"Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 994 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қаңтарда № 12806 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 532 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 11.06.2019 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Заң" Деректер базасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 994 бұйрығына
1-қосымша

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) еңбекші көшіп келушілерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.kz интернет-ресурсында "Iшкi iстер органдарының қызметi туралы" бөлiмінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы бөлінісі бастығының мөрімен және қолымен бекітілетін, "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 850 бұйрығымен бекітілген "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12341 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушілерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаттар беру және ұзарту не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясы бөліністері көрсетеді.

      7. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетілетін "терезелер" арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жинақталған құжаттарды қабылдау, олардың толықтығын тексеру, құжаттарды алуға арналған талонды беру 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.

      9. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын ІІО-ның, ҚСжАЕАК-нің деректер базасы бойынша тексеру 1 (бір) сағат ішінде жүзеге асырылады.

      10. Дактилоскопиялау, суретке түсіру, растайтын анықтаманы беру 2 (екі) сағат ішінде жүзеге асырылады.

      11. Өтінішті бөлініс басшысына қарауға және бекітуге ұсыну, сондай-ақ оған басшының қол қоюы 2 (екі) сағат ішінде жүзеге асырылады.

      12. "Бүркіт" БАЖ базасына мәліметтер енгізу, рұқсатты басып шығару, көші-қон карточкасында тіркеу туралы белгіні қою 2 (екі) сағат ішінде жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) mvd.gov.kz интернет-ресурсында облыстардың, Алматы, Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) "Iшкi iстер органдарының қызметi туралы" бөлiмінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.

      14. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара
іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

      1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары бөлімінің, бөлімшесінің, тобының көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері;

      2) облыстың, Алматы және Астана қалаларының ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері.

      16. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті (рәсімі) реттілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының кесте түріндегі мәтіндік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет пен ҚФБ арасындағы логикалық реттілігінің өзара байланыс жасасу сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында және ІІМ-нің mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

  "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар
беру және ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және өзара
іс-қимыл жасасуының сипаттамасы



  "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар
беру және ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызбалар



  "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар
беру және ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача и продление разрешений трудовым иммигрантам"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 994. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 января 2016 года № 12806. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 11 июня 2019 года № 532 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 11.06.2019 № 532 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить регламент государственной услуги "Выдача и продление разрешений трудовым иммигрантам" согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Департаменту миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "База данных "Закон" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан Тургумбаева Е.З. и Департамент миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Саинов С.С.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр внутренних дел


Республики Казахстан


генерал-полковник полиции

К. Касымов


  Приложение 1
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 4 декабря 2015 года № 994

Регламент государственной услуги
"Выдача и продление разрешений
трудовым иммигрантам"
1 Общие положения

      1. Регламент государственной услуги "Выдача и продление разрешений трудовым иммигрантам" (далее - регламент) определяет процедуру выдачи разрешений трудовым иммигрантам на осуществление трудовой деятельности у физических лиц.

      2. Государственная услуга оказывается территориальными подразделениями миграционной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан по адресам, указанным на Интернет-ресурсе Министерства: www.mvd.gov.kz в разделе "О деятельности органов внутренних дел" (далее - подразделения миграционной полиции).

      3. Форма оказываемой государственной услуги: бумажная.

      4. Результатом оказания государственной услуги является выдача и продление разрешений трудовым иммигрантам на осуществление трудовой деятельности у физических лиц по форме согласно приложению 1 к Стандарту государственной услуги "Выдача и продление разрешений трудовым иммигрантам", утвержденного приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 октября 2015 года № 850 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача и продление разрешений трудовым иммигрантам", (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12341) (далее – Стандарт), который скрепляется печатью и подписью начальника подразделения миграционной полиции Департамента внутренних дел, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, указанным в пункте 10 Стандарта государственной услуги.

2. Описание порядка действий структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания
государственной услуги

      5. В процессе оказания государственной услуги участвуют сотрудник отдела (отделения, группы) миграционной полиции районного, городского, областного органов внутренних дел.

      6. Государственная услуга оказывается по месту постоянного или временного жительства услугополучателя подразделениями миграционной полиции.

      7. Прием документов в подразделениях миграционной полиции

      осуществляется посредством "окон", на которых указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность инспектора миграционной полиции.

      8. Прием, проверка полноты собранных документов, выдача талона на получение документов производится в течение 15 (пятнадцати) минут.

      9. Проверка подлинности представленных документов по базе данных ОВД, КПСиСУ осуществляется в течение 1 (одного) часа.

      10. Дактилоскопирование, фотографирование, выдача подтверждающей справки осуществляется в течение 2 (двух) часов.

      11. Представление руководителю подразделения на рассмотрение и утверждение заявления, а также его подписание руководителем осуществляется в течение 2 (двух) часов.

      12. Внесение сведений в базу ЕИС "Беркут", распечатка разрешения, проставление отметки о регистрации в миграционной карточке осуществляется в течение 2 (двух) часов.

      13. Полная информация о порядке оказания государственной услуги и необходимых документах, а также образцы их заполнения располагаются на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - МВД) mvd.gov.kz в разделе "О деятельности органов внутренних дел", департаментов внутренних дел областей, городов Алматы, Астана (далее - ДВД)", а также в официальных источниках информации и на стендах, расположенных в подразделениях миграционной полиции.

      14. Государственной услуга оказывается в сроки указанные в пункте 4 Стандарта.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной
услуги

      15. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурно функциональные единицы (далее – СФЕ):

      1) сотрудник подразделения миграционной полиции городского, районного, районного в городе, поселкового отдела, отделения, группы органов внутренних дел;

      2) руководитель подразделения миграционной полиции городского, районного, районного в городе, поселкового отдела, отделения, группы органов внутренних дел.

      16. Табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия приведено в приложении 1 к настоящему Регламенту.

      17. Схема, взаимосвязи между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ приведена в приложении 2 к настоящему Регламенту.

      18. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги, согласно приложению 3 к настоящему Регламенту.

      Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги размещается на веб-портале "электронного правительства" и интернет-ресурсе МВД mvd.gov.kz, департаментов внутренних дел областей, городов Алматы, Астана, а также в официальных источниках информации и на стендах, расположенных в подразделениях миграционной полиции.

  Приложение 1
к регламенту государственной услуги
"Выдача и продление разрешений
трудовым иммигрантам"

Описание последовательности и взаимодействие
административных действий (процедур)


  Приложение 2
к регламенту государственной услуги "Выдача и
продление разрешений трудовым иммигрантам"

Схемы, отражающие взаимосвязь между логической
последовательностью административных действий

Услугополучатель




ГОРОВД, ДМП

Подача услугополучателем документов на получения разрешения на осуществление иностранцем трудовой деятельности у физического лица



Проверка по специальным учетам, внесение информации в ЕИС "Беркут", распечатка разрешения

  Приложение 3
к регламенту государственной услуги
"Выдача и продление разрешений трудовым
иммигрантам"

Справочник бизнес-процесса оказания государственной услуги