Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12638 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңін ұзарту қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңі:
      1) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 2 000 теңгелік – 2013 жылғы 29 наурыздан бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында;
      2) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5 000 теңгелік – 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында;
      3) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 10 000 теңгелік – 2012 жылғы 10 сәуірден бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында белгіленсін.
      2. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:
      1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы:
      ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін өз кассаларынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады;
      жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына тапсырады;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:
      ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға беруді жүзеге асырады;
      заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын есепке жатқыза отырып шектеусіз қабылдайды.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Балахметов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                              Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 210 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының күші жойылған қаулыларының
тізбесі

      1. «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 37-38 (27110) жарияланған).
      2. «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 244 (27318) жарияланған).
      3. «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8562 тіркелген, 2013 жылғы 7 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 184 (28123) жарияланған).
      4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 284 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9042 тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9043 тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10209 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

О некоторых вопросах параллельного обращения банкнот национальной валюты Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 210. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12638

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года «О Национальном Банке Республики Казахстан», в связи с необходимостью продления периода параллельного обращения банкнот национальной валюты Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить период параллельного обращения банкнот национальной валюты Республики Казахстан:
      1) номиналом 2 000 тенге образца 2006 года (далее – денежный знак старого образца) и образца 2012 года (далее – денежный знак нового образца) с 29 марта 2013 года по 3 октября 2016 года (включительно);
      2) номиналом 5 000 тенге образца 2006 года (далее – денежный знак старого образца) и образца 2011 года (далее – денежный знак нового образца) с 30 декабря 2011 года по 3 октября 2016 года (включительно);
      3) номиналом 10 000 тенге образца 2006 года (далее – денежный знак старого образца) и образца 2012 года (далее – денежный знак нового образца) с 10 апреля 2012 года по 3 октября 2016 года (включительно).
      2. В период параллельного обращения денежных знаков старого и нового образцов:
      1) банки второго уровня и Национальный оператор почты:
      осуществляют выдачу денежных знаков старого и нового образцов из своих касс, а также посредством банкоматов физическим и юридическим лицам;
      сдают поступающие от физических и юридических лиц денежные знаки старого и нового образцов в филиалы Национального Банка Республики Казахстан в соответствии с Правилами ведения кассовых операций и операций по инкассации банкнот, монет и ценностей в банках и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 марта 2001 года № 58 «Об утверждении Правил ведения кассовых операций и операций по инкассации банкнот, монет и ценностей в банках и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1482;
      2) филиалы Национального Банка Республики Казахстан:
      осуществляют выдачу денежных знаков старого образца и нового образца физическим и юридическим лицам;
      принимают без ограничений от юридических лиц денежные знаки старого и нового образцов с последующим зачислением безналичного эквивалента на соответствующие корреспондентские счета банков второго уровня в соответствии с Правилами ведения кассовых операций с физическими и юридическими лицами в Национальном Банке Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 247 «Об утверждении Правил ведения кассовых операций с физическими и юридическими лицами в Национальном Банке Республики Казахстан», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10204.
      3. Признать утратившими силу постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      4. Департаменту наличного денежного обращения (Балахметов А.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.
      5. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.
      7. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель
      Национального Банка                        Д. Акишев

Приложение         
к постановлению Правления 
Национального Банка    
Республики Казахстан   
от 28 ноября 2015 года № 210

Перечень
утративших силу постановлений Правления
Национального Банка Республики Казахстан

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 213 «Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 5 000 тенге образца 2006 года и образца 2011 года» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7382, опубликованное 26 января 2012 года в газете «Казахстанская правда» № 29 (26848)).
      2. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 107 «Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 10 000 тенге образца 2006 года и образца 2012 года» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7622, опубликованное 17 мая 2012 года в газете «Казахстанская правда» № 141 (26960)).
      3. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2013 года № 127 «Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 2 000 тенге образца 2006 года и образца 2012 года» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8562, опубликованное 7 августа 2013 года в газете «Казахстанская правда» № 246 (27520)).
      4. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 декабря 2013 года № 284 «О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 213 «Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 5 000 тенге образца 2006 года и образца 2011 года» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9042, опубликованное 16 января 2014 года в информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»).
      5. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 декабря 2013 года № 285 «О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 107 «Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 10 000 тенге образца 2006 года и образца 2012 года» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9043, опубликованное 16 января 2014 года в информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»).
      6. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 249 «О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2013 года № 127 «Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 2 000 тенге образца 2006 года и образца 2012 года» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10209, опубликованное 3 марта 2015 года в информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»).