Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 10.09.2021 № 464 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғанда күшіне енеді) бұйрығымен.
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е.Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің | |
міндетін атқарушы | Т. Балықбаев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 бұйрығымен бекітілген |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.04.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ғылым туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒТҚН) коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша оператор (бұдан әрі – оператор) – уәкілетті орган айқындайтын ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша қажетті тәжірибесі бар заңды тұлға;
2) ҒТҚН коммерцияландыру жобасы (бұдан әрі – жоба) – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒТҚН практикалық қолдануға бағытталған болжанып отырған жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;
3) ҒТҚН коммерцияландыруға арналған грант (бұдан әрі – грант) – экономиканың басым секторлары шеңберінде ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
4) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) кешендік сараптама – өтінім 3 немесе одан да көп экономика салалары бойынша ұсынылған жағдайда, оператордың экономиканың түрлі салаларында мамандар болып табылатын сарапшылар тобын тарту жолымен жүргізілетін сараптама;
6) конкурс – ҒТҚН коммерцияландыруға бағытталған және конкурс шеңберінде мәлімделген неғұрлым перспективалы жобаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар;
7) конкурстық құжаттама – уәкілетті органның келісімімен оператор әзірлейтін және бекітетін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты жүргізудің шарттарын, тәртібі мен мерзімін айқындайтын құжаттама;
8) қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығы бойынша құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде уақытша шетелде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік қызметте жүрген сарапшы;
9) өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес қатаң түрде ресімделген құжаттарды қоса отырып, конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;
10) өтінім беруші – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген №12775) (бұдан әрі – Қаржыландыру қағидалары) грант алу үшін өтінімді қарастыруға ұсынған жеке немесе заңды тұлға;
11) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, жоғары білімі, кемінде он жыл немесе сол қызмет саласында сарапшы ретінде қорытынды жасайтын ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі бар болған жағдайда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға;
12) технологиялық сараптама (бұдан әрі – ТС) – жобаның өзектілігін, ғылыми-техникалық әлеуетін, коммерцияландыруға даярлығын, техникалық және өндірістік тәуекелдерін бағалаумен байланысты қызмет;
13) ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – ҰҒК) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес уәкілетті орган құратын және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет бағыттары бойынша алқалы органдар;
14) шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, сондай-ақ шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығы бойынша құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сарапшы;
15) экономикалық (маркетингтік) сараптама (бұдан әрі – ЭМС) – жобаның коммерциялық тартымдылығын және ұсынылған қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің негізділігін бағалаумен байланысты қызмет.
3. Конкурсқа қатысатын ҒТҚН коммерцияландыру жобаларының сараптамасына технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кіреді.
4. Жобаларға сараптаманы оператордың әрбір сарапшымен Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінде қарастырылған тәртіпте жасаған шарт негізінде тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
5. Кешендік сараптама өтінім 3 немесе одан да көп экономика салалары бойынша ұсынылған жағдайда жүргізіледі. Жобаға кешендік сараптама жүргізу кезінде құрамында үштен тоғызға дейін сарапшысы бар (тақ санда) сараптамалық топ құрылады.
6. Оператор конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдерге технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізуді Қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей ұйымдастырады.
2 тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
7. Оператор:
1) қазақстандық және шетелдік сарапшылар базасын қалыптастырады;
2) қалыптастырылған қазақстандық және шетелдік сарапшылар базасын тұрақты негізде толықтырып отырады (жаңартады);
3) конкурсқа келіп түскен өтінімдердің электрондық нұсқасының мәліметтер базасын қалыптастырады;
4) әрбір өтінім бойынша экономиканың басым секторы шеңберінде ұсынылған өтінімге байланысты мәліметтер базасынан сарапшыларды таңдайды;
5) өтінімдердің электрондық нұсқасын ТС жүргізу үшін екіден кем емес (қазақстандық және (немесе) шетелдік) сарапшыларға, немесе кешендік сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды;
6) өтінімдердің электрондық нұсқасын ЭМС жүргізу үшін екіден кем емес қазақстандық сарапшыларға немесе кешендік сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды.
8. Жобаның ТС сараптамалық (кешендік) қорытындысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
9. Жобаның ЭМС сараптамалық (кешендік) қорытындысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
10. Сараптамалық қорытындыда әр бағалау өлшемшарты бойынша қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшылармен ҒТҚН коммерцияландыру жобасын сараптамалық бағалау жүйесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балл қойылады.
11. Оператор ТС және ЭМС қорытындыларының негізінде әрбір жоба бойынша қорытынды балдары қойылған жиынтық сараптамалық қорытындыны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және оларды күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде уәкілетті органға жолдайды.
12. Уәкілетті орган жобаларға сараптаманың жинақтық қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде сараптаманың жиынтық қорытындыларын ҒТҚН коммерцияландыру жобасын қаржыландыруға мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдау үшін Ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) ұсынады.
Қосымша 1 Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
" ________________________________________" жобасы бойынша технологиялық сараптаманың сараптамалық (кешендік) қорытындысы
№ | Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балдар |
Сарапшының түсіндірмесі |
1. Өзектілігі | |||
1.1 | Әлемдік экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежелік бағасы | ||
1.2 | Ұлттық экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежелік бағасы | ||
1.3 | ҒТҚН коммерцияландыру жобасының ғылыми-техникалық прогресстің үрдісі мен басымдықтарына сәйкестік бағасы | ||
1-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
2. Жобаның ғылыми-техникалық әлеуеті | |||
2.1 | Жобаның ғылыми-техникалық жаңашылдығының дәрежесі | ||
2.2 | Нарықта ұқсастығы бар өнімнің (қызметтің) салыстырмалы бағасы | ||
2.3 | Жобада қойылған мақсаттарға жету үшін іс-шаралардың технологиялық (техникалық) іске асырылуы | ||
2-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
3. Жобаның коммерцияландыруға даярлығы | |||
3.1 | ҒТҚН коммерцияландыру жобасының мақсатына жоспарланған іс-шаралар арқылы жету мүмкіндігінің бағасы | ||
3.2 | Жобаны іске асыру үшін команданың құзыреттілігінің жеткіліктілігі | ||
3.3 | Жобаны іске асыруда жоспарланатын материалдық-техникалық базаның бағасы | ||
3-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
4. Техникалық және өндірістік тәуекелділіктің бағасы | |||
4.1 | Техникалық іске асырудың мүмкін еместігін қосқандағы, техникалық/технологиялық шешімдерді енгізумен байланысты техникалық тәуекелдер | ||
4.2 | Экологиялық проблемаларды анықтау, қажетті шикізат базасының жоқтығын қосқандағы, өндірісті ұйымдастырумен байланысты өндірістік тәуекелдер | ||
4-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
Қорытынды балл (өлшемшарт бағасы бойынша орташа балдар жиынтығы) | |||
Күшті жақтары | |||
Әлсіз жақтары |
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________
Сараптаманың мерзімі ___________________________
Қосымша 2 Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
" ________________________________________" жобасы бойынша экономикалық (маркетингтік) сараптаманың сараптамалық (кешендік) қорытындысы
№ | Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балдар |
Сарапшының түсіндірмесі |
1. Маркетингтік зерттеулер | |||
1.1 | ҒТҚН коммерцияландыру үшін ұсынылатын бизнестің қажет етілуі | ||
1.2 | Өнімнің/қызметтің мүдделі әлеуетті тұтынушыларының бар болуы | ||
1.3 | Географиялық, секторалдық және басқа да белгілер бойынша сәйкестендірілген өнімді/қызметті сату үшін мақсатты нарығының пысықталған сапасы | ||
1.4 | Нарық көлемі бойынша расталған мәліметтердің бар болуы (Қазақстандық мен әлемдік нарық шегінде) | ||
1.5 | Өнім немесе қызметтің қолданыстағы ұқсастықтармен салыстырғандағы бәсекелестік артықшылығы | ||
1-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
2. Жобаның экономикалық көрсеткіштері | |||
2.1 | Жобаның бизнес-үлгісінің бағасы | ||
2.2 | Ұсынылған экономикалық көрсеткіштердің, оның ішінде ұсынылатын өнімнің/қызметтің өз құндылығы мен іске асырылатын бағасының негіздемелілігі | ||
2.3 | Ұсынылатын команда мүшелерінің санын тарту негіздемелілігі | ||
2.4 | Шикізаттың, материалдардың және басқалардың қол жетімділігі | ||
2-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
3. Жобаны іске асырудың қаржылық жоспары | |||
3.1 | Жобаға сұралатын қаржыландыру көлемінің негіздемелілігі | ||
3.2 | Жобаны іске асыру бойынша шығындар сметасының бағасы | ||
3-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
4. Қоса қаржыландырудың бар болуы | |||
4.1 | Қоса қаржыландырудың бар болуы (әрбір 3% қоса қаржыландыруға 1 балл қойылады, оның ішінде ең жоғары балл - 9 | ||
4-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
Қорытынды балл (өлшемшарт бағасы бойынша орташа балдар жиынтығы) | |||
Күшті жақтары | |||
Әлсіз жақтары | |||
Жобаны қаржыландырылуға ұсынылатын сома |
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________
Сараптаманың мерзімі ___________________________
Қосымша 3 Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының сараптамалық бағаларының жүйесі
Шекті баға | Балл | Баға |
Описание оценок с указанием |
Жоғары | 9 | Ерекше | Әлсіз тұстары жоқ ерекше күшті тұстарымен |
8 | Біртуар | Сәл әлсіз тұстары бар күшті тұстарымен | |
7 | Үздік | Маңызды емес әлсіз тұстары бар күшті тұстарымен | |
Орташа | 6 | Өте жақсы | Көптеген маңызды емес әлсіз тұстары бар күшті тұстарымен |
5 | Жақсы | Кейбір күшті тұстарымен және аздаған әлсіз тұстарымен | |
4 | Қанағаттанарлық | Кейбір күшті тұстарымен, алайда маңызды әлсіз тұстарымен | |
Төмен | 3 | Әлсіз | Сәл күшті тұстарымен және көптеген әлсіз тұстарымен |
2 | Қанағаттанарлықсыз | Күшті тұстары жоқ және маңызды әлсіз тұстарымен | |
1 | Өте қанағаттанарлықсыз | Күшті тұстарынсыз әлсіз тұстары бар |
Қосымша 4 Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Жоба бойынша сараптаманың жиынтық қорытындысы
_________________________________________________
№ | Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балдар | Сарапшылардың түсініктемелері | |
1-сарапшы | 2-сарапшы | |||
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 | ||||
6 | ||||
7 | ||||
8 | ||||
Күшті жақтары | ||||
Әлсіз жақтары | ||||
Жобаны қаржыландыруға ұсынылатын сома | ||||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдар сомасы) |
Оператор _____________________________
Сараптаманың мерзімі __________________