Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-6/1127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12796 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.02.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 29 желтоқсан


      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі міндеттерін атқарушы

      _________________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 29 желтоқсан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 29 желтоқсан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрінің

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 4-6/1127 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде
пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесі

Рет №

Атауы

СЭҚ ТН коды

1

2

3

1.

Вулканизацияланған резеңкеден жасалған конвейер ленталары немесе қозғалтқыш белдіктер немесе бельтинг

4010

2.

Қаптама амортизаторлар, ұштықтар, тұғырықтар*

4016 93 000 5-ден

3.

8701 - 8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарына арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар*

4016 99 970 9-дан

4.

Ыстықтай орамдалған серіппелер, рессорлар

7320 10 110 0-ден,

7320 10 190 0-ден,

7320 20 200 9-дан

5.

Созылатын бұрандалы суықтай орамдалған серіппелер*

7320 20 850 8-ден

6.

Серіппелі қабықтар*

7320 90 900 8-ден

7.

Ыстық қалыптамалар*

7326 90 930 9-ден

8.

Ауыл шаруашылығы машиналарында, тракторларда, ұшу аппараттарында, электр генераторларында, компрессорларда пайдалануға жататын, поршеннің айналмалы немесе қайтарымды-үдемелі қозғалысымен ұшқындап от алатын іштен жану двигательдері

8407-ден

9.

Ауыл шаруашылығы машиналарында, локомотивтерде, тракторларда, кемелерде, электр станцияларында пайдалануға жататын, қысқанда жалын шығаратын поршеньді іштен жану двигательдері (дизельдер немесе жартылай дизельдер)

8408-ден

10.

Май құю станциялары мен гараждарда пайдалануға арналғандарды, сондай-ақ көлік құралдарына арналғандарды қоспағанда, шығын өлшегіштері бар немесе оларсыз сұйықты сорғылар; сұйықтарды көтергіштер*

8413-тен

11.

Бір сатылы турбокомпрессорлар

8414 80 110 0

12.

Көп сатылы өзге де турбокомпрессорлар

8414 80 190 0

13.

Жасанды тоқыма материалдарынан жасалған сүзгілер және сүзгі элементтері*

8421 31 000 9-дан,

8421 99 000-ден

14.

Шөміштер, қармауыштар және қарпығыштар

8431 41 000 0-ден

15.

Шөп дайындауға арналған машиналардың бөліктер

8433 90 000 0-ден

16.

Гидробөлгіштер*

8481 20 100 9-дан

17.

Темір жол көлігінің жылжымалы және жүк тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де шарикті подшипниктер*

8482 10 900-ден

18.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, сепаратормен және роликтермен жиынтықтағы ішкі конус сақиналарды қоса алғанда, роликті-конусты подшипниктер*

8482 20 000

19.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, роликті сфералық подшипниктер*

8482 30 000

20.

Ине тәрізді роликті подшипниктер

8482 40 000

21.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де цилиндрлік роликті подшипниктер

8482 50 000

22.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, қиыстырылған шарикті - роликтілерді қоса алғанда, өзге де подшипниктер

8482 80 000

23.

Шариктер, инелі роликтер және роликтер

8482 91

24.

Бірнеше элементтерден құрастырылған (құрама) иінді біліктер

8483 10 290 9-дан

25.

Кардан біліктері*

8483 10 210 8-ден

26.

Трансмиссия біліктері (жұдырықша және иінді біліктерді қоса алғанда) мен өзге де қос иіндер

8483 10 950 0

27.

Шарикті және роликті подшипниктер орнатылған подшипниктер корпустары

8483 20 000 0-ден

28.

Шарикті және роликті подшипниктерге арналған подшипниктер корпустары

8483 30 320

29.

Біліктермен жиынтықтағы тіссіз берілістер мен тісті доңғалақтар; беріліс қораптары және басқа да жылдамдық вариаторлары*

8483 40-тан, 8483 90-нан

30.

Шкивтердің блоктарын қоса алғанда, тегершіктер мен шкивтер

8483 50

31.

Жалғастырғыштар мен біліктерді қосуға арналған құрылғылар (әмбебап топсаларды қоса алғанда)

8483 60

32.

Азаматтық авиацияға арналған тісті дөңгелектер, тізбекті жұлдызшалар және жеке қойылған басқа да беріліс элементтері; бөліктері

8483 90-нан

33.

Қорғасынды аккумуляторлар: сұйық электролитпен жұмыс істейтін күш; өзгелері; тұрақты*

8507 20 200 0,

8507 20 800 1-ден

34.

Іштен жану двигательдерін ұшқыннан немесе жанғыш қоспаларды қысу арқылы тұтандыруға және іске қосуға арналған электр жабдығы (мысалы, магнето, тұтандыру катушкалары, тұтандыру шырақтары, қыздыру шырақтары, стартерлер); осы двигательдермен бірге пайдаланылатындар үлгісіндегі генераторлар (мысалы, тұрақты және айнымалы тоқтың) мен ажыратқыштар

8511

35.

Электр жарығын беру немесе дабыл беру жабдығы (8539 тауар позициясының бұйымдарынан басқа), велосипедтерде немесе моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын шыны тазалағыштар, күңгірттенуге қарсы және булануға қарсы жабдықтар

8512

36.

Радиохабарларын таратуға арналған, дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратурамен немесе сағатпен бір корпуста бірге немесе бөлек орналастырылған-қабылдау аппаратурасы; өзгелері; Моторлы көлік құралдарында қолданатын сыртқы қорек көзінсіз жұмыс; істей алмайтын кең ауқымда хабар таратқыш радиоқабылдағыштар дыбыс жазғыш немесе шығарғыш аппаратурасымен бірге орнатылғандары

8527 19 000 0,

8527 21

37.

Автосымдар*

8544 42 900 9-ден

38.

Трактор кабинасын жылытқыштар, амортизаторлар*

8708 29 900-ден

39.

Тракторға арналған трансмиссиялар*

8708 50 350-ден

40.

Аунақтың осі, роликтің осі, иінді ось, шынжыр табан буынының бунағы*

8708 70 990-ден

41.

Тракторға арналған радиаторлар*

8708 91 990-ден

42.

Өзге де тіркемелерге және жартылай тіркемелерге бөлшектер

8716 90

43.

Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шасси

8716 90 100 0

44.

Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шанақ

8716 90 300 0

45.

Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің осьтер

8716 90 500 0

46.

Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің басқа да бөлшектер

8716 90 900 0

47.

9014, 9015, 9028 және 9032 тауар позицияларының құралдары мен аппаратурасынан басқа, сұйықтардың немесе газдардың шығысын, деңгейін, қысымын немесе басқа да құбылмалы сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған құралдар мен аппаратура (мысалы, шығын өлшегіштер, деңгей көрсеткіштері, манометрлер, жылу өлшегіштер)

9026

48.

Автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған құралдар мен құрылғылар

9032


      Ескертпе: * - тауарлар номенклатурасы код арқылы да, тауарлар атауы арқылы да айқындалады.

Об утверждении перечня запасных частей, используемых в производстве сельскохозяйственной техники

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 4-6/1127. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12796. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 февраля 2018 года № 84.

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 22.02.2018 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения и таможенного администрирования" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень запасных частей, используемых в производстве сельскохозяйственной техники.

      2. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и

      развитию Республики Казахстан

      ________ А. Исекешев

      29 декабря 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ________ Б. Султанов

      29 декабря 2015 года


      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      _________________ Е. Досаев "СОГЛАСОВАН"

      Исполняющий обязанности

      Министр национальной экономики

      _________________ М. Кусаинов

      29 декабря 2015 года



  Утвержден
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 25 декабря 2015 года № 4-6/1127
 

      Перечень запасных частей, используемых в производстве

      сельскохозяйственной техники

№ п/п

Наименование

Код ТН ВЭД

1

2

3

1.

Ленты конвейерные или ремни приводные, или бельтинг, из вулканизованной резины

4010

2.

Кожух, амортизаторы, наконечники, подушки*

из 4016 93 000 5

3.

Изделия из вулканизованной резины, кроме твердой резины для моторных транспортных средств товарных позиций 8701-8705*

из 4016 99 970 9

4.

Пружины горячей навивки, рессоры

из 7320 10 110 0,

из 7320 10 190 0,

из 7320 20 200 9

5.

Пружины холодной навивки винтовые, работающие на растяжение*

из 7320 20 850 8

6.

Оболочки пружинные*

из 7320 90 900 8

7.

Горячие штамповки*

из 7326 90 930 9

8.

Двигатели внутреннего сгорания с искровым зажиганием, с вращающимся или возвратно-поступательным движением поршня, подлежащие использованию в сельскохозяйственных машинах, тракторах, летательных аппаратах, электрогенераторах, компрессорах

из 8407

9.

Двигатели внутреннего сгорания поршневые с воспламенением от сжатия (дизели или полудизели), подлежащие использованию в сельскохозяйственных машинах, локомотивах, тракторах, судах, электростанциях*

из 8408

10

Насосы жидкостные с расходомерами или без них, за исключением предназначенных для использования на заправочных станциях и в гаражах, а также предназначенных для транспортных средств; подъемники жидкостей*

из 8413

11.

Турбокомпрессоры одноступенчатые

8414 80 110 0

12.

Прочие турбокомпрессоры многоступенчатые

8414 80 190 0

13.

Фильтры и фильтроэлементы из искусственных текстильных материалов*

из 8421 31 000 0,

из 8421 99 000

14.

Ковши, захваты и черпаки

из 8431 41 000 0

15.

Части машин для заготовки сена

из 8433 90 000 0

16.

Гидрораспределители*

из 8481 20 100 9

17.

Подшипники шариковые, прочие, кроме используемых на подвижном и тяговом составе железнодорожного транспорта*

из 8482 10 900

18.

Подшипники роликовые конические, включая внутренние конические кольца с сепаратором и роликами в сборе, кроме используемых на подвижном и тяговом составе железнодорожного транспорта

8482 20 000

19.

Подшипники роликовые сферические, кроме используемых на подвижном и тяговом составе железнодорожного транспорта

8482 30 000

20.

Подшипники роликовые игольчатые

8482 40 000

21.

Подшипники с цилиндрическими роликами прочие, кроме используемых на подвижном и тяговом составе железнодорожного транспорта

8482 50 000

22.

Подшипники, включая комбинированные шарико-роликовые, прочие, кроме используемых на подвижном и тяговом составе железнодорожного транспорта

8482 80 000

23.

Шарики, игольчатые ролики и ролики

8482 91

24.

Валы коленчатые, собранные из нескольких элементов (составные)

из 8483 10 290 9

25.

Валы карданные*

из 8483 10 210 8

26.

Валы трансмиссионные (включая кулачковые и коленчатые) и кривошипы прочие

8483 10 950 0

27.

Корпуса подшипников с встроенными шариковыми или роликовыми подшипниками

из 8483 20 000 0

28.

Корпуса подшипников для шариковых и роликовых подшипников

8483 30 320

29.

Зубчатые передачи и зубчатые колеса в сборе с валами; коробки передач и другие вариаторы скорости*

из 8483 40,

из 8483 90

30.

Маховики и шкивы, включая блоки шкивов

8483 50

31.

Муфты и устройства для соединения валов (включая универсальные шарниры)

8483 60

32.

Зубчатые колеса, цепные звездочки и другие элементы передач, представленные отдельно; части, для гражданской авиации

из 8483 90

33.

Аккумуляторы свинцовые: силовые, работающие с жидким электролитом; прочие; стационарные*

8507 20 200 0,

из 8507 20 800 1

34.

Электрооборудование для зажигания или пуска двигателей внутреннего сгорания с воспламенением от искры или от сжатия горючей смеси (например, магнето, катушки зажигания, свечи зажигания, свечи накаливания, стартеры); генераторы (например, постоянного и переменного тока) и прерыватели, типа используемых вместе с такими двигателями

8511

35.

Оборудование электроосветительное или сигнализационное (кроме изделий товарной позиции 8539), стеклоочистители, антиобледенители и противозапотеватели, используемые на велосипедах или моторных транспортных средствах

8512

36.

Аппаратура приемная для радиовещания, совмещенная или не совмещенная в одном корпусе со звукозаписывающей или звуковоспроизводящей аппаратурой или часами; прочие

Широковещательные радиоприемники, не способные работать без внешнего источника питания, используемые в моторных транспортных средствах, совмещенные со звукозаписывающей или звуковоспроизводящей аппаратурой

8527 19 000 0,

8527 21

37.

Автопровода*

из 8544 42 900 9

38.

Отопители кабин трактора, амортизаторы*

из 8708 29 900

39.

Трансмиссии для трактора*

из 8708 50 350

40.

Ось катка, ось ролика, ось коленчатая, палец звена гусеницы*

из 8708 70 990

41.

Радиаторы для трактора*

из 8708 91 990

42.

части к прицепам и полуприцепам

8716 90

43.

шасси прицепов и полуприцепов

8716 90 100 0

44.

кузова прицепов и полуприцепов

8716 90 300 0

45.

оси прицепов и полуприцепов

8716 90 500 0

46.

части прочие прицепов и полуприцепов

8716 90 900 0

47.

Приборы и аппаратура для измерения или контроля расхода, уровня, давления или других переменных характеристик жидкостей или газов (например, расходометры, указатели уровня, манометры, тепломеры), кроме приборов и аппаратуры товарной позиции 9014, 9015, 9028 или 9032

9026

48.

Приборы и устройства для автоматического регулирования или управления

9032

      Примечание: * - номенклатура товаров определяется как кодом, так и наименованием товаров.