немесе қолдамау туралы шешім шығарылады.

      Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жолданады.

      Жаңа құрылыс Комиссияның оң шешімі негізінде орнатылады.

Об утверждении Правил установления новых сооружений монументального искусства

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 371. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 декабря 2015 года № 12497. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 апреля 2020 года № 103 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 28.04.2020 № 103 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие c 01.01.2016 г.

      В соответствии с подпунктом 14-10) статьи 19 Закона Республики Казахстан от 2 июля 1992 года "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления новых сооружений монументального искусства.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление копий настоящего приказа для официального опубликования в информационно-правовой системе "Әділет" и периодическом печатном издании на электронном носителе с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью, для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, удостоверенных электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью;

      3) после официального опубликования размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие c 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр

А. Мухамедиулы


  Утверждены
приказом Министра
культуры и спорта
Республики Казахстан
от 2 декабря 2015 года № 371

Правила установления новых сооружений монументального искусства

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 29.12.2018 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления новых сооружений монументального искусства (далее – Правила) определяют порядок установления новых сооружений монументального искусства.

      2. Установление новых сооружений монументального искусства осуществляется в целях увековечения памяти выдающихся личностей, значимых исторических событий.

Глава 2. Порядок установления новых сооружений монументального искусства

      3. Государственные органы, юридические и физические лица направляют предложения об установлении нового сооружения монументального искусства (далее – новое сооружение) в уполномоченный орган в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия (далее – уполномоченный орган) до 25 числа последнего месяца квартала.

      4. Для рассмотрения предложений государственных органов, юридических и физических лиц об установлении нового сооружения уполномоченный орган создает Комиссию по установлению новых сооружений монументального искусства (далее – Комиссия).

      5. Комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, членов. Количество членов Комиссии является нечетным. Секретарь не является членом Комиссии.

      Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, проводит заседания Комиссии. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      Комиссия прекращает свою деятельность на основании решения уполномоченного органа.

      6. Поступившие предложения об установлении нового сооружения рассматриваются Комиссией на предмет:

      1) наличия заслуги перед Республикой Казахстан выдающейся личности и (или) исторической значимости события для Республики Казахстан;

      2) соответствия требованиям пункта 2 настоящих Правил.

      7. Комиссия в течение трех рабочих дней принимает одно из следующих решений:

      1) одобрить поступившее предложение и рекомендовать о представлении документов и макета нового сооружения, указанных в пункте 9 настоящих Правил;

      2) отказать в установлении нового сооружения ввиду отсутствия заслуги перед Республикой Казахстан выдающейся личности и (или) исторической значимости события для Республики Казахстан и несоответствия требованиям пункта 2 настоящих Правил.

      8. Решение Комиссии оформляется протоколом и направляется в государственные органы, физическим и юридическим лицам в течении трех рабочих дней со дня его подписания.

      9. В случае одобрения предложений об установлении нового сооружения государственные органы, юридические и физические лица направляют в уполномоченный орган до 25 числа последнего месяца квартала, следующие документы и макет нового сооружения:

      1) письмо в произвольной форме об увековечении памяти выдающейся личности и (или) значимого исторического события;

      2) копии архивных и иных документов, подтверждающих заслугу выдающейся личности и (или) значимость исторического события;

      3) документ (решение, постановление), подтверждающий отвод земельного участка для установления нового сооружения;

      4) подтверждение источников финансирования нового сооружения;

      5) эскизный проект нового сооружения, который включает в себя:

      наименование нового сооружения и его месторасположение;

      фамилию, имя, отчество (при наличии) авторов (архитекторов, скульпторов) нового сооружения и их подписи;

      пояснительную записку, содержащую краткое обоснование и описание архитектурно-художественного, композиционного решения нового сооружения, описание конструкций и элементов благоустройства территории, ориентировочные сроки реализации;

      ситуационную схему расположения нового сооружения в градостроительной структуре местности с указанием четырех направлений света;

      генеральный план нового сооружения с элементами благоустройства в масштабе 1:500 (1:200).

      10. Представленные документы рассматриваются Комиссией на предмет полноты и достоверности, макет нового сооружения на художественную выразительность. Художественная выразительность включает сходство черт лица с реальной личностью, пропорциональность объемов и форм силуэта, отдельных частей тела, деталей одежды, предметов нового сооружения.

      11. По результатам заседания Комиссия выносит решение об одобрении либо об отказе в одобрении установления нового сооружения.

      Решение Комиссии оформляется протоколом и направляется в государственные органы, физическим и юридическим лицам в течении пяти рабочих дней со дня его подписания.

      Новое сооружение устанавливается на основании положительного решения Комиссии.