Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12601 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 909 бұйрығымен бекітілген

Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – одан келіп түскен өтініштің негізінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының тиісті талаптарына сәйкес келетін қызметін тану рәсімі;

      2) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі (аумақтық бөлімше) – тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі;

      4) кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері – аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;

      5) кәсіподақ органы – кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқару органы;

      6) өрескел бұзушылықтар – қызметкердің еңбек ету қабілетінен уақытша немесе тұрақты айрылуына әкеп соққан еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша заңнаманы бұзушылықтар, өндірістегі жазатайым оқиғалаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды жүргізбеу, сонымен қатар жұмыс уақыты және демалу уақыты тәртібін сақтамау;

      7) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыс берушілердің декларациялауға қатысу шарты олардың қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі болып табылады.

2-тарау. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібі"

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтініш-декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі декларация қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде қабылданған шешім туралы хабарлама алады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі құрған жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұсынымы бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен қабылдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссия құрамына міндетті түрде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері кіреді.

      Комиссия отырысына Жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.

      12. Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге олардың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге Сенім сертификаты тапсырылады.

      13. Сенім сертификаты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды қалыптастырған кезде ескеріледі.

      Сенім сертификатын иеленген жұмыс берушіге қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Сенім сертификатын беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтары;

      3) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған, еңбек қызметімен байланысты өндірістегі ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар.

      15. Жұмыс беруші Сенім сертификатын алған сәттен бастап үш жылдың ішінде еңбек заңнамасын өрескел бұзған жағдайда, Сенім сетификатының күші жойылады.

      16. Сенім сертификатының күшін жою туралы шешімді комиссияның ұсынымы бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі қабылдайды және оны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жолдайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келетіні және Сенім сертификатының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға Сенім сертификатын иеленген жұмыс беруші туралы мәліметтер ұсынады.

      Сенім сертификатын иеленген жұмыс беруші туралы ақпарат Сенім сертификатын иеленген жұмыс беруші туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің шешімімен келіспеген жағдайда жұмыс беруші оған сот тәртібімен шағымдана алады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жұмыс берушінің қызметін
декларациялау қағидаларына
1-қосымша

      Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне

      _____________________________________________________

      (облыс атауы, Астана, Алматы, Шымкент қалалары)

Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтініш-декларация

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. ________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекен-жайы)

      2. Қызмет түрі ___________________________________________________

      3. Жұмыскерлер саны ____________ адам

      4. Осымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау туралы хабарлаймыз:

Р/с

Еңбек заңнамасы талаптарының мазмұны

Декларация (ия/жоқ)

1.

Барлық қызметкерлермен еңбек шарттары жасалды. Еңбек шартын жасағанда шектеулер сақталады


2.

Еңбек тәртібінің қағидалары бекітілді (бекіту күні) және қолданысқа енгізілді


3.

Ағымдағы жылға жұмыскерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кестесі бекітілді, ал оның өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі еңбек демалысының басталуына дейін кем дегенде екі апта қалғанда жұмыскерге хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
Қатарынан екі жыл бойы жұмыскерге еңбек демалысын немесе оның бөлігін бермеу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан заңсыз шақырып алу жағдайлары жоқ


4.

Жалақы белгіленген мерзімде толық мөлшерде төленеді. Жұмыскерге тиесілі өтемақы төлемдерін, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сомасын төлеуде берешек немесе кешіктіру жоқ


5.

Зейнетақылық және әлеуметтік аударымдар, жұмыскерлерді еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан сақтандыру жүзеге асырылады


6.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс және демалыс тәртібі сақталады. Мерзімнен тыс жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға заңсыз тарту жағдайлары жоқ


7.

Өндіріс ұйымдарындағы, оның ішінде қайта құру, жұмыс көлемін қысқарту және адам санын немесе штатты қысқарту кезіндегі өзгерістерге байланысты жұмыс беруші жұмыскерді бір ай бұрын жазбаша ескертеді


8.

Тәртіптік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері жоқ


9.

Еңбек шартын заңсыз бұзу фактілері жоқ


10.

Өндірісте жазатайым оқиғалар жоқ


11.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге белгіленген мерзімде аттестаттау жүргізілді


12.

Еңбекті қорғау қызметі бар (еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымы)


13.

Ұйымдардағы жетекші жұмыскерлер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтті


14.

Барлық жұмыстар мен кәсіптер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді


15.

Жұмыскерлер еңбек жағдайлары бойынша ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілді


16.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге бекітілген норма бойынша уақтылы сүт немесе емдік-профилактикалық тағам тегін беріледі


17.

Еңбекті қорғау жөніндегі басқару жүйесі бойынша ұлттық стандарттар енгізілді


18.

Ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексерулер жүргізіледі


19.

Еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылуда


20.

Өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтың, механиздердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келеді


      5. Сенім сертификатын беруіңізді сұраймын. Қызмет параметрлерінің

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін

      тексеру үшін мемлекеттік еңбек инспекторларының баруына келісім

      беремін.

      Жұмыс беруші _____________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Кәсіподақ органының төрағасы

      _____________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "__"_______

  Жұмыс берушінің қызметін
декларациялау қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

___________
облысының
(қаласының)
аумақтық
бөлімшесі



 

 
Территориальное
подразделение
_______________
области (города)

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕНІМ СЕРТИФИКАТЫ

      _______________________________________________________ тапсырылады

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

      ____________________ облысының (қаласының) Бас мемлекеттік еңбек

      инспекторы ______________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

      М.О.

      _______________________ қаласы

      20__ ж. ______ Тіркеу № ____



Об утверждении Правил декларирования деятельности работодателя

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 909. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2015 года № 12601.

      В соответствии с подпунктом 36) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила декларирования деятельности работодателя.

      2. Комитету труда, социальной защиты и миграции Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) доведение настоящего приказа до сведения местных органов по инспекции труда областей, городов Астана и Алматы;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений о исполнений мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова

      СОГЛАСОВАН

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      __________ Е. Досаев

      22 декабря 2015 год



  Утверждены
приказом Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 909

Правила декларирования деятельности работодателя

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила декларирования деятельности работодателя (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 36) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее - Трудовой кодекс).

      2. Настоящие Правила определяют порядок декларирования деятельности работодателя.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) декларирование деятельности работодателя - процедура признания деятельности работодателя, соответствующей требованиям трудового законодательства Республики Казахстан, на основании поданного им заявления;

      2) работодатель - физическое или юридическое лицо, с которым работник состоит в трудовых отношениях;

      3) территориальное подразделение уполномоченного государственного органа по труду (территориальное подразделение) – структурное подразделение уполномоченного государственного органа по труду, осуществляющие в пределах соответствующей административно территориальной единицы полномочия в области регулирования трудовых отношений в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      4) территориальное объединение профсоюзов - объединение профсоюзов на уровне района, города, области, города республиканского значения и столицы;

      5) профсоюзный орган - орган управления, образованный в соответствии с уставом профсоюза;

      6) грубые нарушения - нарушения трудового законодательства в части безопасности и охраны труда, приведшие к временной или стойкой утрате трудоспособности либо смерти работника, не обеспечение расследования и учета несчастных случаев на производстве, а также несоблюдение режима рабочего времени и времени отдыха;

      7) государственные инспекторы труда – должностные лица территориального подразделения области, города республиканского значения, столицы.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Условием участия работодателей в декларировании является соответствие параметров их деятельности требованиям трудового законодательства Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок декларирования деятельности работодателя

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Декларирование деятельности работодателя осуществляется территориальным подразделением уполномоченного государственного органа по труду совместно с региональными объединениями работодателей и территориальными объединениями профсоюзов.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Работодатель в личном кабинете государственного информационного портала "Электронная биржа труда" заполняет заявление-декларацию о деятельности работодателя по соблюдению трудовых прав работников (далее – декларация) согласно приложению 1 к настоящим Правилам и направляет ее в территориальное подразделение уполномоченного государственного органа по труду, по месту нахождения организации, через автоматизированную информационную систему Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан "Охрана труда и безопасность".

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Территориальное подразделение уполномоченного государственного органа по труду в течение двадцати рабочих дней со дня принятия декларации в автоматизированной информационной системе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан "Охрана труда и безопасность" принимает решение о соответствии или несоответствии деятельности работодателя требованиям трудового законодательства Республики Казахстан". Работодатель в личном кабинете государственного информационного портала "Электронная биржа труда" получает уведомление о принятом решении.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Решение о соответствии или несоответствии деятельности работодателя требованиям трудового законодательства Республики Казахстан принимается территориальным подразделением уполномоченного государственного органа по труду по рекомендации комиссии по декларированию деятельности работодателя (далее - комиссия), создаваемой территориальным подразделением уполномоченного государственного органа по труду.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В состав комиссии в обязательном порядке включаются представители территориального подразделения уполномоченного государственного органа по труду, регионального объединения работодателей и территориального объединения профсоюзов.

      На заседании комиссии могут участвовать представители работодателя.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Исключен приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. По результатам посещения государственными инспекторами труда составляется заключение (информация) о соответствии или несоответствии параметров деятельности работодателя требованиям трудового законодательства Республики Казахстан, которое выносится на рассмотрение комиссии.

      12. Работодателям, деятельность которых признана соответствующей требованиям трудового законодательства Республики Казахстан, в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения о соответствии их деятельности требованиям трудового законодательства Республики Казахстан, выдается Сертификат доверия сроком на три года по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      13. Сертификат доверия учитывается при формировании территориальным подразделением уполномоченного государственного органа по труду профилактического контроля с посещением субъекта контроля, установленного Трудовым кодексом Республики Казахстан.

      В отношении работодателя - обладателя Сертификата доверия профилактический контроль с посещением не проводится.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Основанием для отказа в выдаче Сертификата доверия являются:

      1) несоответствие параметров деятельности работодателя требованиям трудового законодательства Республики Казахстан;

      2) имевшие место в течение года, до даты подачи декларации, грубые нарушения трудового законодательства;

      3) имевшие место в течение года, до даты подачи декларации, несчастные случаи, связанные с трудовой деятельностью, с тяжелым или со смертельным исходом.

      15. В случае допущения работодателем грубых нарушений трудового законодательства в течение трех лет с момента получения Сертификата доверия, его действие отменяется.

      16. Решение об отмене действия Сертификата доверия принимается территориальным подразделением уполномоченного государственного органа по труду по рекомендации комиссии, и направляется работодателю в течение трех рабочих дней с даты его принятия.

      Сноска. Пункт 16 – в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Заключительные положения

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Территориальное подразделение уполномоченного государственного органа по труду в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения о соответствии деятельности работодателя требованиям трудового законодательства Республики Казахстан, и отмене действия Сертификата доверия, представляет в уполномоченный государственный орган по труду сведения о работодателях-обладателях Сертификата доверия.

      Информация о работодателях, имеющих Сертификат доверия, размещается на интернет-ресурсе уполномоченного государственного органа по труду в течение трех рабочих дней со дня получения сведений о работодателях - обладателях Сертификата доверия.

      Сноска. Пункт 17 – в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. При несогласии с решением территориального подразделения уполномоченного государственного органа по труду работодатель может обжаловать его в судебном порядке.

      Сноска. Пункт 18 – в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам декларирования
деятельности работодателя

      В территориальное подразделение
_____________________________________________
(наименование области, города Астана, Алматы, Шымкент)

Заявление-декларация о деятельности работодателя по соблюдению трудовых прав работников

      Сноска. Приложение 1 – в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. ____________________________________________________________________
(полное наименование юридического или физического лица, юридический адрес)
______________________________________________________________________

      2. Вид деятельности ____________________________________________________

      3. Численность работающих ____________ человек

      4. Настоящим заявляем о соблюдении требований трудового законодательства Республики Казахстан:

№ п/п

Содержание требований трудового законодательства

Декларация (да/нет)

1.

Со всеми работниками заключены трудовые договора.
Соблюдаются ограничения в заключение трудового договора


2.

Утверждены и введены в действие правила трудового распорядка (дата утверждения)


3.

Утвержден и выполняется график оплачиваемых ежегодных трудовых отпусков работников на текущий год, а его изменение в связи с производственной необходимостью осуществляется с уведомлением работника не менее чем за две недели до начала трудового отпуска.
Отсутствуют случаи не предоставления трудового отпуска либо его части работнику в течение двух лет подряд, незаконного отзыва из оплачиваемого ежегодного трудового отпуска


4.

Заработная плата выплачивается в полном размере в установленные сроки
Отсутствует задолженность или задержка с выплатой работнику причитающихся компенсационных выплат, в том числе сумм возмещения вреда, причиненного жизни и здоровью работника


5.

Осуществляются пенсионные и социальные отчисления, страхование работников от несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью и профессиональными заболеваниями


6.

Соблюдается режим работы и отдыха в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
Отсутствуют случаи незаконного привлечения к сверхурочным работам, работам в выходные и праздничные дни


7.

В связи с изменениями в организации производства, в том числе при реорганизации, сокращении объема работ и сокращении численности или штата, работники письменно предупреждаются работодателем не позднее, чем за один месяц


8.

Отсутствует факты незаконного привлечения к дисциплинарной ответственности


9.

Отсутствует факты незаконного прекращения трудового договора


10.

Отсутствуют несчастные случаи на производстве


11.

В установленные сроки проведена аттестация производственных объектов по условиям труда


12.

Имеется служба охраны труда (должность специалиста по охране труда)


13.

Лица, ответственные за обеспечение безопасности и охраны труда организаций, прошли обучение и проверку знаний по вопросам безопасности и охраны труда


14.

Разработаны, и утверждены инструкции по безопасности и охране труда для всех работ и профессий


15.

Работники по условиям труда обеспечены средствами индивидуальной и коллективной защиты


16.

Работникам, занятым на работах с вредными условиями труда, своевременно выдается бесплатно молоко или лечебно-профилактическое питание по установленным нормам


17.

Внедрены национальные стандарты системы управления охраной труда


18.

Проводятся периодические медицинские осмотры и обследования работников, занятых на тяжелых работах, работах с вредными и (или) опасными условиями труда


19.

Осуществляется финансирование мероприятий по улучшению условий безопасности и охраны труда


20.

Деятельность производств, цехов, участков, рабочих мест и эксплуатация оборудования, механизмов соответствует требованиям нормативных правовых актов о безопасности и охране труда


      5. Прошу выдать Сертификата доверия. Даю согласие на посещение
государственными инспекторами труда на предмет соответствия параметров
деятельности требованиям трудового законодательства Республики Казахстан

      Работодатель ______________ ___________________________________________
(должность) (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Председатель профсоюзного органа _________ _____________________________
(подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
"___" ________ 20__ года


  Приложение 2
к Правилам декларирования
  деятельности работодателя

      Сноска. Приложение 2 – в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.09.2024 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

______________________________
облысының (қаласының)
аумақтық бөлімшесі


 

Территориальное подразделение
____________________________
области (города)

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕНІМ СЕРТИФИКАТЫ

      ______________________________________________________________
тапсырылады (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
____________________ облысының (қаласының) Бас мемлекеттік еңбек
инспекторы ___________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)
М.О. _______________________
қаласы ______ 20__ ж. Тіркеу № ____