Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12794 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2018 № 23/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1241 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-3) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) абонент – байланыс қызметтерін көрсету мақсатында абоненттік желі, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, байланыс қызметтерін көрсетуге онымен шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

      2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;

      3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      4) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;

      5) куәландырушы орталық – уәкілетті орган айқындайтын, қауіпсіздік сертификаттарын электрондық нысанда беретін заңды тұлға;

      6) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық нышандар жинағы;

      7) қалааралық және халықаралық байланыс операторы – қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

      8) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру.

      3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен шифрланған трафикті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жіберуге арналған Қазақстан Республикасы аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен шифрланған трафикті өткізуге таралмайды.

2. Қауіпсіздік сертификатын қолдану тәртібі

      4. Куәландырушы орталығы берген қауіпсіздік сертификатын пайдалануды байланыс операторлары күшіне енген сот шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілмеген ақпаратты телекоммуникация желісі бойынша таратуды шектеу, сондай-ақ Заңның 41-1-бабына сәйкес желілерді және (немесе) байланыс құралдарын қылмыстық мақсаттарда пайдалануды уақытша тоқтату не тоқтату мақсатында жүзеге асырады.

      5. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары трафикті өткізуді Заңның 26-бабына сәйкес шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдалану арқылы жүзеге асырады.

      6. Байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттар абоненттерді сервистерге немесе ресурстарға қолжетімділікті ұсынуды өзгерту туралы хабарландырады.

      7. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттар жасалған байланыс операторларына және абоненттерге қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

      8. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторы өзінің ресми интернет-ресурсында шифрлауды пайдаланатын сервистерге немесе ресурстарға қолжетімділікті ұсыну шарттары туралы ақпаратты, сондай-ақ қауіпсіздік сертификатын және оны бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын байланыс құралдарына орнату бойынша нұсқаулықты орналастырады.

      9. Қауіпсіздік сертификатын қолданған кезде байланыс оператор оны қолданудың ұйымдастырушылық және техникалық шарттары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      10. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының интернет-трафиктің транзиті бойынша қызметтерді көрсетуі және басқа мемлекеттердің байланыс операторларының желілік ресурстарын Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ұсынуы куәландырушы орталық берген қауіпсіздік сертификатын қолданусыз жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил применения сертификата безопасности

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1241. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12794. Утратил силу приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 23/нс (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Комитета национальной безопасности РК от 27.03.2018 № 23/нс (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6-3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения сертификата безопасности.

      2. Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Казангап Т.Б.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 25 декабря 2015 года № 1241

Правила
применения сертификата безопасности
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила применения сертификата безопасности разработаны в соответствии с подпунктом 6-3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" (далее – Закон) и определяют порядок применения сертификата безопасности.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) абонент – физическое или юридическое лицо, с которым заключен договор на оказание услуг связи с выделением для этих целей абонентской линии, абонентского номера и (или) идентификационного кода;

      2) оператор связи – юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи;

      3) интернет-ресурс – электронный информационный ресурс, отображаемый в текстовом, графическом, аудиовизуальном или ином виде, размещаемый на аппаратно-программном комплексе, имеющий уникальный сетевой адрес и (или) доменное имя и функционирующий в Интернете;

      4) интернет-трафик – объем информации, передаваемой и принимаемой через соединение с Интернетом за определенный период времени;

      5) удостоверяющий центр – юридическое лицо, определяемое уполномоченным органом, выдающее в электронной форме сертификаты безопасности;

      6) сертификат безопасности – набор электронных цифровых символов, применяемый для пропуска трафика, содержащего протоколы, поддерживающие шифрование;

      7) оператор междугородной и международной связи – оператор фиксированной связи, владеющий и (или) эксплуатирующий междугородные и международные линии связи, междугородные и международные коммутационные станции и предоставляющий услуги междугородной и международной телефонной связи по транзиту трафика и предоставлению сетевых ресурсов другим операторам связи;

      8) пропуск трафика – осуществление процесса установления соединения и передачи информации между пользователями услугами связи (сетями телекоммуникаций).

      3. Настоящие Правила не распространяются на пропуск трафика, шифрованного средствами криптографической защиты информации на территории Республики Казахстан, а также трафика шифрованного средствами криптографической защиты информации на территории Республики Казахстан, предназначенного для передачи за пределы территории Республики Казахстан.

2. Порядок применения сертификата безопасности

      4. Применение сертификата безопасности, выданного удостоверяющим центром, осуществляются операторами связи в целях ограничения распространения по сети телекоммуникаций информации, запрещенной вступившим в законную силу решением суда или законами Республики Казахстан, а также приостановления или прекращения использования сетей и (или) средств связи в преступных целях, в соответствии со статьей 41-1 Закона.

      5. Операторы междугородной и (или) международной телефонной связи осуществляет пропуск трафика с использованием протоколов, поддерживающих шифрование с применением сертификата безопасности в соответствии со статьей 26 Закона.

      6. Операторы связи уведомляют абонентов, с которыми заключены договора на оказание услуг связи об изменении предоставления доступа к сервисам или ресурсам.

      7. Операторы междугородной и (или) международной телефонной связи обеспечивают распространение сертификата безопасности операторам связи и абонентам, с которыми заключены договора на оказание услуг связи.

      8. Оператор междугородной и (или) международной телефонной связи размещает на своем официальном интернет-ресурсе информацию об условиях предоставления доступа к сервисам или ресурсам, использующим шифрование, а также сертификат безопасности и инструкцию по его установке на средства связи, использующие программные обеспечения.

      9. При применении сертификата безопасности оператор связи обеспечивают конфиденциальность информации об организационных и технических условиях его применения.

      10. Оказание операторами междугородной и (или) международной связи услуг по транзиту интернет-трафика и предоставлению сетевых ресурсов операторов связи других государств через территорию Республики Казахстан осуществляется без использования сертификата безопасности, выданного удостоверяющим центром.