Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12801 болып тіркелді.

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е.Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау

      және әлеуметтік даму министрі

      ________________ Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 114-нқ
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің18.03.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Буын

Саты

Лауазымдардың атауы

А БЛОГЫ – БАСҚАРУШЫ ПЕРСОНАЛ

А1

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - РММ) директоры

1-1

РММ директорының орынбасары

А2

1

РММ бас бухгалтері, бөлім бастығы

1-1

РММ бас бухгалтерінің орынбасары, бөлім бастығының орынбасары

А3

1

РММ топ басшысы

B БЛОГЫ – ӨЗГЕ ДЕ САЛАЛАРДА

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты инженер

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты инженер

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты инженер

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ инженер

В3

1

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты инженер, техник

2

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты инженер, техник

3

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты инженер, техник

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ инженер, техник

B БЛОГЫ – "ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ" САЛАСЫ

В3

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мейіргер

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мейіргер

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мейіргер

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мейіргер

В4

1

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мейіргер

2

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мейіргер

3

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мейіргер

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мейіргер

С БЛОГЫ – ӘКІМШІЛІК ПЕРСОНАЛ

С1


Энергия, жылу, су, газ құбырлары мен кәрізді күтіп-ұстау учаскесінің басшысы; көлік цехының басшысы; әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы; ғимараттар мен үй-жайларды жөндеу учаскесінің басшысы – құрылыс жұмыстарын жүргізуші; жөндеу-механика учаскесінің басшысы; байланыс, күзет дабылы және химиялық өрт сөндіру учаскесінің басшысы; өрт командасы қызметінің басшысы.

С2


Біліктілік деңгейі жоғары мамандар: инспектор, аудитор, экономист, мемлекеттік сатып алу менеджері, бухгалтер, әдіскер, механик, байланыс инженері, жабдықтау инженері, құрылыстар мен құрылысжайларды түгендеу инженері, ақпаратты қорғау инженері, қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері, аудармашы, заңгер.

С3


Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: бухгалтер, инспектор, әдіскер, аудармашы, экономист, заң кеңесшісі, байланыс технигі, механик, ауысым бастығы
Мемлекеттік мекемеге әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің: архив, бюро (көшіру-көбейту), кеңсе, қойма, шаруашылық басшысы (меңгерушісі).

D БЛОГЫ – КӨМЕКШІ ПЕРСОНАЛ

D


Техникалық орындаушылар: архивариус, іс жүргізуші, диспетчер, (көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелерінің, байланыстың, компьютерлік техниканың (бағдарламалардың), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, күзет қызметінің) операторы, күзетші, хатшы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады