Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12534 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
  даму министрiнiң
  2015 жылғы 30 қарашадағы
  № 927 бұйрығымен
  бекітілген

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау тәртібін белгілейді.

      2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) өндірістік үй-жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және осы жұмыстар жүргізілетін не қызметтік міндеттер орындалатын ұйымның басқа жерінде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі болып табылады.

2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу

      3. Нұсқаулықты жұмыс беруші жұмыс берушінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі – жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір кәсіп үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі жұмыс, сынақтар) мен жұмыс орындарына да әзірлейді.

      Нұсқаулықты әзірлеуді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен оқу орталықтарының мамандары жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша шарттық негізде жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тізбе қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын есепке ала отырып бекітілген жұмыс берушінің штат кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбені жұмыс беруші немесе өзге уәкілетті адам бекітеді және ол барлық құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      5. Нұсқаулық жабдықты өндіруші зауыттардың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай-ақ жұмыс берушінің технологиялық құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайларын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтердің негізінде әзірленеді.

      6. Нұсқаулықты әзірлеуге қажетті дайындық жұмысы:

      1) технологиялық процесті зерделеу, оның қалыпты ағымы мен қалыпты режимнен ауытқыған кезінде пайда болатын қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау, сондай-ақ аталған факторлардан қорғану шаралары мен құралдарын анықтаудан;

      2) қолданыстағы жабдықтардың, құрал-саймандар мен құрылғылардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестілігін айқындаудан;

      3) нұсқаулықты әзірлеу барысында қолданылатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі жөніндегі материалдарды жинаудан;

      4) тиісті жұмыстарды орындау барысында пайдаланылатын қорғаныш құралдарының конструктивті ерекшеліктері мен тиімділігін зерделеуден;

      5) ақпараттық хаттарды зерделеуден;

      6) өндірістік жарақаттанудың, авариялық жағдайлардың және осы кәсіп (жұмыс түрлері) үшін кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жүргізуден;

      7) жұмыстың қауіпсіз әдіс-тәсілдерін, олардың реттелігін, сондай-ақ Нұсқаулыққа енгізілуге тиіс техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындаудан;

      8) Кодекстің 6 және 7-тарауларына сәйкес жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін айқындаудан тұрады.

      7. Іске қосылып жатқан жаңа өндірістер, технологиялар немесе жабдық үшін объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейінгі мерзімге әзірленген нұсқаулықтар қолданылады.

3. Нұсқаулықтың мазмұны

      8. Нұсқаулықтың әрқайсысына тиісті атау беріледі. Атауда оның қандай кәсіпке немесе жұмыс түріне арналғандығы қысқаша көрсетілуге тиіс.

      9. Нұсқаулық технологиялық процестің қысқаша сипаттамасынан тұрады және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қамтиды.

      10. Нұсқаулықтың талаптары технологиялық процестің реттілігіне сәйкес, осы жұмыстың орындалу жағдайларын есепке ала отырып көрсетілуге тиіс:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;

      2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;

      3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;

      4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;

      5) жұмыс аяқталғандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары.

      11. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары" деген бөлімде:

      1) тұлғаларға кәсібі бойынша жұмыстарын өздігінен орындауға немесе тиісті жұмысты орындауға рұқсат берудің шарттары (жас, жыныс, денсаулық жағдайы, нұсқама жүргізу);

      2) еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар;

      3) еңбек және тынығу режимін орындау жөніндегі талаптар;

      4) жұмыскерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамасы;

      5) оларда мемлекеттік, салалық стандарттар белгілері мен оларға техникалық шарттарды көрсете отырып, осы кәсіп үшін арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын берудің нормалары;

      6) өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;

      7) жұмыскер жұмысты орындау барысында сақтауға тиіс жеке бас гигиенасы талаптары көрсетіледі.

      12. "Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде:

      1) жұмыс орнын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау тәртібі;

      2) жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, қоршау, дабылдағыштың, блокталған және басқа да құрылғылардың, қорғаушы жерге тұйықтаудың, желдетудің және жергілікті жарықтандырудың жарамдылығын тексеру тәртібі;

      3) бастапқы материалдардың (жартылай фабрикаттар, дайындамалар) бар болуын және жай-күйін тексеру тәртібі;

      4) үздіксіз жұмыс жағдайында ауысымды қабылдау тәртібі;

      5) өндірістік санитария талаптары көрсетіледі.

      13. "Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде:

      1) жұмысты қауіпсіз орындау әдістері мен тәсілдері, технологиялық жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды пайдаланудың талаптары;

      2) бастапқы материалдарды (шикізат, дайындамалар, жартылай фабрикаттар) ұстау қауіпсіздігінің талаптары;

      3) көлік құралдарын, техникалық құрылғылар, ыдысты және жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптары;

      4) жұмыс орнын қауіпсіз ұстау жөніндегі нұсқаулар;

      5) нормативтік технологиялық режимнен ауытқудың негізгі түрлері және оларды жою әдістері;

      6) авариялық жағдайларды болдырмауға бағытталған әрекеттер;

      7) жұмыскерлердің қорғаныш құралдарын пайдалану талаптары көрсетіледі.

      14. "Авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде:

      1) авариялық немесе жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін жағдайлар пайда болған кездегі жұмыскерлердің әрекеттері;

      2) жарақаттанған, уланған және кенеттен ауырға кезде зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету бойынша әрекеттер;

      3) жұмыс берушіні жұмыскердің жарақаттану оқиғалары және жабдықтың, құрылғы мен құрал-сайманның жарамсыздығы туралы хабардар ету тәртібі көрсетіледі.

      15. "Жұмыс аяқталғандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде:

      1) жабдық, құрылғылар, машиналар, механизмдер және аппаратураларды қауіпсіз сөндіру, тоқтату, бөлшектеу, тазалау және майлаудың тәртібі, ал үздіксіз процесс кезінде – оларды ауысым бойынша беру тәртібі;

      2) жұмыс орнын тапсыру тәртібі;

      3) өндіріс қалдықтарын тазалау тәртібі;

      4) жеке бас гигиенасы мен өндірістік санитарияны сақтау талаптары;

      5) жұмыс уақытында анықталған барлық кемшіліктер туралы жұмыс берушіні хабардар ету тәртібі көрсетіледі.

      16. Нормативтік құқықтық актілерге сілтемелерді қолдану қажет болған кезде, бұл нормативтік құқықтық актілердің талаптары нұсқаулықтарда баяндалады.

4. Нұсқаулықты бекіту және қайта қарау

      17. Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жауапты тұлға және басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелер, лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер өкілдері келіскеннен кейін жұмыс беруші бекітеді.

      18. Бекітілген Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жұмыс берушінің жауапты адамы Нұсқаулықтарды есепке алу журналында есепке алады.

      19. Мамандықтар мен жұмыс түрлері бойынша Нұсқаулықты қайта қарау 3 жылда бір реттен сирек емес жүргізіліп тұрады.

      Нұсқаулықтар мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, мемлекеттік стандарттары және нормативтік құқықтық актілері өзгертілгенде;

      2) жаңа техника мен технология енгізілгенде;

      3) өндірістегі жазатайым оқиғалар, авариялар мен апаттарды тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша.

      Қайта қарау нәтижелері бойынша Нұсқаулықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.

      20. Егер осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзім ішінде жұмыскерлердің еңбек жағдайлары өзгермесе, Нұсқаулықтың қолданылуы келесі мерзімге ұзартылады, бұл туралы Нұсқаулықтың бірінші бетінде жазылады ("Қайта қаралды" мөртабаны, Т.А.Ә (бар болса), күні және Нұсқаулықты қайта қарауға жауапты адамның қолы қойылады).

Об утверждении Правил разработки, утверждения и пересмотра инструкции по безопасности и охране труда работодателем

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 927. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2015 года № 12534.

      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016 г.

      В соответствии с подпунктом 31) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.03.2023 № 98 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки, утверждения и пересмотра инструкции по безопасности и охране труда работодателем.

      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр здравоохранения и


социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утверждены
приказом Министра
здравоохранения и социального
развития Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 927

Правила
разработки, утверждения и пересмотра инструкции по безопасности
и охране труда работодателем
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработки, утверждения и пересмотра инструкции по безопасности и охране труда работодателем (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 31) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее – Кодекс) и устанавливают порядок разработки, утверждения и пересмотра работодателем инструкции по безопасности и охране труда.

      2. Инструкция по безопасности и охране труда работодателя (далее – Инструкция) представляет собой акт работодателя, детализирующий применение законодательства в области безопасности и охраны труда при выполнении работ в производственных помещениях, на территории предприятия, строительных площадках, транспортных средствах и в иных местах организации, где производятся эти работы или выполняются служебные обязанности.

2. Разработка инструкции по безопасности и охране труда

      3. Разработка Инструкции осуществляется работодателем как для каждой профессии на участке, в цехе, службе, лаборатории и организации в целом, так и на отдельные виды работ (работа на высоте, испытания) и рабочие места, согласно перечню, который составляется службой безопасности и охраны труда или специалистом по безопасности и охране труда (далее - ответственное лицо) при участии руководителей заинтересованных структурных подразделений работодателя и представителей работников.

      Разработка Инструкции осуществляется также специалистами научных учреждений и учебных центров в области безопасности и охраны труда на договорной основе по заявке работодателя (организации).

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.03.2023 № 98 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Перечень составляется на основе штатного расписания работодателя, утвержденного с учетом Единого тарифно-квалификационного справочника работ, профессий рабочих и Квалификационного справочника должностей служащих утверждаемых в соответствии с трудовым законодательством. Составленный перечень утверждается работодателем или иным уполномоченным лицом и рассылается во все структурные подразделения.

      5. Инструкция разрабатывается на основе нормативов по безопасности и охране труда с учетом требований безопасности, изложенных в эксплуатационной и ремонтной документации заводов-изготовителей оборудования, а также в технологической документации работодателя и условий производства.

      6. Подготовительная работа, необходимая для разработки Инструкции, включает:

      1) изучение технологического процесса, выявление возможных опасных и вредных производственных факторов, возникающих при нормальном его протекании и при отклонениях от оптимального режима, а также определение мер и средств защиты от указанных факторов;

      2) определение соответствия требованиям безопасности применяемых оборудований, приспособлений и инструментов;

      3) подбор материалов по вопросам безопасности и охраны труда, которые используются при разработке инструкции;

      4) изучение конструктивных особенностей и эффективности средств защиты, которые используются при выполнении соответствующих работ;

      5) изучение информационных писем;

      6) проведение анализа причин производственного травматизма, аварийных ситуаций и профессиональных заболеваний для данной профессии (вида работ);

      7) определение безопасных методов и приемов работ, их последовательности, а также технических и организационных мероприятий, подлежащих включению в Инструкцию;

      8) определение режимов рабочего времени и времени отдыха согласно главам 6 и 7 Кодекса.

      7. Для вводимых в действие новых производств, технологий или оборудования применяются разработанные инструкции на срок до приемки объекта в эксплуатацию государственной приемочной комиссией.

3. Содержание инструкции

      8. Каждой Инструкции присваивается соответствующее наименование. В наименовании следует кратко указать для какой профессии или вида работ она предназначена.

      9. Инструкция содержит краткую характеристику технологического процесса и всесторонне охватывает вопросы организации безопасного труда.

      10. Требования Инструкции излагаются в соответствии с последовательностью технологического процесса, с учетом условий, в которых выполняется данная работа:

      1) общие требования безопасности и охраны труда;

      2) требования безопасности и охраны труда перед началом работы;

      3) требования безопасности и охраны труда во время работы;

      4) требования безопасности и охраны труда в аварийных ситуациях;

      5) требования безопасности и охраны труда по окончании работы.

      11. В разделе "Общие требования к безопасности и охраны труда" отражаются:

      1) условия допуска лиц к самостоятельной работе по профессии или к выполнению соответствующей работы (возраст, пол, состояние здоровья, проведение инструктажей);

      2) указания о необходимости соблюдения правил трудового распорядка;

      3) требования по выполнению режимов труда и отдыха;

      4) характеристики опасных и вредных производственных факторов, воздействующих на работника;

      5) нормы выдачи для данной профессии специальной одежды и других средств индивидуальной защиты с указанием обозначений государственных, отраслевых стандартов и технических условий на них;

      6) требования по обеспечению пожаро- и взрывобезопасности;

      7) требования личной гигиены, которые работник соблюдает при выполнении работы.

      12. В разделе "Требования безопасности и охраны труда перед началом работы" излагаются:

      1) порядок подготовки рабочего места, средств индивидуальной защиты;

      2) порядок проверки исправности оборудования, приспособлений и инструмента, ограждений, сигнализации, блокированных и других устройств, защитного заземления, вентиляции и местного освещения;

      3) порядок проверки наличия и состояния исходных материалов (заготовки, полуфабрикаты);

      4) порядок приема смены в случае непрерывной работы;

      5) требования производственной санитарии.

      13. В разделе "Требования безопасности и охраны труда во время работы" излагаются:

      1) способы и приемы безопасного выполнения работ, требования по использованию технологического оборудования, приспособлений и инструментов;

      2) требования безопасного обращения с исходными материалами (сырье, заготовки, полуфабрикаты);

      3) требования безопасной эксплуатации транспортных средств, технических устройств, тары и грузоподъемных механизмов;

      4) указания по безопасному содержанию рабочего места;

      5) основные виды отклонений от нормативного технологического режима и методы их устранения;

      6) действия, направленные на предотвращение аварийных ситуаций;

      7) требования к использованию средств защиты работников.

      14. В разделе "Требования безопасности и охраны труда в аварийных ситуациях" излагаются:

      1) действия работников при возникновении аварий и ситуаций, которые приведут к нежелательным последствиям;

      2) действия по оказанию медицинской помощи пострадавшим при травмировании, отравлении и внезапном заболевании;

      3) порядок уведомления работодателя о случаях травмирования работника и неисправности оборудования, приспособлений и инструмента.

      15. В разделе "Требования безопасности и охраны труда по окончании работы" излагаются:

      1) порядок безопасного отключения, остановки, разборки, очистки и смазки оборудования, приспособлений, машин, механизмов и аппаратуры, а при непрерывном процессе - порядок передачи их по смене;

      2) порядок сдачи рабочего места;

      3) порядок уборки отходов производства;

      4) требования соблюдения личной гигиены и производственной санитарии;

      5) порядок извещения работодателя обо всех недостатках, обнаруженных во время работы.

      16. При необходимости использования ссылок на нормативные правовые акты, требования этих нормативных правовых актов воспроизводятся в инструкциях.

4. Утверждение и пересмотр инструкции

      17. Инструкции утверждаются работодателем после согласования со службой безопасности и охраны труда или ответственным лицом и другими заинтересованными структурными подразделениями, должностными лицами и представителями работников.

      18. Утвержденные Инструкции учитываются службой безопасности и охраны труда или ответственным лицом работодателя в журнале учета Инструкций.

      19. Пересмотр Инструкции по профессиям или видам работ проводится не реже одного раза в 3 года.

      Инструкции подлежат пересмотру досрочно в следующих случаях:

      1) при изменении законодательных актов, государственных стандартов и нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) при внедрении новой техники и технологии;

      3) по результатам расследования несчастных случаев на производстве, аварий и катастроф.

      По результатам пересмотра определяется необходимость внесения изменений и дополнений в Инструкции.

      20. Если в течение установленного пунктом 19 настоящих Правил срока условия труда работников не изменились, то действие Инструкции продлевается на следующий срок, о чем делается запись на первой странице Инструкции (ставится штамп "Пересмотрено", ФИО (при его наличии) дата и подпись лица, ответственного за пересмотр Инструкции).