Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 18-03/1010 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12924 болып тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы


министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 23 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 18-03/1010 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерлемелерін айқындау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау үшін қолданылады.

      2. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау:

      1) олжалаудың нормативік лимиті – Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу нормативтері;

      2) олжалау және жануарлардың өсім коэффициенті;

      3) жануарлар саны (мекендеу ортасынан алынған жануарлар, олардың бөліктері мен дериваттары) негізінде жүргізіледі.

      3. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшін төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан алуға рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      4. Мынадай жағдайларда:

      1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру, жасанды өсіру және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;

      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;

      4) ел денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан сақтау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын жұқпалы аурудан сақтау, қоршаған ортаға келтірілген залалға жол бермеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.

2. Жануарлар дүниесін (тұяқты жануарлар) пайдаланғаны
үшін төлемақыны айқындау

      5. Аңшылық объектілерін (тұяқты жануарлар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері төменде келтірілген формула бойынша айқындалады:

      Стж = Н x Жөк x Ок х Жс,

      мұнда:

      Стж – төлемақы мөлшері тұяқты жануарлар;

      Н – олжалаудың нормативті лимиті;

      Жөк – жануарлардың өсім коэффициенті;

      Ок – олжалау коэффициенті;

      Жс – жануарлар саны.

3. Аңшылық объектілерін (жыртқыш және терісі бағалы
жануарлар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау

      6. Аңшылық объектілерін (жыртқыш және терісі бағалы жануарлар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін төменде келтірілген формула бойынша айқындалады:

      Сжтбж = Н x Жөк x Ок х Жс,

      мұнда:

      Сжтбж – төлемақы мөлшері (жыртқыш және терісі бағалы жануарлар);

      Н – олжалаудың нормативті лимиті;

      Жөк – жануарлардың өсім коэффициенті;

      Ок – олжалау коэффициенті;

      Жс – жануарлар саны.

4. Аңшылық объектілерін (құстар) пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін айқындау

      7. Аңшылық объектілерін (құстар) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері төменде келтірілген формула бойынша айқындалады:

      Сқ = Н x Жөк x Ок х Жс,

      мұнда:

      Сқ – төлемақы мөлшері (құстар);

      Н – олжалаудың нормативті лимиті;

      Жөк – жануарлардың өсім коэффициенті;

      Ок – олжалау коэффициенті;

      Жс – жануарлар саны.

5. Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық
аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерін
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау

      8. Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері төменде келтірілген формула бойынша айқындалады:

      Сшм = Жө х Ок x Жс,

      мұнда:

      Сшм – төлемақы мөлшері (басқа да шаруашылық мақсаттарда пайдалану);

      Жө – жануарлардың өсім коэффициенті;

      Ок – олжалау коэффициенті;

      Жс – жануарлар саны.

Об утверждении Методики определения ставок плат за пользование животным миром

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года № 18-03/1010. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 января 2016 года № 12924.

      В соответствии с подпунктом 7) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику определения ставок плат за пользование животным миром.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      __________ Б. Султанов

      23 декабря 2015 года



  Утверждена
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 18 ноября 2015 года № 18-03/1010

Методика
определения ставок плат за пользование животным миром
1. Общие положения

      1. Настоящая Методика определения ставок плат за пользование животным миром (далее - Методика) разработана в соответствии с подпунктом 7) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" (далее - Закон) и применяется для определения ставок плат за пользование животным миром.

      2. Определение ставок плат за пользование животным миром производится на основе:

      1) нормативного лимита добычи – нормативов изъятия видов животных, являющихся объектами охоты, утверждаемый уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 9 Закона;

      2) коэффициентов прироста животных и добычи;

      3) количества животных (животные его части и дериваты, изъятые из среды обитания).

      3. Плата за пользование редкими и находящимися под угрозой исчезновения видами животных устанавливается в каждом отдельном случае Правительством Республики Казахстан при выдаче разрешения на изъятие этих животных из природной среды.

      4. Плата не взимается:

      1) при изъятии из природной среды животных для целей мечения, кольцевания, переселения, акклиматизации, искусственного разведения и скрещивания в научно-исследовательских и хозяйственных целях с последующим их выпуском в природную среду;

      2) при использовании объектов животного мира, являющихся собственностью физических и юридических лиц, разведенных искусственным путем и содержащихся в неволе и (или) полувольных условиях;

      3) при осуществлении уполномоченным государственным органом в области охраны, воспроизводства и использования животного мира контрольного лова рыб и других водных животных в целях биологического обоснования на пользование рыбными ресурсами и другими видами водных животных;

      4) при изъятии видов животных, численность которых подлежит регулированию в целях охраны здоровья населения, предохранения от заболеваний сельскохозяйственных и других домашних животных, предотвращения ущерба окружающей среде, предупреждения опасности нанесения существенного ущерба сельскохозяйственной деятельности.

2. Определение ставок плат за пользование животным миром
(копытные животные)

      5. Ставка платы за пользование объектами охоты (копытные животные) определяется по ниже представленной формуле:

      Скж = Н x Кп x Кд х Кж,

      где:

      Скж – ставка платы (копытные животные);

      Н – нормативный лимит добычи;

      Кп – коэффициент прироста животных;

      Кд – коэффициент добычи;

      Кж – количество животных.

3. Определение ставок плат за пользование объектами охоты
(хищные и пушные животные)

      6. Ставка платы за пользование объектами охоты (хищные и пушные животные) определяется по ниже представленной формуле:

      Схпж = Н x Кп x Кд х Кж,

      где:

      Схпж – ставка платы (хищные и пушные животные);

      Н – нормативный лимит добычи;

      Кп – коэффициент прироста животных;

      Кд – коэффициент добычи;

      Кж – количество животных.

4. Определение ставок плат за пользование объектами охоты
(птицы)

      7. Ставка платы за пользование объектами охоты (птицы) определяется по ниже представленной формуле:

      Сп = Н x Кп x Кд х Кж,

      где:

      Сп – ставка платы (птицы);

      Н – нормативный лимит добычи;

      Кп – коэффициент прироста животных;

      Кд – коэффициент добычи;

      Кж – количество животных.

5. Определение ставок плат за пользование видами животных,
используемых в иных хозяйственных целях (кроме охоты и
рыболовства)

      8. Ставка платы за пользование видами животных, используемых в иных хозяйственных целях (кроме охоты и рыболовства) определяется по ниже представленной формуле:

      Схц = Кп х Кд х Кж,

      где:

      Схц – ставка платы (используемых в иных хозяйственных целях);

      Кп – коэффициент прироста животных;

      Кд – коэффициент добычи;

      Кж – количество животных.