"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 18 наурыздағы № 200 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12558 болып тіркелген).
2. "Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 977 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12598 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 224 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15040 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 328 бұйрығымен бекітіліген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20411 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы №283 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22762 болып тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 тамыздағы №701 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29318 болып тіркелген).
7. "Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 977 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1017 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31369 болып тіркелген).
8. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 211 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34123 болып тіркелген).