Ішкі істер органдарына қызметке тұруға және бос орындарға орналасуға байланысты кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 990 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12596 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5 және 6-тармақтарына, 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) мен Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті (А. Садубаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 990 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке үміткерлердің ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және онымен жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлердің ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу тәртібін анықтайды.

2. Үміткерлердің ведомстволық дерекқорын жүргізу

      2. Ведомстволық деректер банкі (бұдан әрі – Банк) кадрлардың сапалы құрамын, ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) лауазымдарына орналастыру қажеттілігін ескере отырып, қызметке түсу бөлігіндегі құқық қорғау қызметі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының орталық аппаратында және әрбір аумақтық бөлінісінде қалыптасады.

      3. Банкке конкурстан өткен және одан әрі тиісті бос лауазымдарға орналастыру үшін қызметке қабылдауға ұсынылған ішкі істер органдарына қызметке кандидаттар туралы мәліметтер енгізіледі.

      4. Банк ІІО қызметке кандидаттардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін көрсете отырып, олар туралы мәліметтерді қамтиды

      5. ІІО қызметке кандидаттардың тізімін ішкі істер органының басшысы осы Қағиадаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір бос лауазымға кемінде үш адам есебімен бекітеді.

      Тізім бекітілгеннен кейін кадр қызметі электрондық форматта қызметке кандидаттардың тізімдерін олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін көрсете отырып, қалыптастырады.

      6. Қызметке кандидаттар туралы мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын ішкі істер органдары кадр қызметінің басшысы қамтамасыз етеді.

      7. Ведомстволық деректер банкіндегі ақпаратты кадр қызметі қызметке кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін жаңартып отырады.

      8. Ведомстволық деректер банкі автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде, сондай-ақ қағаз тасымалдағыштарда құжаттамалық материалдарды жинақтау арқылы жұмыс істейді.

      9. Бос лауазым болған кезде қызметке кандидаттар конкурстан өту сәтінен бастап бір жыл ішінде және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурстан өтпей тиісті санат бойынша ішкі істер органдарының басқа бөлінісіндегі лауазымға тағайындалады.

      10. Бос лауазым болған кезде конкурс жариялағанға дейін кадр қызметі олармен әңгімелесу жүргізу үшін бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші анағұрлым жоғары қызметке кандидаттарды анықтайды.

      11. Лауазымға тағайындау кезінде қызметке кандидаттар туралы мәліметтер автоматты түрде қызметкерлер санатына өтеді.

      12. Банктегі мәліметтерді өңдеу кезінде ұйымдастырушылық шараларды және ақпаратты қорғау құралдарын қамтитын қорғау жүйелерінің көмегімен олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

      Дербес деректерді олармен алмасу ақпараттық жүйелерде өңдеу кезінде байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады, оларды қорғауды ұйымдастырушылық шараларды іске асыру арқылы және бағдарламалық әрі техникалық құралдарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

  Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарына қызметке
кандидаттардың ведомстволық деректер
банкін қалыптастыру және онымен
жұмыс істеу қағидаларына қосымша

      нысан

      Бекітемін

      ____________________________

      (тізімді бекітетін адамның

      лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, қолы)

      20 ___ жылғы "___" _________

Ішкі істер органдарына қызметке кандидаттардың тізімі

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні, білімі (қашан, нені бітірді)

Лауазымның қандай санатына ұсынылады

Лауазымға тағайындау туралы белгі

Қызметке кандидаттар қатарына қабылдау негіздемесі (комиссияның шешімі)








      Қолы ____________________________________

      (тізімді құрастырған адамның лауазымы,

      атағы, тегі, аты-жөні және қолы )

      20 ___ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 990 бұйрығына 2-қосымша

Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйе (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) – пайдаланушыларға бір немесе бірнеше бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметі туралы қажетті өзекті ақпаратты беретін, ақпараттық үрдістерді іске асыру үшін арналған Интернет желісінде орналасқан ресми электрондық ақпараттық ресурс.

2. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеге орналастыру тәртібі

      3. Министрліктің ақпараттық жүйесінде бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар орналастырылады, оларды тағайындау "Ведомствоның қызметі" бөлімінің "Кадр саясаты" кіші бөлімінде Министрдің, министрдің орынбасарларының және аумақтық бөліністер басшыларының құзыретіне кіреді.

      4. Министрліктің ақпараттық жүйесіне бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды кадр қызметтері, ішкі істер органдарының аумақтың бөліністерінде кадр қызметінің ұсынымы бойынша мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымдар пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      5. Бос басшылық лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер
және оларға орналасуға кандидаттарға
қойылатын талаптар ведомстволық
ақпараттық-анықтамалық жүйелерде
орналастыру қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық аппараты

Бос лауазым

Бос орындар саны

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Орталық аппараттың құрылымдық бөлінісінің атауы






Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері

Бос лауазым

Бос орындар саны

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Аумақтық бөліністің құрылымдық бөлінісінің атауы






О некоторых вопросах, связанных с поступлением на службу и замещением вакантных должностей в органах внутренних дел

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 990. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2015 года № 12596. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 октября 2022 года № 830.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 22.10.2022 № 830 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктами 5 и 6 статьи 7, пунктом 6 статьи 29 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" от 6 января 2011 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила формирования и работы с ведомственным банком данных кандидатов на службу в органы внутренних дел Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила размещения в ведомственных информационно-справочных системах сведений о вакантных руководящих должностях и требований, предъявляемых к кандидатам на их замещение согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту кадровой работы МВД Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      5) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-лейтенанта полиции Демеуова М.Г., Департамент кадровой работы (Абдигалиев А.У.) и Департамент государственного языка и информации МВД Республики Казахстан (Садубаев А.К.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр внутренних дел


Республики Казахстан


генерал-полковник полиции

К. Касымов


  Приложение 1
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 4 декабря 2015 года № 990

Правила формирования и работы с ведомственным банком данных
кандидатов на службу в органы внутренних дел
Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Правила формирования и работы с ведомственным банком данных кандидатов на службу в органы внутренних дел (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктами 5 и 6 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" и определяют порядок формирования и работы с ведомственным банком данных кандидатов на службу в органы внутренних дел Республики Казахстан.

2. Порядок формирования и работы с ведомственным банком данных
кандидатов на службу

      2. Ведомственный банк данных (далее - Банк) формируется в центральном аппарате и каждом территориальном подразделении органов внутренних дел (далее - ОВД) с учетом качественного состава кадров, потребностей в замещении должностей ОВД в соответствии с требованиями законодательства о правоохранительной службе, в части поступления на службу.

      3.В Банк заносятся сведения о кандидатах на службу в органы внутренних дел, прошедших конкурс и рекомендованных в кандидаты на службу в ОВД для дальнейшего замещения соответствующих вакантных должностей.

      4. Банк содержит сведения о кандидатах на службу в ОВД с отражением их показателя конкурентоспособности.

      5. Список кандидатов на службу в ОВД утверждается руководителем органа внутренних дел по форме согласно приложению к настоящим Правилам с учетом не более трех человек на одну вакантную должность.

      После утверждения списка кадровые службы в электронном формате формируют списки кандидатов на службу с отражением их показателя конкурентоспособности.

      6. Полноту и достоверность сведений о кандидатах на службу обеспечивает руководитель кадровой службы органов внутренних дел.

      7. Информацию в ведомственном банке данных кадровая служба обновляет после каждого утвержденного списка кандидатов на службу.

      8. Ведомственный банк данных функционирует на основе автоматизированной информационной системы, а так же путем накопления документальных материалов на бумажных носителях.

      9. При наличии вакантной должности кандидаты на службу в течение года с момента прохождения конкурса и при соответствии квалификационным требованиям назначаются на должность в другом подразделении органов внутренних дел по соответствующей категории без прохождения конкурса.

      10. При наличии вакантной должности до объявления конкурса кадровая служба определяет кандидатов на службу с наиболее высоким показателем конкурентоспособности для проведения с ними собеседования.

      11. При назначении на должность сведения о кандидатах на службу автоматически переходят в категорию сотрудников.

      12. При обработке сведений в Банке должна быть обеспечена их безопасность с помощью системы защиты, включающей организационные меры и средства защиты информации.

      Обмен персональными данными при их обработке в информационных системах осуществляется по каналам связи, защита которых обеспечивается путем реализации организационных мер и путем применения программных и технических средств.

  Приложение к
Правилам формирования и работы
с ведомственным банком данных кандидатов
на службу в органы внутренних дел

      форма

  Утверждаю

      ______________________________________

      (должность, звание, фамилия, инициалы,

      подпись лица, утверждающего список)

      " " _______________ 20 ___ г.

Список кандидатов на службу в органы внутренних дел

п/п

Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Дата рождения, образование (когда, что окончил)

На какую категорию

должности рекомендуется

Отметка о назначении на должность

Основание зачисления в кандидаты на службу (решение комиссии)







      Подпись _______________________________________________________

      (должность, звание, фамилия, инициалы и подпись лица,

      составившего список)

      " " _______________ 20 ___ г.

  Приложение 2
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 4 декабря 2015 года № 990

Правила размещения
в ведомственных информационно-справочных системах
сведений о вакантных руководящих должностях и
требований, предъявляемых к кандидатам на их замещение

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила размещения в ведомственных информационно-справочных системах, сведений о вакантных руководящих должностях и требований, предъявляемые к кандидатам на их замещение, разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе" и определяет порядок размещения в ведомственных информационно-справочных системах, сведений о вакантных руководящих должностях и требований, предъявляемые к кандидатам на их замещение.

      2. Ведомственная информационно-справочная система (далее – информационная система) - официальный электронный информационный ресурс, размещенный в сети Интернет, предназначенный для реализации информационных процессов, предоставляющих пользователям необходимую актуальную информацию о деятельности Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - Министерство) по одному или нескольким направлениям.

2. Порядок размещения в ведомственных информационно-справочных
системах сведений о вакантных руководящих должностях и
требований, предъявляемых к кандидатам на их замещение

      3. В информационной системе Министерства размещаются сведения о вакантных руководящих должностях и требованиях, предъявляемые к кандидатам на их замещение, назначение которых входит в компетенцию Министра, заместителей министра и руководителей территориальных подразделений в разделе "Деятельность ведомства" в подразделе "Кадровая политика".

      4. В информационной системе Министерства сведения о вакантных руководящих должностях и требованиях, предъявляемые к кандидатам на их замещение, размещаются кадровыми службами, в территориальных подразделениях органов внутренних дел подразделениями государственного языка и информации по представлению кадровой службы, в течение трех рабочих дней со дня образования вакантных должностей по форме согласно приложению к настоящим Правилам на государственном и русском языках.

      5. Требования, предъявляемые к кандидатам на замещение вакантных руководящих должностей, определяется в соответствии с квалификационными требованиями к категориям должностей органов внутренних дел Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 21.10.2020 № 726 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение к
Правилам размещения в ведомственной
информационно-справочной системе
Министерства внутренних дел Республики
Казахстан сведений о вакантных руководящих
должностях и требований, предъявляемые к
кандидатам на их замещение

Сведения о вакантных руководящих должностях
и требования, предъявляемые к кандидатам на их замещение

Центральный аппарат

Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Вакантная должность

Количество вакансий

Требования,предъявляемые к кандидатам

Наименование структурного подразделения Центрального аппарата





Территориальные подразделения

Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Вакантная должность

Количество вакансий

Требования,предъявляемые к кандидатам

Наименование структурного подразделения территориального подразделения