2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың нормалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 18 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 22 шілдедегі
№ 775 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың нормалары
р/с № |
Үй-жайдың атауы |
Өлшем бірлігі |
Үй-жайдың алаңы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Кернді (сыналар) сақтауға және ғылыми-тасты-коллекциялық қорды орналастыруға арналған үй-жайлар (тіреу бағаналары және жабындар алатын алаңдарды есепке алмағанда, 1 шаршы метрге 614 килограмм есеппен) |
шаршы метр |
1 |
2 |
Республикалық және аумақтық геологиялық қорлардың геологиялық материалдарды, бастапқы геологиялық құжаттаманы қағаз және электрондық түрде сақтауға арналған үй-жайлары (тіреу бағаналары және жабындар алатын алаңдарды және стелаждардың салмағын есепке алмағанда, 1 шаршы метрге 224 килограмм есеппен) |
шаршы метр |
1 |
3 |
Республикалық және аумақтық геологиялық қорлардың оқу залрына арналған үй-жайлар |
шаршы метр |
51 |
4 |
Республикалық және аумақтық геологиялық қорлардың геологиялық материалдарды және бастапқы құжаттаманы қабылдауға және беруге арналған үй-жайлар |
шаршы метр |
12 |
5 |
Республикалық және аумақтық геологиялық қорларда геологиялық ақпаратты және бастапқы геологиялық материалдарды жүйелеуге және түгендеуге арналған үй-жайлар |
шаршы метр |
12 |