Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 4-2/1048 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 ақпанда № 13052 болып тіркелді

      «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидалары бекітілсін.
      2. «Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 ақпандағы № 111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6139 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 203-207 (27281) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 11 қаңтар

      «КЕЛІСІЛГЕН»                      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі         Ұлттық экономика министрінің
      ______________ Е. Досаев          міндетін атқарушы
      2015 жылғы «___» ___________      ____________ М. Құсайынов
                                        2016 жылғы 6 қаңтар

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 4-2/1048 бұйрығымен  
бекітілген         

Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін
субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық
тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды
өткізуге жыл сайын квота белгілеу тәртібі

      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде аттестатталған тұқым өндірушілерді қоса алғанда, тиісті облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша өндірілген және өткізілген көлемдерін көрсете отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жылы бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге арналған жазбаша өтінімдерді жинауды жүзеге асырады.
      3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестатталған тұқым өндірушілер мәлімдеген өндірілген бірегей және өткізілген элиталық тұқымдардың көлемдерінің, сондай-ақ тұқым тұтынушылар мәлімдеген тұқым сатып алу көлемдерінің негізділігін және әрбір сорт бойынша тұқым шаруашылығы схемасына сәйкестігін тексереді және тиісті жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде облыс бойынша ұйғарылып отырған егіс алаңдарының құрылымына, сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми-негізделген нормаларына, бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге арналған өтінімдерге сүйене отырып, облыстық бюджеттен тиісті жылға бөлінетін қаражат шегінде субсидиялауға жататын әрбір тұқым түрі бойынша квоталарды айқындайды:
      1) бірегей тұқымдар бойынша – тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған әрбір субъект үшін;
      2) элиталық тұқымдар бойынша – әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін.
      Элиталық тұқымдарды өткізу квоталары облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру басымдығына (мамандандыру схемасы) және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сүйене отырып, бекітіледі.
      4. Тиісті жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квоталарды айқындау және бекіту кезіндегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жұмыс органы болып табылады.

Тұқым шаруашылығының аттестатталған  
субъектілері үшін субсидиялауға жататын
бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық
тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота  
белгілеудің қағидаларына       
қосымша                  

Нысан                    

Бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге
арналған өтінім

___________________________________________________________ негізінде
                  (құрылтай құжаты)
әрекет ететін ________________________________________________ атынан
                           (шаруашылықтың атауы)
басшысы _____________________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20____ жылы мынадай тұқымдарды өндіру және өткізу (қажеттісінің астын
сызу) туралы мәлімдейді:

Дақыл

Сорт, будан

Тонна/дана

Ескертпе

1

2

3

4

5











Басшы ___________   ______________________________________________
      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Мөрдің орны
20__жылғы «___» ____________

Об утверждении Правил установления ежегодных квот производства оригинальных и реализации элитных семян, подлежащих субсидированию, для аттестованных субъектов семеноводства

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 4-2/1048. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 февраля 2016 года № 13052

      В соответствии с подпунктом 7-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года «О семеноводстве» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила установления ежегодных квот производства оригинальных и реализации элитных семян, подлежащих субсидированию, для аттестованных субъектов семеноводства.
      2. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 февраля 2010 года № 111 «Об утверждении Правил установления ежегодных квот производства оригинальных и реализации элитных семян, подлежащих субсидированию, для аттестованных субъектов семеноводства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6139, опубликованный от 1 мая 2010 года № 111-112 (26172-26173) в газете «Казахстанская правда»).
      3. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       А. Мамытбеков

«СОГЛАСОВАН»
Министр финансов
Республики Казахстан
__________ Б. Султанов
11 января 2016 года



«СОГЛАСОВАН»
Министр национальной
экономики
Республики Казахстан
____________ Е. Досаев
« » ________ 2015 года

«СОГЛАСОВАН»
Исполняющий обязанности
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
______________ М. Кусаинов
6 января 2016 года

Утверждены            
приказом Министра сельского   
хозяйства Республики Казахстан 
от 30 ноября 2015 года № 4-2/1048

Правила
установления ежегодных квот производства оригинальных
и реализации элитных семян, подлежащих субсидированию,
для аттестованных субъектов семеноводства

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления ежегодных квот производства оригинальных и реализации элитных семян, подлежащих субсидированию, для аттестованных субъектов семеноводства (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года «О семеноводстве» и определяют порядок установления ежегодных квот производства оригинальных и реализации элитных семян, подлежащих субсидированию, для аттестованных субъектов семеноводства в рамках бюджетной программы субсидирования развития семеноводства за счет и в пределах средств, предусмотренных в местном бюджете на соответствующий финансовый год.

2. Порядок установления ежегодных квот производства
оригинальных и реализации элитных семян

      2. Местный исполнительный орган области (города республиканского значения, столицы) в срок до 10 января соответствующего года осуществляет сбор письменных заявок на производство оригинальных семян и реализацию элитных семян в соответствующем году по форме, согласно приложению к настоящим Правилам от сельскохозяйственных товаропроизводителей соответствующей области, включая аттестованных производителей семян, с указанием объемов производства и реализации по видам сельскохозяйственных растений.
      3. Местный исполнительный орган области (города республиканского значения, столицы) проверяет обоснованность и соответствие заявленных аттестованными производителями семян объемов производства оригинальных и реализации элитных семян, а также заявленных потребителями семян объемов покупки семян схеме семеноводства по каждому сорту и в срок до 10 марта соответствующего года исходя из намечаемой по области структуры посевных площадей, научно-обоснованных норм сортообновления и сортосмены, заявок на производство оригинальных семян и реализацию элитных семян в пределах, выделяемых на соответствующий год из областного бюджета финансовых средств определяет квоты по каждому виду семян подлежащих субсидированию:
      1) по оригинальным семенам – для каждого аттестованного субъекта в области семеноводства;
      2) по элитным семенам – для каждой административно-территориальной единицы.
      Квоты реализации элитных семян утверждаются, исходя из приоритетности возделывания сельскохозяйственных культур в области (схемы специализации) и предложений местных исполнительных органов районов.
      4. Рабочим органом местного исполнительного органа области (города республиканского значения, столицы) при определении и утверждении ежегодных квот производства оригинальных и реализации элитных семян, подлежащих субсидированию, для аттестованных субъектов семеноводства является управление или отдел сельского хозяйства соответствующего местного исполнительного органа.

Приложение            
к Правилам установления ежегодных 
квот производства оригинальных  
и реализации элитных семян,   
подлежащих субсидированию, для  
аттестованных субъектов семеноводства

Форма           

              Заявка на производство оригинальных семян
                    и реализацию элитных семян

      _____________________________________, действующий на основании
           (наименование хозяйства)
____________________________________________________________________
                        (учредительный документ)
в лице руководителя ________________________________________________
                   (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность)
настоящим заявляет о производстве и реализации (нужное подчеркнуть) в
20___ году следующих семян:

Культура

Сорт,
гибрид

Тонн/штук

Примечание

1

2

3

4

5











      Руководитель ______________ _________________________________
                  (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

                                                         Место печати
                                          «___» ____________ 20__ год