2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е.Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрі
________________ Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің18.03.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Саты | Лауазымдардың атауы |
А БЛОГЫ – БАСҚАРУШЫ ПЕРСОНАЛ | ||
А1 | 1 | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - РММ) директоры |
1-1 | РММ директорының орынбасары | |
А2 | 1 | РММ бас бухгалтері, бөлім бастығы |
1-1 | РММ бас бухгалтерінің орынбасары, бөлім бастығының орынбасары | |
А3 | 1 | РММ топ басшысы |
B БЛОГЫ – ӨЗГЕ ДЕ САЛАЛАРДА | ||
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты инженер |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты инженер | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты инженер | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ инженер | |
В3 | 1 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты инженер, техник |
2 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты инженер, техник | |
3 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты инженер, техник | |
4 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ инженер, техник | |
B БЛОГЫ – "ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ" САЛАСЫ | ||
В3 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мейіргер |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мейіргер | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мейіргер | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мейіргер | |
В4 | 1 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мейіргер |
2 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мейіргер | |
3 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мейіргер | |
4 | Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мейіргер | |
С БЛОГЫ – ӘКІМШІЛІК ПЕРСОНАЛ | ||
С1 | Энергия, жылу, су, газ құбырлары мен кәрізді күтіп-ұстау учаскесінің басшысы; көлік цехының басшысы; әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы; ғимараттар мен үй-жайларды жөндеу учаскесінің басшысы – құрылыс жұмыстарын жүргізуші; жөндеу-механика учаскесінің басшысы; байланыс, күзет дабылы және химиялық өрт сөндіру учаскесінің басшысы; өрт командасы қызметінің басшысы. | |
С2 | Біліктілік деңгейі жоғары мамандар: инспектор, аудитор, экономист, мемлекеттік сатып алу менеджері, бухгалтер, әдіскер, механик, байланыс инженері, жабдықтау инженері, құрылыстар мен құрылысжайларды түгендеу инженері, ақпаратты қорғау инженері, қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері, аудармашы, заңгер. | |
С3 |
Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: бухгалтер, инспектор, әдіскер, аудармашы, экономист, заң кеңесшісі, байланыс технигі, механик, ауысым бастығы | |
D БЛОГЫ – КӨМЕКШІ ПЕРСОНАЛ | ||
D | Техникалық орындаушылар: архивариус, іс жүргізуші, диспетчер, (көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелерінің, байланыстың, компьютерлік техниканың (бағдарламалардың), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, күзет қызметінің) операторы, күзетші, хатшы. |