Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.02.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________Ә. Исекешев
2015 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі міндеттерін атқарушы
_________________ М. Құсайынов
2015 жылғы 29 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 29 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрінің
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы " "
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-6/1127 бұйрығымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде
пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесі
Рет № | Атауы | СЭҚ ТН коды |
1 | 2 | 3 |
1. | Вулканизацияланған резеңкеден жасалған конвейер ленталары немесе қозғалтқыш белдіктер немесе бельтинг | 4010 |
2. | Қаптама амортизаторлар, ұштықтар, тұғырықтар* | 4016 93 000 5-ден |
3. | 8701 - 8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарына арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар* | 4016 99 970 9-дан |
4. | Ыстықтай орамдалған серіппелер, рессорлар | 7320 10 110 0-ден, 7320 10 190 0-ден, 7320 20 200 9-дан |
5. | Созылатын бұрандалы суықтай орамдалған серіппелер* | 7320 20 850 8-ден |
6. | Серіппелі қабықтар* | 7320 90 900 8-ден |
7. | Ыстық қалыптамалар* | 7326 90 930 9-ден |
8. | Ауыл шаруашылығы машиналарында, тракторларда, ұшу аппараттарында, электр генераторларында, компрессорларда пайдалануға жататын, поршеннің айналмалы немесе қайтарымды-үдемелі қозғалысымен ұшқындап от алатын іштен жану двигательдері | 8407-ден |
9. | Ауыл шаруашылығы машиналарында, локомотивтерде, тракторларда, кемелерде, электр станцияларында пайдалануға жататын, қысқанда жалын шығаратын поршеньді іштен жану двигательдері (дизельдер немесе жартылай дизельдер) | 8408-ден |
10. | Май құю станциялары мен гараждарда пайдалануға арналғандарды, сондай-ақ көлік құралдарына арналғандарды қоспағанда, шығын өлшегіштері бар немесе оларсыз сұйықты сорғылар; сұйықтарды көтергіштер* | 8413-тен |
11. | Бір сатылы турбокомпрессорлар | 8414 80 110 0 |
12. | Көп сатылы өзге де турбокомпрессорлар | 8414 80 190 0 |
13. | Жасанды тоқыма материалдарынан жасалған сүзгілер және сүзгі элементтері* | 8421 31 000 9-дан, 8421 99 000-ден |
14. | Шөміштер, қармауыштар және қарпығыштар | 8431 41 000 0-ден |
15. | Шөп дайындауға арналған машиналардың бөліктер | 8433 90 000 0-ден |
16. | Гидробөлгіштер* | 8481 20 100 9-дан |
17. | Темір жол көлігінің жылжымалы және жүк тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де шарикті подшипниктер* | 8482 10 900-ден |
18. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, сепаратормен және роликтермен жиынтықтағы ішкі конус сақиналарды қоса алғанда, роликті-конусты подшипниктер* | 8482 20 000 |
19. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, роликті сфералық подшипниктер* | 8482 30 000 |
20. | Ине тәрізді роликті подшипниктер | 8482 40 000 |
21. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де цилиндрлік роликті подшипниктер | 8482 50 000 |
22. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланылатындардан басқа, қиыстырылған шарикті - роликтілерді қоса алғанда, өзге де подшипниктер | 8482 80 000 |
23. | Шариктер, инелі роликтер және роликтер | 8482 91 |
24. | Бірнеше элементтерден құрастырылған (құрама) иінді біліктер | 8483 10 290 9-дан |
25. | Кардан біліктері* | 8483 10 210 8-ден |
26. | Трансмиссия біліктері (жұдырықша және иінді біліктерді қоса алғанда) мен өзге де қос иіндер | 8483 10 950 0 |
27. | Шарикті және роликті подшипниктер орнатылған подшипниктер корпустары | 8483 20 000 0-ден |
28. | Шарикті және роликті подшипниктерге арналған подшипниктер корпустары | 8483 30 320 |
29. | Біліктермен жиынтықтағы тіссіз берілістер мен тісті доңғалақтар; беріліс қораптары және басқа да жылдамдық вариаторлары* | 8483 40-тан, 8483 90-нан |
30. | Шкивтердің блоктарын қоса алғанда, тегершіктер мен шкивтер | 8483 50 |
31. | Жалғастырғыштар мен біліктерді қосуға арналған құрылғылар (әмбебап топсаларды қоса алғанда) | 8483 60 |
32. | Азаматтық авиацияға арналған тісті дөңгелектер, тізбекті жұлдызшалар және жеке қойылған басқа да беріліс элементтері; бөліктері | 8483 90-нан |
33. | Қорғасынды аккумуляторлар: сұйық электролитпен жұмыс істейтін күш; өзгелері; тұрақты* | 8507 20 200 0, 8507 20 800 1-ден |
34. | Іштен жану двигательдерін ұшқыннан немесе жанғыш қоспаларды қысу арқылы тұтандыруға және іске қосуға арналған электр жабдығы (мысалы, магнето, тұтандыру катушкалары, тұтандыру шырақтары, қыздыру шырақтары, стартерлер); осы двигательдермен бірге пайдаланылатындар үлгісіндегі генераторлар (мысалы, тұрақты және айнымалы тоқтың) мен ажыратқыштар | 8511 |
35. | Электр жарығын беру немесе дабыл беру жабдығы (8539 тауар позициясының бұйымдарынан басқа), велосипедтерде немесе моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын шыны тазалағыштар, күңгірттенуге қарсы және булануға қарсы жабдықтар | 8512 |
36. | Радиохабарларын таратуға арналған, дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратурамен немесе сағатпен бір корпуста бірге немесе бөлек орналастырылған-қабылдау аппаратурасы; өзгелері; Моторлы көлік құралдарында қолданатын сыртқы қорек көзінсіз жұмыс; істей алмайтын кең ауқымда хабар таратқыш радиоқабылдағыштар дыбыс жазғыш немесе шығарғыш аппаратурасымен бірге орнатылғандары | 8527 19 000 0, 8527 21 |
37. | Автосымдар* | 8544 42 900 9-ден |
38. | Трактор кабинасын жылытқыштар, амортизаторлар* | 8708 29 900-ден |
39. | Тракторға арналған трансмиссиялар* | 8708 50 350-ден |
40. | Аунақтың осі, роликтің осі, иінді ось, шынжыр табан буынының бунағы* | 8708 70 990-ден |
41. | Тракторға арналған радиаторлар* | 8708 91 990-ден |
42. | Өзге де тіркемелерге және жартылай тіркемелерге бөлшектер | 8716 90 |
43. | Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шасси | 8716 90 100 0 |
44. | Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шанақ | 8716 90 300 0 |
45. | Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің осьтер | 8716 90 500 0 |
46. | Өзге де тіркемелердің және жартылай тіркемелердің басқа да бөлшектер | 8716 90 900 0 |
47. | 9014, 9015, 9028 және 9032 тауар позицияларының құралдары мен аппаратурасынан басқа, сұйықтардың немесе газдардың шығысын, деңгейін, қысымын немесе басқа да құбылмалы сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған құралдар мен аппаратура (мысалы, шығын өлшегіштер, деңгей көрсеткіштері, манометрлер, жылу өлшегіштер) | 9026 |
48. | Автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған құралдар мен құрылғылар | 9032 |
Ескертпе: * - тауарлар номенклатурасы код арқылы да, тауарлар атауы арқылы да айқындалады.