Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2018 № 23/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1240 бұйрығымен бекітілген |
Қауіпсіздік сертификатын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қауіпсіздік сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;
3) куәландырушы орталық – уәкілетті орган айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын беретін заңды тұлға;
4) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.
2. Қауіпсіздік сертификаттарын беру тәртібі
3. Қауіпісіздік сертификатын беру байланыс операторының куәландырушы орталыкқа осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздік сертификатын беруге өтініші негізінде жүргізіледі.
4. Қауіпісіздік сертификатын беру куәландырушы орталықта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс операторының электрондық ақпаратты тасығышқа жазу (қайта жазу мүмкіндігінсіз) арқылы жүргізіледі және куәландырушы орталықтың анықтамасымен расталады.
5. Қауіпісіздік сертификатының жазылуы бар электрондық ақпаратты тасығыш және куәландырушы орталықтың анықтамасы куәландырушы орталықпен берілген және кері қайтап алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп журналында тіркеледі.
6. Қауіпісіздік сертификатының жарамдылық мерзімі ол берілген сәттен бастап 3 жылды құрайды.
7. Байланыс операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін күнтізбелік 20 күн бұрын жаңа қауіпсіздік сертификатын беру үшін куәландырушы орталыққа жүгінеді.
8. Куәландырушы орталық осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және кері қайтап алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп журналын жүргізеді.
Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қауіпсіздік сертификатын беруге
өтініш
Негізінде әрекет ететін _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
лауазымының атауы
_____________________________________________________________________
Телефон: жұмыс/ұялы
атынан
_____________________________________________________________________
Байланыс операторының атауы
_____________________________________________________________________
Байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі
№ _________ электрондық ақпаратты тасығышқа (қайта жазу
мүмкіндігінсіз) қауіпсіздік сертификатын беруді сұраймын.
Қолы ____________
Күні 20__жылғы "___" _____________
МО
Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Куәландырушы орталықтың
анықтамасы
Куәландырушы орталық ________________________________________________
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, телефоны
_____________________________________________________________________
Байланыс операторының атауы
_____________________________________________________________________
байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі
______________________ қауіпсіздік сертификатын берді.
тіркеу нөмірі
Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 3 жыл.
Басшы _________ ________________________
қолы Т.А.Ә.
Күні 20__жылғы "_____" _____________
МО (бар болса)
Алдым: ________________ ________________
Т.А.Ә. қолы
Күні 20__жылғы "_____" _____________
Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Берілген және кері қайтап алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп журналы
№ | Байланыс операторы | Т.Ә.А. | Өтінішітің тіркеу нөмірі | Күні | Электрондық тасығыштың нөмірі | Алу/кері қайтару туралы белгі (қолы) | Ескертпе (кері қайтаруға негіз) |