Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12594 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Министр

А. Мұхамедиұлы


  ҚР Мәдениет және спорт
министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы
№ 368 бұйрығымен
бекітілген

Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидалары
1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін (бұдан әрі – Ұлттық тізбе) жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) материалдық емес мәдени мұра (бұдан әрі – МЕММ) – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар;

      2) Ұлттық тізбе – Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтарының тізбесі.

      3) материалдық емес мәдени мұраны сақтаушыларҚазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын жасауда, сақтауда және қайта жаңғыртуда маңызды рөл атқаратын, мәдени әртүрлілікті байытатын және адамдардың шығармашылық қабілетін дамытатын жергілікті және этникалық қоғамдастықтар, топтар және кейбір жағдайда жекелеген адамдар.

      3. Материалдық емес мәдени құндылықтарға (бұдан әрі – МЕМҚ элементтері) мына элементтер жатады:

      1) материалдық емес мәдени мұраның жеткізгіші ретінде тілді қоса алғанда, пайымның ауызша дәстүрлері мен нысандары;

      2) орындаушылық өнерлер;

      3) салттар;

      4) әдет-ғұрыптар;

      5) мейрамдар;

      6) табиғат пен әлемге жататын білім және салттар;

      7) дәстүрлі кәсіптермен байланысты білім және дағдылар.

2. Ұлттық тізбені жүргізу тәртібі

      4. Ұлттық тізбе материалдық емес мәдени мұраның өміршеңдігін, оны құжаттандыру, зерттеу, сақтау, қорғау және насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      5. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Ұлттық тізбені қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды нұсқада, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгі бойынша жүргізеді.

      Ұлттық тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      6. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар элементтің анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар хатты (бұдан әрі – хат) уәкілетті органға жолдайды.

      Элементтер туралы мәліметтер мыналарды қамтиды:

      1) элементтің толық атауы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген элементтің түрі;

      3) элементтің сипаттамасы (қандай да бір этносқа тиесілігі, сондай-ақ жанры, пайда болу тарихы, МЕММ-ны сақтаушылар және тағы басқа сипаттайтын мәліметтер);

      4) элементтің таралған жері (облыс, қала, аудан, ауыл);

      5) фотосуреттер, элементті көрсету немесе тыңдау қажет болған жағдайда, видео немесе аудиоматериалдар;

      6) элементтің сақталу деңгейі;

      7) элемент туралы деректер (ғылыми материалдар, сайт және өзге деректер).

      7. Уәкілетті орган хат түскеннен кейін оны отыз күнтізбелік күннің ішінде қарастырады.

      8. Уәкілетті органның жанында тұрақты түрде жұмыс істейтін сараптамалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылып, келесілерді анықтайды:

      1) элементтің мемлекеттік маңызы барлығын;

      2) элементтің ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігін;

      3) өздерінің мәдени мұрасының бөлшегі деп есептейтін Қазақстан аумағындағы этностар, топтар немесе жекелеген адамдардың элементті қолданатындығын.

      9. Комиссияның құрамы төраға, хатшы және уәкілетті органның өкілдерінен, тарих, мәдениет, өнер салаларының ғалымдары мен сарапшыларынан қалыптасатын Комиссия мүшелерінен тұрады.

      10. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарын өткізедi және олардың хаттамаларына қол қояды.

      11. Отырыстарды ұйымдастыруды, тиісті құжаттар мен материалдарды, оның ішінде хаттамаларды әзірлеуді хатшы жүзеге асырады. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      12. Комиссияның мәжiлiсi хаттардың түсуіне қарай өткiзiледi.

      13. Комиссияның қорытындылары оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      14. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипаттағы хаттамамен рәсімделеді.

      15. Уәкілетті орган элементті Ұлттық тізбеге енгізу туралы Комиссияның шешімі негізінде он жұмыс күні ішінде МЕМҚ элементтерін Ұлттық тізбеге енгізеді және оны уәкілетті органның ресми сайтында жаңартады.

      16. Ұлттық тізбеге енгізілетін әр МЕМҚ элементіне тіркеу нөмірі беріледі.

  Материалдық емес мәдени
мұра элементтерінің ұлттық
тізбесін жүргізу қағидаларына
Қосымша

      Нысан

Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі

№ р/с

Элементтің толық атауы

Элементтің түрі

МЕММ-ның* сипаттамасы (қандай да бір этносқа тиесілігі, сондай-ақ жанры, пайда болу тарихы, МЕММ-ны сақтаушылар және тағы басқа сипаттайтын мәліметтер)

элементтің таралған жері (облыс, қала, аудан, ауыл)

фотосуреттер, видео немесе аудиоматериалдар (дана)

элементтің сақталу деңгейі

элемент туралы деректер (ғылыми материалдар**, сайт және т.б. деректер)


















      Ескерту:

      *МЕММ – материалдық емес мәдени мұра.

      ** Авторы, атауы, басылымы, шыққан мерзімі, беті көрсетіледі.

Об утверждении Правил ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 368. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2015 года № 12594.

      В соответствии с подпунктом 21-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление копий настоящего приказа для официального опубликования в информационно-правовой системе "Әділет" и периодическом печатном издании на электронном носителе с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью, для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, удостоверенных электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан после официального опубликования;

      4) представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти рабочих дней со дня исполнения мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие c 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр

А. Мухамедиулы


  Утверждены
приказом Министра культуры
и спорта Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 368

Правила
ведения Национального перечня элементов
нематериального культурного наследия
1. Общие положения

      1. Настоящее Правила ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия (далее – Правила) определяет порядок ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия (далее – Национальный перечень).

      2. В настоящих Правилах используются основные понятия:

      1) нематериальное культурное наследие (далее – НКН) – обычаи, формы представления и выражения, знания и навыки, а также связанные с ними инструменты, предметы, передаваемые из поколения в поколение и являющиеся нематериальной культурной ценностью;

      2) Национальный перечень – перечень культурных ценностей нематериального культурного наследия народа Казахстана;

      3) носители нематериального культурного наследия – местные и этнические сообщества, группы и, в некоторых случаях, отдельные лица, играющие важную роль в создании, сохранении и воссоздании нематериального культурного наследия народа Казахстана, обогащающие культурное разнообразие и способствующие развитию творческих способностей человека.

      3. К нематериальным культурным ценностям относятся следующие элементы (далее – элементы НКЦ):

      1) устные традиции и формы выражения, включая язык в качестве носителя нематериального культурного наследия;

      2) исполнительские искусства;

      3) обычаи;

      4) обряды;

      5) празднества;

      6) знания и обычаи, относящиеся к природе и вселенной;

      7) знания и навыки, связанные с традиционными ремеслами.

2. Порядок ведения Национального перечня

      4. Национальный перечень ведется с целью обеспечения жизнеспособности нематериального культурного наследия, его идентификации, документирования, исследования, сохранения, защите и популяризации.

      5. Национальный перечень ведется уполномоченным органом в области культуры (далее – уполномоченный орган) на казахском и русском языках, на бумажном и электронном носителях по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      Национальный перечень размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      6. Физические и юридические лица, занимающиеся изучением культурных ценностей, при выявлении элемента направляют письмо с необходимыми сведениями о нем (далее – письмо) в уполномоченный орган.

      Сведения об элементах включают:

      1) полное наименование элемента;

      2) вид элемента, указанный в пункте 3 настоящих Правил;

      3) описание элемента (принадлежность к какому-либо этносу, а также жанр, история происхождения, носители НКН и другие описывающие сведения);

      4) место распространения элемента (область, город, район, село);

      5) фотографии, при необходимости показа или прослушивания элемента – видео или аудиоматериалы;

      6) степень сохранности элемента;

      7) источники об элементе (научные материалы, сайты и другие источники).

      7. Уполномоченный орган рассматривает поступившее письмо в течение тридцати календарных дней со дня его поступления.

      8. При уполномоченном органе создается постоянно действующая экспертная комиссия (далее – Комиссия), которая определяет следующее:

      1) имеет ли элемент государственное значение;

      2) передается ли элемент из поколения в поколение;

      3) практикуется ли элемент этносами, группами или отдельным лицом на территории Казахстана, которые признают его частью своего культурного наследия.

      9. Состав Комиссии состоит из председателя, секретаря и членов комиссии, формируемых из представителей уполномоченного органа, ученых и экспертов в области истории, культуры, искусства.

      10. Председатель Комиссии осуществляет руководство за деятельностью Комиссии, проводит заседания и подписывает протоколы заседаний Комиссии.

      11. Организацию заседания, подготовку соответствующих документов и материалов, в том числе протокола, осуществляет секретарь Комиссии. Секретарь не является членом Комиссии.

      12. Заседания Комиссии проводятся по мере поступления писем.

      13. Решение Комиссии принимается открытым голосованием и считаются принятыми, если за него подано большинство голосов от общего количества присутствующих членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Комиссии.

      14. Решение Комиссии оформляется протоколом, который носит рекомендательный характер.

      15. На основании решения Комиссии о включении элемента в Национальный перечень уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней вносит элементы НКЦ в Национальный перечень и обновляет его на официальном сайте уполномоченного органа.

      16. Каждому элементу НКЦ вносимому в Национальный перечень, присваивается регистрационный номер.

  Приложение
к Правилам ведения
Национального перечня
элементов нематериального
культурного наследия

      Форма

Национальный перечень
элементов нематериального культурного наследия

п/п

Полное наименование элемента

Вид элемента

Описание элемента (принадлежность к какому-либо этносу, а также жанр, история происхождения, носители НКН* и другие описывающие сведения)

Место распространения элемента (область, район, город, село)

фотографии, видео или аудиоматериалы (штук)

степень сохранности элемента

источники об элементе (научные материалы**, сайты и другие источники)


















      Примечание:

      *НКН – нематериальное культурное наследие.

      ** Указывается автор, название, издательство, год издания, страница.