Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 692 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 12850 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В.Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 692 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 176 бұйрығымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 176 бұйрығымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 176 бұйрығымен.

      4. "Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10673 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 176 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларында:

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      5. Мемлекеттік кадастрды жүргізгенде "Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша әзірленген парниктік газдарды түгендеу туралы есептері пайдаланылады.".

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 692. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2016 года № 12850. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 4 августа 2021 года № 289.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 04.08.2021 № 289 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить перечень приказов Министерства энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по изменению климата Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский Центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В.Школьник


  Приложение
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 4 декабря 2015 года № 692

Перечень приказов Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан и Министра энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 27.04.2016 № 176.

      2. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 27.04.2016 № 176.

      3. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 27.04.2016 № 176.

      4. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 марта 2015 года № 176 "Об утверждении Правил ведения и содержания государственного кадастра источников выбросов и поглощений парниковых газов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10673, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" от 20 апреля 2015 года) следующее изменение:

      в Правилах ведения и содержания государственного кадастра источников выбросов и поглощений парниковых газов, утвержденных указанным приказом:

      часть первую пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "5. При ведении государственного кадастра используются отчеты природопользователей об инвентаризации парниковых газов, разработанные по форме, утвержденной приказом и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 502 "Об утверждении форм отчетов об инвентаризации парниковых газов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11818).".