Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 682 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12524 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 682 бұйрығымен
бекітілген

Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Нарық кеңесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) Нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі көрсетілетін қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Нарық кеңесінің жұмыс істеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Нарық кеңесі:

      1) Электр энергиясы мен қуат нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;

      2) отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғылар салумен инвестициялық бағдарламаларды, оның ішінде жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарайды;

      3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

1. Параграф. Электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс
істеуіне мониторингілеуді жүзеге асыру тәртібі

      5. Келесі іс-әрекеттерді жасау жолымен Нарық кеңесі электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті әрдайым жүзеге асырады:

      1) электр энергиясы көтерме нарығы субъектілерін реестрге енгізу және енгізу тәртібін анықтау;

      2) электр энергиясымен қуаты нарығының негізгі көрсеткіштерін енгізу және анықтау;

      3) Осы Қағидаларда көрсетілген құрамда және аралықта электр энергиясымен қуаты нарығының жұмыс істеуі туралы есепті (бұдан әрі - Есеп) уәкілетті органға ұсыну.

      6. Есеп уәкілетті органға есепті жылдың тоқсандарының қорытындылары бойынша (бұдан әрі – Тоқсандық есеп) тоқсандардың әрқайсысы аяқталғаннан кейін бір ай ішінде ұсынылады, бұл ретте есепті жылдың соңғы тоқсанындағы тоқсандық есептің орнына есепті жыл аяқталғаннан кейін екі ай ішінде ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша есеп (бұдан әрі – Жылдық есеп) ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Есептер уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде Нарық кеңесінің ресми бланкісінде ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті органға енгізілетін есеп еркін нұсқада келесідей ақпараттардың міндетті түрде болуы шарт:

      1) есепті беру кезіндегі электр энергиясы көтерме сауда нарығының жаңартылған субъектілер реестрі;

      2) электр энергиясымен қуаты нарығының негізге көрсеткіштерінің алдыңғы жылмен салыстарғындағы, оның ішінде есеп тапсырылғандағы кезеңнің алдыңғы жылдың аналогиялық кезеңімен салыстарғандағы динамикасы;

      3) сондай-ақ жығымсыз динамика себептерін болдырмау және негізгі оң көрсеткіштері динамикасы үшін жағдай жасау бойынша Уәкілетті органға ұсыныстар келтірумен электр энергиясымен қуат нарығының тиісті көрсеткіштерінің өзгеруінің себептері, негізгі көрсеткіштерінің динамикасын талдау;

      4) Жылдық есеп жағдайында есептіден кейін жылға және тоқсандық есеп жағдайындағы есептік кезеңнің соңына дейін электр энергиясымен қуаты нарығының негізгі көрсеткіштерінің динамикасын өзгерту болжамы.

      9. Осы Ереженің 8 тармағы 2), 3) және 4) тармақтарында көрсетілген ақпараттар Заңның 15 бабының 1 тармағында сипатталған әр электр энергиясы көтерме нарығынан тұратындар үшін ұсынылады.

      10. Нарық кеңесі әрбір есепті өзінің жалпыға қолжетімді ресми интернет-ресурсында уәкілетті органға тиісті есепті ұсынған сәттен бастап бес күннен кешіктірмей жариялауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Параграф. Инвестициялық бағдарламаларды қарау тәртібі

      11. Нарық кеңесі Уәкілетті органнан қарастыруға келіп түскен инвестициялық бағдарламаны оның келіп түскен сәтінен бастап он бес күн ішінде осы Қағидамен сипатталған тәртіпте оның іске асырылуының жөнділігі немесе жөнді еместігі туралы қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) береді.

      12. Нарық кеңесі инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөнділігін бағалау үшін қарастыруға ұсынылған инвестициялық бағдарлама бойынша уақытша комиссия құрады.

      13. Комиссия құрамында келесідей тұлғалар болуы қажет:

      1) Нарық кеңесімен анықталған кәсіпорын басшысы;

      2) Нарық кеңесі өкілі болып табыладытын және тиісті салада жұмыс тәжірибесі бар жоғары техникалық білімі бар бірден аз емес сарапшы және экономикалық білімі бар бірден аз емес сарапшы;

      3) электр энергетикасы саласында тәжірибесі бар басқада сарапшылар.

      14. Комиссия кемінде бес адамнан тұрады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Комиссия құрамына жеке кәсіпкерлік туралы заңнамаға сәйкес инвестициялық бағдарламадағы ақпараттарға рұқсат бұзушылық болып табылатын тұлғалармен кәсіпорындар қосыла алмайды.

      16. Комиссиямен ұсынылған инвестициялық бағдарламаны қарастыру және қорытынды дайындау тәртібін Нарық кеңесі өзінше орнатады.

      17. Қорытынды еркін нұсқада келесідей ақпараттардың міндетті түрде болуымен қалыптастырылады:

      1) ұсынылған инвестициялық бағдарламадағы шаралардың техникалық және технологиялық жөнділігі;

      2) ұсынылған инвестициялық бағдарламадағы шараларға қаржылық шығындардың жөнділігі және көлемін талдау;

      3) ұсынылған шаралар аясында қарастырылатын алу, жұмыс және қызмет, тауар бағалық ұсынымдарын өзекті талдау;

      4) ұсынылған инвестициялық шаралардың қорытындыға жету нүктесінен қарағанда осы шараларды орындауға себеп болған көлемінің жөнділігін талдау;

      5) талдау қорытындылары негізінде негізделген инвестициялық бағдарлама бойнша қорытынды;

      6) инвестициялық бағдарлама бойынша қабылданған шешімге негіздеме.

      18. Уәкілетті органға қорытынды Нарық кеңесінің ресми бланкісінде мемелекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

      19. Қорытынды аталған инвестициялық бағдарламаны қарастыруға қатысқан Комиссия мүшелерінің қолтаңбаларымен куәләндіріледі (бекітіледі).

3. Параграф. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр
энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
енгізу тәртібі

      20. Осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нұсқада Нарық кеңесі жыл сайын 1 тамызға дейінгі мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

4. Параграф. Уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды
жүзеге асыру тәртібі

      21. Уәкілетті органның сұранысы бойынша Нарық кеңесі сұрастырылып отырған ақпаратты ұсынады.

  Нарық кеңесінің жұмыс істеу
қағидаларына
1 қосымша

      нысан

Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жақсарту бойынша
ұсыныстар

      1. Қолданыстағы электр энергетикасы саласындағы НҚА немесе НТҚ

      жақсарту бойынша ұсыныстар

Өзгерістерді қажет ететін НҚА немесе НТҚ атауы

НҚА немесе НТҚ қолданыстағы редакциясының структуралық элементі

НҚА немесе НТҚ структуралық элементіне ұсынылатын редакция

Негіздеме*

1

2

3

4

5

1.





2.





...






      2. Электр энергетикасы саласындағы жаңа НҚА немесе НТҚ әзірлеу

      бойынша ұсыныстар

№ п/п

Әзірлеуді қажет ететін НҚА немесе НТҚ атауы

Негіздеме

1

2

5

3.



4.



...




      Ескертпе:

      * - қажет болған жағдайда негізделген есептемелер қоса беріледі;

      ** - міндетті түрде НПА немесе НТҚ жобасы әзірленген жобасы қоса беріледі.

Об утверждении Правил функционирования Совета рынка

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 682. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2015 года № 12524.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 70-10) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила функционирования Совета рынка.

      2. Департаменту электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет";

      3) направление копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней со дня его получения в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник


  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 3 декабря 2015 года № 682

Правила
функционирования Совета рынка

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила функционирования Совета рынка (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 70-10) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике" (далее – Закон) и определяют порядок функционирования Совета рынка.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия и определения:

      1) Совет рынка – некоммерческая организация, осуществляющая деятельность по мониторингу функционирования рынка электрической энергии и мощности, а также другие функции, предусмотренные Законом.

      2) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в области электроэнергетики.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок функционирования Совета рынка

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Совет рынка:

      1) осуществляет мониторинг функционирования рынка электрической энергии и мощности;

      2) рассматривает инвестиционные программы, в том числе инвестиционные программы по модернизации, реконструкции и (или) расширению со строительством генерирующих установок с использованием газа в качестве альтернативного типа топлива;

      3) вносит предложения уполномоченному органу по совершенствованию законодательства Республики Казахстан об электроэнергетике;

      4) осуществляет иные функции, определенные уполномоченным органом.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Решения совета рынка носят рекомендательный характер.

Параграф 1. Порядок осуществления мониторинга функционирования
рынка электрической энергии и мощности

      5. Совет рынка осуществляет постоянный мониторинг функционирования рынка электрической энергии и мощности путем выполнения следующих действий:

      1) определения порядка ведения и ведение реестра субъектов оптового рынка электрической энергии;

      2) определение и ведение основных показателей рынка электрической энергии и мощности;

      3) предоставление в уполномоченный орган отчетности о функционировании рынка электрической энергии и мощности (далее – Отчет), состав и периодичность предоставление которой описаны данными Правилами.

      6. Отчет предоставляется в уполномоченный орган по итогам кварталов отчетного года (далее – Квартальный отчет) в течение месяца после окончания каждого из кварталов, при этом вместо Квартального отчета за последний квартал отчетного года в течение двух месяцев после окончания отчетного года предоставляется отчет по итогам текущего года (далее – Годовой отчет).

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Отчеты предоставляется в уполномоченный орган на государственном и русском языках на официальном бланке Совета рынка.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Вносимые в Уполномоченный орган Отчеты излагаются в свободной форме с обязательным наличием следующей информации:

      1) обновленный на момент предоставления отчета реестр субъектов оптового рынка электрической энергии;

      2) динамика основных показателей рынка электрической энергии и мощности в сравнении с прошлыми периодами, в том числе в сравнении с прошлым периодом, аналогичным тому, за который был предоставлен Отчет;

      3) анализ динамики основных показателей рынка электрической энергии и мощности, включающий анализ причин соответствующих изменений показателей, а также приведением рекомендаций Уполномоченному органу по созданию условий для позитивной динамики основных показателей и устранению причин негативной динамики;

      4) прогноз изменения динамики основных показателей рынка электрической энергии и мощности до конца отчетного года в случае Квартального отчета, и на год, следующий после отчетного, в случае Годового отчета.

      9. Информация, указанная в подпунктах 2), 3) и 4) пункта 8 данных Правил предоставляет для каждого из составляющих оптового рынка электрической энергии, описанных пунктом 1 статьи 15 Закона.

      10. Совет рынка осуществляет публикацию каждого Отчета на собственном общедоступном официальном интернет-ресурсе не позднее пяти дней с момента предоставления соответствующего Отчета в уполномоченный орган.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Параграф 2. Порядок рассмотрение инвестиционных программ

      11. Совет рынка, в случае поступления от уполномоченного органа инвестиционной программы на рассмотрение, в течение пятнадцати календарных дней со дня ее поступления дает заключение о целесообразности либо нецелесообразности ее реализации (далее – Заключение) в порядке, описанном данными Правилами.

      12. Для оценки целесообразности реализации инвестиционной программы Совет рынка создает временную комиссию по рассмотрению представленной инвестиционной программы (далее – Комиссия).

      13. Состав Комиссии включает следующий список лиц:

      1) руководитель организации, определенной Советом рынка;

      2) не менее одного эксперта с высшим техническим образованием и не менее одного эксперта с высшим экономическим образованием, имеющими опыт работы в соответствующих областях и являющимися представителями Совета рынка;

      3) иные эксперты имеющие опыт работы в области электроэнергетики.

      14. Комиссия состоит из не менее пяти человек.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа и.о. Министра энергетики РК от 30.11.2022 № 388 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. В состав Комиссии не могут быть включены лица или организации, доступ которых к информации, содержащейся в инвестиционной программе, является нарушением законодательства о частном предпринимательстве.

      16. Совет рынка самостоятельно определяет порядок рассмотрения Комиссией представленной инвестиционной программы и подготовки Заключения.

      17. Заключение излагается в свободной форме с обязательным наличием следующей информации:

      1) анализ технической и технологической целесообразности предлагаемых инвестиционной программой мероприятий;

      2) анализ величины и целесообразности финансовых затрат на предлагаемые инвестиционной программой мероприятия;

      3) анализ актуальных ценовых предложений товаров, работ и услуг, приобретение которых предполагается в рамках предлагаемых мероприятий;

      4) анализ целесообразности объема предлагаемых инвестиционной программой мероприятий с точки зрения достижения результатов, послуживших причиной предложения к исполнению данных мероприятий;

      5) решение по инвестиционной программе, основанное на основе результатов анализа;

      6) обоснование принятого решения по инвестиционной программе.

      18. Заключение вносится в Уполномоченный орган на официальном бланке Совета рынка на государственном и русском языках.

      19. Заключение заверяется (скрепляется) подписями членов Комиссии, принявших участие в рассмотрении данной инвестиционной программы.

Параграф 3. Порядок внесение предложения уполномоченному органу по совершенствованию законодательства Республики Казахстан об электроэнергетике

      20. Совет рынка ежегодно в срок до 1 августа предоставляет в Уполномоченный орган рекомендации по улучшению законодательства в области электроэнергетике на государственном и русском языках по форме, согласно Приложению 1 к настоящим Правилам.

Параграф 4. Порядок осуществления иных функции, определенные уполномоченным органом

      21. По запросу Уполномоченного органа Совет рынка предоставляет запрашиваемую располагаемую информацию.

  Приложение 1
к Правилам функционирования
Совета рынка

      Форма

Рекомендаций по улучшению законодательства в области
электроэнергетики

      1. Рекомендации по улучшению действующих НПА и НТД в области

      электроэнергетики

№ п/п

Наименование НПА/ НТД, требующего изменений

Действующая редакция структурного элемента НПА/ НТД

Предлагаемая редакция структурного элемента НПА/ НТД

Обоснование*

1

2

3

4

5

1.





2.





.....






      2. Рекомендации по разработке новых НПА и НТД в области

      электроэнергетики

№ п/п

Наименование НПА/ НТД, требующего разработки**

Обоснование*

1

2

5

1.



2.



.....




      Примечание:

      * - в случае необходимости, прикладываются обосновывающие

      расчеты;

      ** - в обязательном порядке прикладываются соответствующие

      проекты НПА/НТД.