Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 977 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12598 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 4) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 тамыздағы № 379-383 (26777) сандарында, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2011 жылғы № 31 санында жарияланған (тираждың шыққан күні 2011 жылғы 30 қараша);

      2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығының 1-тармағының 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10365 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 977 бұйрығымен бекітілген

Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кадр резерві ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) кадр резервін қалыптастыру және ІІО-дағы бос басшы лауазымдарды сапалы жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      2. Кадр резервіне қойылған қызметкерлер бос лауазым болған, біліктілік талаптарға сәйкес келген жағдайда олардың келісімі бойынша үш жылдың ішінде тиісті санаттағы лауазымға тағайындалады.

2-тарау. Кадр резервін қалыптастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кадр резерві әрбір ІІО-да кейіннен бос жоғары тұрған басшы лауазымдарға жоспарлы негізде орналастыру үшін ауыстыруға жататын, әрбір лауазымға кемінде екі үміткер есебінен қалыптастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 30.12.2022 № 1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кадр резерві:

      1) аттестаттау нәтижесі бойынша басшы лауазымдарға жоғарылатуға ұсынылған;

      2) қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілетін танытқан қызметкерлерден ІІО бөліністерінің тікелей басшыларының ұсынымдары негізінде, бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішін есепке ала отырып, қалыптастырылады.

3-тарау. Кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қантардағы Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес біліктілік талаптары сақталады, сондай-ақ мыналар:

      1) қызметкердің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші;

      2) болжанған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің болуы;

      3) тиісті басшылар санаттарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;

      4) денсаулық жағдайы;

      5) кәсіптік қайта даярлау мен біліктілігін арттыру нәтижелері ескеріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4–тарау. Кадр резервіне қою және кадр резервінен шығару

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Адамдарды кадр резервіне қою осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімін оларды тізімге қосу арқылы жүргізіледі.

      7. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.

      8. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы, осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне қою туралы ұсынымы, қызметкердің қызметтік тізімі, қызметтік мінездеме мен өзіндік қауіпсіздік бөліністері берген беделіне кір келтіретін мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама кадр қызметіне жолданады.

      9. Қызметкер өрескел тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған жағдайда ол кадр резервінен шығарылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 30.12.2022 № 1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кадр резервінен шығару осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервінен шығарылған қызметкерлер тізімін жасау арқылы ресімделеді.

      11. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервінен шығару туралы ұсынымы, қызметкердің қызметтік тізімі, қызметтік тергеу материалдары, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі кадр қызметіне жолданады.

5–тарау. Ішкі істер органдарының кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тиісті лауазымдар санаты бойынша кадр резервіне қойылған және шығарылған қызметкерлердің тізімдері ІІО уәкілетті басшысымен бекітіледі және ведомстволық деректер банкіне енгізіледі.

      13. Ведомстволық деректер банкі кадр резервіне қойылған қызметкерлер туралы мәліметті қамтиды және автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде жұмыс істейді.

      14. ІІО кадр қызметтері кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсете отырып, жүргізеді.

      15. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, полиция департаменттері, білім беру ұйымдары (бұдан әрі - аумақтық ІІО), мемлекеттік мекемелерідің кадр қызметтері электрондық нұсқада кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерін қалыптастырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 30.12.2022 № 1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ақпараттың толықтығы мен шынайылығы, кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерінің уақтылы жаңартылуы үшін жауапкершілік кадр қызметіне жүктеледі.

      17. Автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі қызметкерлердің қызметтік тізімінде кадр резервіне қойылған күні туралы жазба лауазымдар санатын көрсете отырып, шығады.

      18. Кадр резерві туралы ақпарат автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жинақталады.

  Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      ______________________________________

      ______________________________________

      (тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы,

      тегі, аты-жөні, қолы)

      201__жылғы "___" _____________

Кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімі

р/с №

Атағы; тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); атқарып отырған лауазымы; лауазымда қай уақыттан бері

Туған күні, білімі (қашан, нені бітірді), берілген атақта қай уақыттан бері

Лауазымның қандай санатына жоғарылатуға ұйғарылады (лауазымның санаты және атауы)

Лауазымға тағайындау туралы белгі







      Қолы _________________________

      (тізімді жасаған адамның лауазымы,

      атағы, тегі, аты-жөні және қолы)

      201__жылғы "___" ________________

  Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Кадр резервіне қоюға
ҰСЫНЫМ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)___________________

      2. Туған күні, айы, жылы және жері ____________________________

      3. Білімі, мамандығы, біліктілігі _____________________________

      _______________________________________________________________

      4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________

      5. Лауазымы, тағайындау күні __________________________________

      _______________________________________________________________

      6. Бар атағы___________________________________________________

      7. Қызметкердің кәсіби, іскер және жеке қасиеттерін, сондай-ақ

      қызметтік жұмысының санды өлшенетін көрсеткішін көрсете отырып,

      қысқаша мінездемесі:_________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. _________________________________________________ лауазымына

      кадр резервіне қабылдауға ұсынылады.

      ____________________________________

      (лауазымы, басшының қолы, тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде))

      201__жылғы "___" _____________

  Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      ______________________________________

      ______________________________________

      (тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы,

      тегі, аты-жөні, қолы)

      201__жылғы "___" _____________

Кадр резервінен шығарылған қызметкерлердің тізімі

р/с №

Атағы; тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

Кадр резервінде қандай лауазымда тұр

Кадр резервтен шығару себебі






      Қолы _________________________

      (тізімді жасаған адамның лауазымы,

      атағы, тегі, аты-жөні және қолы)

      201__жылғы "___" ________________

  Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Кадр резервінен шығаруға
ҰСЫНЫМ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)___________________

      2. Туған күні, айы, жылы және жері ____________________________

      3. Білімі, мамандығы, біліктілігі _____________________________

      4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________

      5. Лауазымы, тағайындау күні __________________________________

      _______________________________________________________________

      6. Бар атағы __________________________________________________

      7. Кадр резервінен шығару себебінің қысқаша сипаттамасы

      _______________________________________________________________

      8. ________________________________________________лауазымына

      кадр резервінен қоюға ұсынылады.

      ____________________________________

      (лауазымы, басшының қолы, тегі, аты,

      әкесінің аты (болған кезде))

      201__жылғы "___" _____________

Об утверждении Правил формирования кадрового резерва, требований к квалификации сотрудников, зачисляемых в кадровый резерв, и работы с ведомственным банком данных сотрудников, зачисленных в кадровый резерв органов внутренних дел

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 977. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2015 года № 12598.

      В соответствии с пунктом 10 статьи 34 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования кадрового резерва, требований к квалификации сотрудников, зачисляемых в кадровый резерв, и работы с ведомственным банком данных сотрудников, зачисленных в кадровый резерв в органах внутренних дел.

      2. Признать утратившими силу:

      1) подпункт 4) пункта 1 приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7032, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 20 августа 2011 года № 265-266 (26686-26687), Собрание актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 31, 2011 года (дата выхода тиража 30 ноября 2011 года));

      2) абзацы 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 пункта 1 приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 января 2015 года № 71 "О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10365, опубликованный в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" 17 апреля 2015 года).

      3. Департаменту кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Абдигалиев А.У.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Бисенкулова Б.Б. и Департамент кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Абдигалиев А.У.).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр внутренних дел


Республики Казахстан


генерал-полковник полиции

К. Касымов


  Утверждены
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 2 декабря 2015 года № 977

Правила
формирования кадрового резерва, требований к квалификации
сотрудников, зачисляемых в кадровый резерв, и работы с
ведомственным банком данных сотрудников, зачисленных в кадровый
резерв органов внутренних дел Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 15.04.2020 № 328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Кадровый резерв создается в целях формирования кадрового состава органов внутренних дел (далее – ОВД) и обеспечения качественного комплектования вакантных руководящих должностей в ОВД.

      2. Сотрудники, зачисленные в кадровый резерв, назначаются на должность соответствующей категории при условии наличия вакантной должности, соответствия квалификационным требованиям и их согласия.

Глава 2. Формирование кадрового резерва

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 15.04.2020 № 328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Кадровый резерв формируется в каждом ОВД на плановой основе для последующего замещения вакантных вышестоящих руководящих должностей из расчета не менее двух кандидатур на каждую должность, подлежащую замещению.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 30.12.2022 № 1017 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Кадровый резерв формируется из сотрудников:

      1) по результатам аттестации рекомендованных к выдвижению на руководящие должности;

      2) проявивших организаторские способности при исполнении служебных обязанностей либо при выполнении специальных заданий на основании рекомендаций непосредственных руководителей подразделений ОВД, с учетом показателя конкурентоспособности.

Глава 3 Требование к квалификации сотрудников, зачисляемых в кадровый резерв

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 15.04.2020 № 328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. При зачислении в кадровый резерв соблюдаются квалификационные требования в соответствии с Законом Республики Казахстан "О правоохранительной службе" от 6 января 2011 года (далее - Закон), а также учитывается следующее:

      1) показатель конкурентоспособности сотрудника;

      2) наличие соответствующей профессиональной подготовки и опыта работы по предлагаемому виду деятельности;

      3) знание нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность соответствующей службы;

      4) состояние здоровья;

      5) результаты профессиональной переподготовки и повышения квалификации.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 15.04.2020 № 328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Зачисление в кадровый резерв и исключение из кадрового резерва

      Сноска. Заголовок главы 4 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 15.04.2020 № 328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Зачисление лиц в кадровый резерв производится путем включения их в список сотрудников, зачисленных в кадровый резерв, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      7. Срок пребывания сотрудника в кадровом резерве не должен превышать три года.

      8. В кадровую службу направляются протокол аттестационной комиссии, представление о зачислении в кадровый резерв по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, послужной список сотрудника, служебная характеристика и справка об отсутствии компрометирующих сведений, выданная подразделениями собственной безопасности.

      9. В случаях привлечения сотрудника к дисциплинарной ответственности за совершение грубого дисциплинарного проступка он исключается из кадрового резерва.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 30.12.2022 № 1017 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Исключение из кадрового резерва оформляется путем составления списка сотрудников, исключенных из кадрового резерва, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      11. В кадровую службу направляются представление руководителя ОВД об исключении из кадрового резерва по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам, послужной список сотрудника, материалы служебного расследования, копия приказа о наложении дисциплинарного взыскания.

Глава 5. Работа с ведомственным банком данных сотрудников, зачисленных в кадровый резерв в органах внутренних дел

      Сноска. Заголовок главы 5 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 15.04.2020 № 328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Списки сотрудников, зачисленных и исключенных из кадрового резерва по соответствующим категориям должностей, утверждаются уполномоченным руководителем ОВД и вносятся в ведомственный банк данных.

      13. Ведомственный банк данных содержит сведения о сотрудниках, зачисленных в кадровый резерв, и функционирует на основе автоматизированной информационной системы.

      14. Кадровые службы ОВД ведут ведомственный банк данных сотрудников, зачисленных в кадровый резерв, с отражением их показателя конкурентоспособности.

      15. Кадровые службы Комитета уголовно – исполнительной системы, департаментов полиции, организаций образования (далее – территориальных ОВД), государственных учреждений в электронном формате формируют списки сотрудников, зачисленных в кадровый резерв.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 30.12.2022 № 1017 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Ответственность за полноту и достоверность информации, своевременность обновления списка сотрудников, зачисленных в кадровый резерв, возлагается на кадровую службу.

      17. В автоматизированной информационной системе в послужном списке сотрудника автоматически появляется запись о дате зачисления в кадровый резерв с указанием категории должности.

      18. Информация о кадровом резерве накапливается в автоматизированной информационной системе.

  Приложение 1
к Правилам формирования кадрового резерва,
требований к квалификации сотрудников,
зачисляемых в кадровый резерв, и работы
с ведомственным банком данных сотрудников,
зачисленных в кадровый резерв
органов внутренних дел

      Форма

  "Утверждаю"
-------------------------------------

      _____________________________________

      (должность, звание, фамилия, инициалы

      подпись утверждающего список)

      "___" _____________201__г.

Список
сотрудников, зачисленных в кадровый резерв

№ п/п

Звание; фамилия, имя, отчество (при его наличии); занимаемая должность; с какого времени в должности

Дата рождения, образование (когда, что окончил), с какого времени в присвоенном звании

На какую категорию должности предполагается выдвинуть (категория и наименование должности)

Отметка о назначении на должность






      Подпись _____________________________

      (должность, звание, фамилия, инициалы

      и подпись составившего список)

      "___" _____________201__г.

  Приложение 2
к Правилам формирования кадрового резерва,
требований к квалификации сотрудников,
зачисляемых в кадровый резерв, и работы
с ведомственным банком данных сотрудников,
зачисленных в кадровый резерв
органов внутренних дел

      Форма

ПРЕДСТАВЛЕНИЕ
к зачислению в кадровый резерв

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии)____________________

      2. День, месяц, год и место рождения __________________________

      3. Образование, специальность, квалификация ___________________

      _______________________________________________________________

      4. Ученая степень, ученое звание ______________________________

      5. Должность, дата назначения _________________________________

      6. Имеющееся звание ___________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Краткая характеристика с указанием профессиональных, деловых

      и личностных качеств, а также количественно измеримых показателей

      служебной деятельности сотрудника:___________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. Представляется к зачислению в кадровый резерв на должность

      ____________________________________________________________________.

      (должность, подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      руководителя)

      "___" _____________201__г.

  Приложение 3
к Правилам формирования кадрового резерва,
требований к квалификации сотрудников,
зачисляемых в кадровый резерв, и работы
с ведомственным банком данных сотрудников,
зачисленных в кадровый резерв
органов внутренних дел

      Форма

  "Утверждаю"
-------------------------------------

      _____________________________________

      (должность, звание, фамилия, инициалы

      подпись утверждающего список)

      "___" _____________201__г.

Список
сотрудников, исключенных из кадрового резерва

№ п/п

Звание; фамилия, имя, отчество (при его наличии);

На какую должность состоит в кадровом резерве

Причина исключения из кадрового резерва






      Подпись ______________________________

      (должность, звание, фамилия, инициалы

      и подпись составившего список)

      "___" _____________201__г.

  Приложение 4
к Правилам формирования кадрового резерва,
требований к квалификации сотрудников,
зачисляемых в кадровый резерв, и работы
с ведомственным банком данных сотрудников,
зачисленных в кадровый резерв
органов внутренних дел

      Форма

ПРЕДСТАВЛЕНИЕ
к исключению из кадрового резерва

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии)____________________

      2. День, месяц, год и место рождения __________________________

      3. Образование, специальность, квалификация ___________________

      _______________________________________________________________

      4. Ученая степень, ученое звание ______________________________

      5. Должность, дата назначения _________________________________

      6. Имеющееся звание ___________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Краткое описание причины исключения из кадрового резерва

      _______________________________________________________________

      8. Представляется к исключению из кадрового резерва на

      должность

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (должность, подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      руководителя)

      "___" _____________201__г.