"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1049 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13412 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

      2) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (№ 907 бұйрықпен бекітілген 088/у нысаны), № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – ОЖБ) медициналық бөлігінің көшірмесін қоса бере отырып, оны ресімдеген күннен бастап бір айдан кешіктірмей (куәландыру (қайта куәландыру) кезінде ұсынылады);

      3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы). Адамның түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);

      4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді-көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері.

      Бұдан басқа, мынадай құжаттар ұсынылады:

      5) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – жеке басты куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда;

      6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адам ұсынады;

      7) ресімделген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ұсынылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы – консультацияға жіберілген, үйде, стационарда немесе сырттай куәландыру (қайта куәландыру) қажет болған немесе ОЖБ қалыптастыруға немесе түзетуге жіберілген жағдайларда ұсынылады;

      8) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік қатер бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;

      9) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – ОЖБ-ның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға арналған әлеуметтік және кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады;

      10) № 907 бұйрықпен бекітілген медициналық ұйымға бекіту анықтамасының (талонының) көшірмесі – тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына бекітілген жағдайда ұсынылады;

      11) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер – алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (бар болса), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;

      12) "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – осы жазатайым оқиға бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

      13) себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, мертігумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін айқындау үшін бір рет ұсынылады;

      14) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысы – кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

      15) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – жұмыс беруші-дара кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

      Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Жеке басты куәландыратын құжаттағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе оның заңды өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес қолдану мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, МӘС маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығында ресми жариялауға баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 5 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Е. Досаев

      2016 жылғы 27 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1049 бұйрығына 1-қосымша
  "Мүгедектікті және/немесе еңбек
ету қабілетінен айырылу дәрежесін
белгілеу және/немесе қажетті
әлеуметтік қорғау шараларын айқындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындауға өтініш

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _________ облысы

      (қаласы) бойынша департаменті, ______ бөлімі

      ЖСН: ________________________________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      Туған күні: _____ жылғы "___"_____________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

      Құжаттың нөмірі:____________________________ кім берген _____________

      Берілген күні _____ жылғы "___" __________________

      Тіркелген жері: _____________________________________________________

      облыс _______________________________________________________________

      қала (аудан) __________________________ ауыл: _______________________

      көше (шағын аудан) ________________________ үй ______ пәтер _________

      Сізден мына мақсатта куәландыру (қайта куәландыру) жүргізуді

      сұраймын:

      1) мүгедектікті белгілеу: мүгедектікті алғашқы белгілеу, мүгедектікті қайта белгілеу (қайта куәландыру), еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту, мүгедектік себебінің өзгеруі (қажетінің асты сызылсын);

      2) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу (қажетінің асты сызылсын);

      3) ОЖБ қалыптастыру, ОЖБ түзету, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығын айқындау (қажетінің асты сызылсын).

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

088/у нысаны



2

ОЖБ медициналық бөлігінің көшірмесі



3

жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі



4

тіркелген жерін растайтын құжат



5

амбулаториялық науқастың медициналық картасы, ауру тарихынан және зерттеп-қарау нәтижелерінен үзінді көшірмелер



6

медициналық ұйымға бекіту анықтамасының (талонының) көшірмесі



7

еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы)



8

еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер



9

ДКК қорытындысы



10

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат



11

жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі



12

Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығы қорытындысының көшірмесі



13

себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі



14

еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты жарақаттың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімінің көшірмесі



15

мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі




      Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес куәландыруды (қайта куәландыруды) үйде, стационарда, сырттай жүргізуге келісім беремін (қажетінің асты сызылсын).

      Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      20 ___ жылғы "____" ___________ Өтініш берушінің қолы _________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1049 бұйрығына 2-қосымша
  "Мүгедектікті және/немесе еңбек
ету қабілетінен айырылу дәрежесін
белгілеу және/немесе қажетті
әлеуметтік қорғау шараларын айқындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _______ облысы (қаласы) бойынша департаментінің ______ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес қолдану мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуыңызға байланысты "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      қолдану мерзімі өткен / жоқ құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________ ____________

      Медициналық-әлеуметтік сараптама маманының (қолы)

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Алдым: ________________________________________ _____________

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)

      әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 ____ жылғы "___" _________

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере"

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1049. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 марта 2016 года № 13412. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 25.03.2021 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11342, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 10 июля 2015 года) следующие изменения и дополнения:

      в Стандарте государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты", утвержденном указанным приказом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Услугополучатель при обращении для оказания государственной услуги предоставляет заявление на установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определения необходимых мер социальной защиты по форме согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги и следующие документы:

      к услугодателю:

      1) копия документа, удостоверяющего личность и подлинник для сверки;

      2) направление на медико-социальную экспертизу (форма 088/у, утвержденная приказом № 907), не позднее одного месяца со дня его оформления (предоставляется при освидетельствовании (переосвидетельствовании) с приложением копии медицинской части индивидуальной программы реабилитации пациента/инвалида (далее – ИПР) по форме, утвержденной приказом № 44;

      3) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельского акима). Справка (в произвольной форме), подтверждающая факт содержания лица в исправительном учреждении или следственном изоляторе;

      4) медицинская карта амбулаторного пациента для анализа динамики заболевания. В случае наличия копии выписок из истории болезни, заключений специалистов и результатов обследований.

      Кроме того, предоставляются следующие документы:

      5) копия индивидуального идентификационного номера и подлинник для сверки – в случаях отсутствия индивидуального идентификационного номера в документе, удостоверяющем личность;

      6) лист (справка) временной нетрудоспособности – предоставляется работающим лицом;

      7) заключение врачебно-консультативной комиссии (далее – ВКК), представленное не позднее одного месяца со дня его оформления – в случаях направления на консультацию, необходимости освидетельствования (переосвидетельствования) на дому, в стационаре или заочно, направления на формирование или коррекцию ИПР;

      8) документ, подтверждающий факт участия (или неучастия) в системе обязательного социального страхования – предоставляется в случаях первичного установления степени утраты общей трудоспособности по данному социальному риску;

      9) акт обследования жилищно-бытовых условий инвалида – предоставляется инвалидом или его законным представителем для разработки социальной и профессиональной части ИПР на улучшение жилищно-бытовых условий;

      10) копия справки (талона) прикрепления к медицинской организации, утвержденной приказом № 907 – предоставляется в случае прикрепления к организации первичной медико-санитарной помощи вне места постоянного проживания (регистрации);

      11) копия документа, подтверждающего трудовую деятельность и (или) сведения о характере и условиях труда на производстве – предоставляются (при наличии) при первичном освидетельствовании лицом трудоспособного возраста, обязательно предоставление в случаях производственных травм или профессиональных заболеваний;

      12) копия акта о несчастном случае, связанном с трудовой деятельностью, утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1055 "Об утверждении форм по оформлению материалов расследования несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12655) и подлинник для сверки – предоставляется лицом, получившим производственную травму или профессиональное заболевание при первичном установлении степени утраты профессиональной трудоспособности по данному несчастному случаю;

      13) документ, выданный уполномоченным органом в соответствующей сфере деятельности, установившим причинно-следственную связь – предоставляется один раз для определения причины инвалидности, связанной с ранением, контузией, травмой, увечьем, заболеванием;

      14) заключение Национального центра гигиены труда, выданное не позднее двухлетней давности – предоставляется лицом, получившим профессиональное заболевание;

      15) копия решения суда о причинно-следственной связи травмы или заболевания с исполнением трудовых (служебных) обязанностей и подлинник для сверки – предоставляется лицом, получившим производственную травму или профессиональное заболевание в случае прекращения деятельности работодателя – индивидуального предпринимателя или ликвидации юридического лица.

      Документы предоставляются на государственном или русском языках.

      на портал:

      запрос в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя.

      Сведения документа, удостоверяющего личность услугополучатель получает из соответствующей государственной информационной системы через шлюз "электронного правительства".

      Результат оказания государственной услуги выдается при предъявлении документа, удостоверяющего личность при личном посещении услугополучателя (или его законного представителя).";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. В случае предоставления услугополучателем документов с истекшим сроком действия и (или) неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному пунктом 9 настоящего стандарта государственной услуги, специалист МСЭ отказывает в приеме заявления и выдает расписку об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги.";

      приложение изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      дополнить приложением 2 согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту социальных услуг в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения и


социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям

      и развитию

      Республики Казахстан

      ____________ А. Исекешев

      5 февраля 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной

      экономики

      Республики Казахстан

      ______________Е. Досаев

      27 января 2016 года



  Приложение 1
к приказу Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 28 декабря 2015 года № 1049
Приложение 1
к стандарту государственной услуги
"Установление инвалидности и/или
степени утраты трудоспособности
и/или определение необходимых
мер социальной защиты"

      Форма

Заявление
на установление инвалидности и/или степени утраты
трудоспособности и/или определения необходимых мер
социальной защиты

      Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции по

      ______________области (городу), отдел _______________________________

      ИИН: __________________________________________________________

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) заявителя

      _______________________________________________________________

      Дата рождения: "____" ___________ _______ год

      Вид документа, удостоверяющего личность: ______________________

      Номер документа: ____________кем выдан:________________________

      Дата выдачи: "____" _____________ ______ год

      Место регистрации: ____________________

      область _______________________________________________________

      город (район) ______________________село: _____________________

      улица (микрорайон)_______________ дом ______ квартира _________

      Прошу Вас провести освидетельствование

      (переосвидетельствование) с целью:

      1) установление инвалидности: первичное установление

      инвалидности, повторное установление инвалидности

      (переосвидетельствование), продление листа временной

      нетрудоспособности, изменение причины инвалидности (нужное

      подчеркнуть);

      2) установление степени утраты общей трудоспособности, степени

      утраты профессиональной трудоспособности (нужное подчеркнуть);

      3) формирование ИПР, коррекция ИПР, определение нуждаемости

      пострадавшего работника в дополнительных видах помощи и уходе (нужное

      подчеркнуть).

Перечень документов, приложенных к заявлению:

№ п/п

Наименование документа

Количество листов в документе

Примечание

1.

форма 088/у



2.

копия медицинской части ИПР



3.

копия документа, удостоверяющего личность



4.

документ, подтверждающий место регистрации



5.

медицинская карта амбулаторного больного, копии выписок из истории болезни и результатов обследований



6.

копия справки (талона) прикрепления к медицинской организации



7.

лист (справка) о временной нетрудоспособности



8.

копия документа, подтверждающего трудовую деятельность и (или) сведения о характере и условиях труда на производстве



9.

заключение ВКК



10.

документ, подтверждающий факт участия (или неучастия) в системе обязательного социального страхования



11.

копия акта о несчастном случае



12.

копия заключения Национального центра гигиены труда и профессиональных заболеваний



13.

копия документа, выданного уполномоченным органом в соответствующей сфере деятельности, установившим причинно-следственную связь



14.

копия решение суда о причинно-следственной связи травмы или заболевания с исполнением трудовых (служебных) обязанностей



15.

акт обследования жилищно-бытовых условий инвалида




      В соответствии с заключением врачебно-консультативной комиссии

      даю согласие на проведение освидетельствования

      (переосвидетельствования) на дому, в стационаре, заочно (нужное

      подчеркнуть).

      Даю согласие на сбор и обработку моих персональных данных,

      необходимых для установления инвалидности и/или степени утраты

      трудоспособности и/или определения необходимых мер социальной

      защиты.

      Предупрежден (а) об ответственности за предоставление

      недостоверных сведений и поддельных документов.

      "____"_____________20____года Подпись заявителя _____________

  Приложение 2
к приказу Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 28 декабря 2015 года № 1049
Приложение 2
к стандарту государственной услуги
"Установление инвалидности и/или
степени утраты трудоспособности
и/или определение необходимых мер
социальной защиты"

      Форма

Расписка
об отказе в приеме документов

      Руководствуясь пунктом 2-1 статьи 13 Закона Республики

      Казахстан от 15 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в

      Республике Казахстан", отдел ______ Департамента Комитета труда,

      социальной защиты и миграции по ____________________ области (городу)

      отказывает в приеме документов на оказание государственной услуги

      "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности

      и/или определение необходимых мер социальной защиты" ввиду

      представления Вами документов с истекшим сроком действия и (или)

      неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному

      стандартом государственной услуги, а именно:

      наименование документов с истекшим сроком действия / отсутствующих

      документов:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Настоящая расписка составлена в 2 экземплярах по одному для

      каждой стороны.

      ____________________________________________________ _____________

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) специалиста (подпись)

      медико-социальной экспертизы

      Получил:_____________________________________________ _____________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись)

      услугополучателя

      "___" _________ 20 ____ года