Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 наурызда № 13500 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 915 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 915 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      _________ Б. Имашев

      20__ жылғы "__" ___________



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 708 бұйрығымен
бекітілген

Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) Халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Талаптарда қаржы мониторингінің субъектілеріне (бұдан әрі – Субъектілер) клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын жағдайларда адвокаттар және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар жатады.

      3. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында айқындалған нысан (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны);

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық әрекетке қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру оларды тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, оларды айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қолданатын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      4) клиент – Субъектіден көрсетілетін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шаралар қолданатын мемлекеттік орган.

      4. Ішкі бақылау:

      1) Субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;

      2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;

      3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендетуі мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Субъектілер Ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – ІБҚ) ұйымдастыру және сақтау бойынша жауапты тұлға болып табылады.

      Субъект клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен мынадай қызметтерге:

      жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;

      ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлікті басқаруға; банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;

      компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;

      заңды тұлғаны құруға, сатып алуға-сатуға, оның жұмыс істеуіне немесе оны басқаруға қатысты операцияларға қатысады.

      6. Субъектілер ІБҚ-ін әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау бойынша міндеттерді және оны жүзеге асыру бағдарламаларын орындамау үшін 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.

      7. ІБҚ АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін құжат болып табылады және Субъектілердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейді.

      8. ІБҚ Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес бағдарламаларды қамтиды.

      9. АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер күнтізбелік 30 күн ішінде ІБҚ-на тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

2. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      10. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырғанда Субъектілер функцияларының сипаттамасын қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібін;

      2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6)тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және немесе өзге мүлікпен операция жасаудан бас тарту және Заңның 5-бабының 3-тармағындағы 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда клиентпен іскерлік қатынастартарды тоқтату тәртібін;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану тәртібін;

      4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамту жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру тәртібін;

      5) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау тәртібін қамтиды.

      Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, Субъектінің қолымен және мөрімен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер есебінің журналында жазылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында:

      ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні;

      хабарлама жіберу негізі;

      уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабылдауы/қабылдамауы туралы хабарлама нөмірі мен күні тіркеледі.

      11. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары:

      1) ІБҚ-на өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді;

      2) Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыруды және бақылауды;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдауды;

      4) клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешім қабылдауды;

      5) клиент операцияларын жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жолдау қажеттілігі туралы шешім қабылдауды;

      6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдауды;

      7) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операцияларына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттап тіркеуді;

      8) ІБҚ іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыруды;

      9) тәуекелдерді басқару және Ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөнінде шаралар қолдануды;

      10) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауды қамтамасыз етуді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді;

      12. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

      1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      3) уәкілетті органға оның сұратуы бойынша АЖ/ТҚҚ туралы Заңңың 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттар береді.

      Субъект клиенттер мен өзге де адамдарға осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.

3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      13. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында клиенттің операциясын жүзеге асыратын адамның тәуекел деңгейін беру арқылы АЖ/ТҚ байланысты клиенттің ақшамен және немесе өзге мүлікпен операцияларын жүргізу тәуекеліне баға беру көзделеді.

      Тәуекел деңгейлері клиент туралы қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттап тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың мен мүшелері Субъекті мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талаптары бойынша ұсынылады.

      Клиентке берілген тәуекелдер деңгейі қажеттілігі бойынша, бірақ жылына кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс.

      14. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:

      1) мынадай:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;

      жемқорлық жоғары деңгейдегі;

      қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі;

      Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттердің іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне.

      Осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне БҰҰ және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады;

      2) мынадай жағдайларда клиентке:

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі) не клиенттің операция бойынша бенефициарлық меншік иесі Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент контрагенті операция бойынша бұйрығымен бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте немесе аумақта тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент азаматтығы жоқ адам болып табылған;

      клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;

      клиент резидент емес болып табылған;

      клиент жарғылық капиталында мемлекеттік меншік үлесі бар ұйым болып табылған;

      мемлекеттік тіркеу кезінде клиенттің мәлімдеген орны оның басқару органының іс жүзіндегі қызмет орнымен сәйкес келмеген;

      клиентпен іскерлік қатынас (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) ерекше жағдайларда жүзеге асырылған;

      клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты болған;

      Субъектілерде клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде қиындықтар пайда болған;

      клиент іс-әрекетті тездетуді талап еткен;

      клиент пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын стандартты емес немесе есеп айырысудың күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

      клиент жаңа, сол сияқты қолда бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда, жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

      клиент коммерциялық емес ұйым болып табылған;

      клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекеліне байланысты клиент туралы ақпарат болған;

      3) мынадай:

      тараптардың іс жүзінде қатысуынсыз жүргізілетін;

      белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғаның атынан немесе оның пайдасына жүргізілетін;

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда, жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімдерді қолдануға байланысты;

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      клиенттің оған тән емес жиілікпен не осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелінің деңгейі туралы ақпарат бар болған операцияларға беріледі.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің төмен деңгейі:

      1) мынадай:

      Заңның 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес ФАТФ ұсыныстарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енбеген;

      жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері төмен деңгейдегі мемлекеттен (аумақтан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне;

      2) клиентке егер клиент:

      қаржы мекемесі – қаржы мониторингі субъектісі болған және соңғы бір жылда АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған жағдайда;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылғанда;

      Қор биржада тіркелген ұйым болып табылғанда;

      3) мынадай:

      мемлекеттік қызметшілердің мүлікті (коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды және өзге мүлікті, сонымен қатар жалдауға берілген мүлікті) сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша;

      мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырумен байланысты операцияларға беріледі.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.

4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      15. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша іс-шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:

      1) Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

      2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

      3) Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысының барын немесе жоғын тексеру;

      4) Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;

      5) мыналарды:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланатын клиенттерді анықтау;

      Бұйрықпен бекітілген оффшорлық аймақтарда сәйкесінше тіркелген, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау;

      6) болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу рәсімдерін қамтиды.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент үшін болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде қызмет түрі және жасалатын операциялардың қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиент үшін болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операциялары сипатының негізінде анықталады.

      7) берілген тәуекел деңгейіне қарай клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шаралар қолдану;

      8) клиент (оның өкілі) туралы сәйкестендірілген мәліметтердің өзгеруіне қарай сәйкестендіру нәтижелері туралы алынған мәліметтерді жылына кемінде бір рет жаңарту рәсімдерін қамтиды;

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді жаңарту екі жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6)тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шаралары қолданған жағдайда Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді.

      Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы

      16. Субъектілер Заңның 4-бабына сәйкес операцияларды анықтауды қамтитын, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      17. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің осы Субъектіде өткізген барлық операцияларын қосымша зерделейді және одан әрі тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды.

      Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      18. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер құжаттап тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      19. Заңның 4-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген клиенттердің анықталған операциялары туралы мәліметтер мен ақпараттар уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша беріледі.

      20. Міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны Субъектілер осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкілетті органға береді.

6. АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      21. АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 тіркелген "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

Об утверждении Требований к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для адвокатов и других независимых специалистов по юридическим вопросам

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 708. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 марта 2016 года № 13500. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 24 сентября 2020 года № 915.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 24.09.2020 № 915 (вводится в действие с 15.11.2020).

      В соответствии с пунктом 3-2 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Требования к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для адвокатов, и других независимых специалистов по юридическим вопросам.

      2. Комитету по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан (Таджияков Б.Ш.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных (5 рабочих) дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр юстиции

      Республики Казахстан

      ___________ Б.Имашев

      "__"__________20__г.

  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 28 декабря 2015 года
№ 708

Требования к правилам внутреннего контроля в целях
противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных
преступным путем и финансированию терроризма для адвокатов и
других независимых специалистов по юридическим вопросам
1. Общие положения

      1. Настоящие Требования к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем и финансированию терроризма для адвокатов и других независимых специалистов по юридическим вопросам (далее – Требования) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Закон) и Международными стандартами Группы разработки финансовых мер борьбы с отмыванием денег (далее - ФАТФ).

      2. В настоящих Требованиях к субъектам финансового мониторинга относятся адвокаты и другие независимые специалисты по юридическим вопросам в случаях, когда они от имени или по поручению клиента участвует в операциях с деньгами и (или) иным имуществом (далее – Субъекты).

      3. Для целей Требований используются следующие основные понятия:

      1) форма сведений и информации об операции, подлежащей финансовому мониторингу – форма, определяемая Правилами представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1484(далее - форма ФМ-1);

      2) риски легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма – возможность преднамеренного или непреднамеренного вовлечения Субъектов в процессы легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма или иную преступную деятельность;

      3) управление рисками легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма – совокупность принимаемых Субъектами мер по мониторингу, выявлению рисков легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма, а также их минимизации (в отношении услуг, клиентов);

      4) клиент – физическое или юридическое лицо, получающее услуги Субъекта;

      5) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий финансовый мониторинг и принимающий иные меры по противодействию легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма в соответствии с Законом.

      4. Внутренний контроль осуществляется в целях:

      1) обеспечения выполнения Субъектами требований законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма (далее – ПОД/ФТ);

      2) поддержания эффективности системы внутреннего контроля на уровне, достаточном для управления рисками легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма (далее – ОД/ФТ);

      3) минимизации рисков ОД/ФТ.

      5. Субъекты являются ответственными лицами по организации и соблюдению правил внутреннего контроля (далее-ПВК).

      Субъект, когда он от имени или по поручению клиента участвует в операциях с деньгами и (или) иным имуществом в отношении следующей деятельности:

      купле-продаже недвижимости;

      управлении деньгами, ценными бумагами или иным имуществом;

      управлении банковскими счетами или счетами ценных бумаг;

      аккумулировании средств для создания, обеспечения, функционировании или управлении компанией;

      создания, купли-продажи, функционирования юридического лица или управления им.

      6. Субъекты несут административную ответственность за неисполнение обязанностей по разработке, принятию и (или) исполнению ПВК и программ его осуществления в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".

      7. ПВК являются документом, который регламентирует организационные основы работы, направленной на ПОД/ФТ и устанавливает порядок действий Субъектов в целях ПОД/ФТ.

      8. ПВК включают в себя программы в соответствии с пунктом 3 статьи 11 Закона.

      9. В случае внесения изменений и (или) дополнений в законодательство о ПОД/ФТ, Субъекты в течение 30 календарных дней, вносят в ПВК соответствующие изменения и (или) дополнения.

2. Программа организации внутреннего контроля

      10. Программа организации внутреннего контроля содержит:

      1) порядок организации внутреннего контроля, включая описание функций Субъектов при осуществлении внутреннего контроля в целях ПОД/ФТ;

      2) порядок отказа клиентам в установлении деловых отношений, отказа в проведении операции с деньгами и (или) иным имуществом, в случае невозможности принятия мер, предусмотренных подпунктами 1), 2), 2-1), 4) и 6) пункта 3 статьи 5 Закона, и прекращения деловых отношений с клиентом, в случае невозможности принятия мер, предусмотренных подпунктом 6) пункта 3 статьи 5 Закона;

      3) порядок признания Субъектами сложной, необычно крупной и другой необычной операции, подлежащей изучению, в качестве подозрительной операции;

      4) порядок представления сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, фактов отказа клиенту в установлении деловых отношений, прекращения деловых отношений с клиентом, отказа в проведении операции с деньгами и (или) иным имуществом в уполномоченный орган, включая указания и регламенты работы в автоматизированных информационных системах и программном обеспечении, используемых для передачи сведений, информации и документов в уполномоченный орган;

      5) порядок фиксирования и хранения документов и сведений, полученных по результатам надлежащей проверки клиента, включая досье клиента и переписку с ним, документов и сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, в том числе, подозрительных операциях, а также результатов изучения всех сложных, необычно крупных и других необычных операций.

      Документальное фиксирование операций, подлежащих финансовому мониторингу и направляемых в уполномоченный орган, осуществляется в пронумерованном, прошнурованном, скрепленном печатью и подписью Субъектов журнале учета сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу.

      В журнале учета сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, фиксируются:

      номер и дата передачи информации в уполномоченный орган;

      основание для подачи сообщения;

      номер и дата извещения о принятии/непринятии Формы ФМ-1 уполномоченным органом.

      11. Функции Субъектов в соответствии с программой организации внутреннего контроля включают, но не ограничиваются:

      1) внесение изменений и (или) дополнений в ПВК;

      2) организация и контроль за представлением сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу в уполномоченный орган в соответствии с Законом;

      3) принятие решений о признании операций клиентов подозрительными;

      4) принятие решений об отнесении операций клиентов к сложным, необычно крупным и другим необычным операциям;

      5) принятий решений об отказе от проведения операций клиентов и необходимости направления в уполномоченный орган;

      6) принятие решений об установлении, продолжении либо прекращении деловых отношений с клиентами;

      7) документальное фиксирование принятых решений в отношении операции клиента (его представителя) и бенефициарного собственника;

      8) формирование досье клиента на основании данных, полученных в результате реализации ПВК;

      9) принятие мер по улучшению системы управления рисками и внутреннего контроля;

      10) обеспечения мер по хранению документов и сведений, полученных по результатам надлежащей проверки клиента, включая досье клиента и переписку с ним, документов и сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, в том числе, подозрительных операциях, а также результатов изучения всех сложных, необычно крупных и других необычных операций, не менее пяти лет со дня прекращения деловых отношений с клиентом.

      12. Субъекты в соответствии с возложенными функциями:

      1) обеспечивают конфиденциальность информации, полученной при осуществлении своих функций;

      2) предоставляют информацию соответствующим государственным органам для осуществления контроля за исполнением законодательства о ПОД/ФТ;

      3) предоставляют в уполномоченный орган по его запросу необходимые информацию, сведения и документы в соответствии с пунктом 3-1 статьи 10 Закона.

      Субъект не вправе извещать клиентов и иных лиц о предоставлении в уполномоченный орган информации, сведений и документов о таких клиентах и о совершаемых ими операциях.

3. Программа управления риском ОД/ФТ

      13. Программа управления риском ОД/ФТ предусматривает проведение Субъектами, оценки риска совершения клиентом операций с деньгами и (или) иным имуществом, связанных с ОД/ФТ с присвоением уровней риска.

      Уровни риска формируются на основании имеющихся сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике.

      Результаты оценки рисков документально фиксируются и предоставляются по требованию соответствующих государственных органов и некоммерческих организаций, членами которых являются Субъекты.

      Уровни риска, присваиваемые клиенту, пересматриваются по мере необходимости, но не реже одного раза в год.

      14. В программе управления риском высокий уровень риска ОД/ФТ присваивается:

      1) деловым отношениям и сделкам с клиентами из государств (территорий):

      не выполняющих и (или) недостаточно выполняющих рекомендации ФАТФ;

      с повышенным уровнем коррупции;

      с повышенным уровнем преступной деятельности;

      подвергнувшихся санкциям, эмбарго и аналогичным мерам, налагаемым Организацией объединенных наций (далее – ООН);

      предоставляющих финансирование или поддержку террористической (экстремисткой) деятельности, и в которых имеются установленные террористические (экстремистские) организации.

      Ссылки на перечни таких государств (территорий) по данным ООН и международных организаций размещаются на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      2) клиенту в случае, когда:

      клиентом является иностранное публичное должностное лицо;

      клиентом является должностное лицо публичной международной организации;

      клиентом является лицо, действующее в интересах (к выгоде) иностранного публичного должностного лица;

      клиентом является лицо, являющееся супругом, близким родственником иностранного публичного должностного лица;

      клиент (его представитель) либо бенефициарный собственник клиента по операции зарегистрирован или осуществляет деятельность в государстве (территории), входящей в Перечень оффшорных зон, утвержденный приказом и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 10 февраля 2010 года № 52 "Об утверждении Перечня оффшорных зон для целей Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6058) (далее – Приказ);

      контрагент клиента по операции зарегистрирован или осуществляет деятельность в государстве (территории), входящей в Перечень оффшорных зон, утвержденный Приказом;

      клиент включен в Перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, в соответствии со статьей 12 Закона;

      клиент является лицом без гражданства;

      клиент является гражданином Республики Казахстан, не имеющим адреса регистрации или пребывания в Республики Казахстан;

      клиент является нерезидентом;

      клиент является организацией, в уставном капитале которой присутствует доля государственной собственности;

      местонахождение клиента, заявленное при государственной регистрации, не совпадает с местом фактической деятельности его органов управления;

      деловые отношения с клиентом осуществляются при необычных обстоятельствах (например, слишком большое необъяснимое географическое расстояние между Субъектом и клиентом);

      деятельность клиента связана с интенсивным оборотом наличных денег;

      у Субъектов возникают сложности при проверке представленных клиентом сведений;

      клиент настаивает на поспешности действий;

      клиент настаивает на нестандартных или необычно сложных схемах расчетов, использование которых отличаются от обычной практики Субъектов;

      клиент использует новые продукты и новую деловую практику, включая новые механизмы передачи, новые или развивающиеся технологии как для новых, так и для уже существующих продуктов;

      клиентом совершаются действия, направленные на уклонение от процедур финансового мониторинга;

      клиент является некоммерческой организацией;

      операции клиента ранее были признаны подозрительными;

      имеется информация о клиенте, связанная с высоким уровнем ОД/ФТ;

      3) операции:

      осуществляемой без физического присутствия сторон;

      совершаемой от имени или в пользу неизвестных или несвязанных третьих лиц;

      связанной с анонимными банковскими счетами или с использованием анонимных, вымышленных имен, включая наличные расчеты;

      не имеющей очевидного экономического смысла или видимой правовой цели;

      совершаемой клиентом с несвойственной ему частотой либо на необычно крупную для данного клиента сумму;

      по которой имеется информация о высоком уровне риске ОД/ФТ.

      К клиентам, которым присвоен высокий уровень риска ОД/ФТ применяется усиленные меры надлежащей проверки клиентов в соответствии с пунктом 7 статьи 5 Закона.

      В программе управления риском низкий уровень риска ОД/ФТ присваивается:

      1) деловым отношениям и сделкам с физическими и юридическими лицами из государств (территорий):

      не входящих в Перечень государств (территорий), которые не выполняют и (или) недостаточно выполняют рекомендации ФАТФ, согласно подпункту 4) пункта 4 статьи 4 Закона;

      с низким уровнем коррупции или другой преступной деятельности;

      2) клиенту в случаях, когда клиент является:

      финансовым учреждением – субъектом финансового мониторинга, и за последний год не привлекался к административной ответственности за несоблюдение законодательства о ПОД/ФТ;

      государственным органом Республики Казахстан;

      организацией, зарегистрированной на фондовой бирже.

      3) операции:

      по передаче в доверительное управление имущества (доли, акции в уставном капитале коммерческих организаций и иного имущества, а также имущества, переданного в имущественный наем) государственных служащих;

      связанной с удостоверением договора о порядке пользования имуществом.

      Клиентам, которым присвоен низкий уровень риска ОД/ФТ применяются упрощенные меры надлежащей проверки клиентов в соответствии с пунктом 7 статьи 5 Закона.

4. Программа идентификации клиентов

      15. Программа идентификации клиента заключается в проведении Субъектами мероприятий по выявлению, обновлению ранее полученных сведений о клиентах (его представителях) включая сведения об источнике финансирования совершаемых клиентом операций, и включает процедуры по:

      1) соблюдению мер по надлежащей проверке клиента (его представителя) согласно требованиям статьи 5 Закона;

      2) проверке достоверности сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике, согласно подпункту 6) пункта 3 статьи 5 Закона;

      3) наличию или отсутствию в отношении клиента (его представителя) сведений об их причастности к финансированию терроризма и экстремизма, предусмотренных Перечнем организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, согласно статье 12 Закона;

      4) проверке принадлежности и (или) причастности клиента к иностранному публичному должностному лицу, его членам семьи и близким родственникам согласно требованиям статьи 8 Закона;

      5) выявлению клиентов, имеющих соответственно регистрацию, место жительства или местонахождения:

      в государстве (на территории), которое не выполняет и (или) недостаточно выполняет рекомендации ФАТФ, либо использующих счета в банке, зарегистрированном в указанном государстве (на указанной территории) согласно подпункту 4) пункта 4 статьи 4 Закона;

      в оффшорных зонах, утвержденных Приказом;

      6) установлению предполагаемой цели и характера деловых отношений.

      Для клиента с высоким уровнем риска при установлении предполагаемой цели и характера деловых отношений дополнительно запрашиваются сведения о роде деятельности и источнике финансирования совершаемых операций. Для клиента с низким уровнем риска ОД/ФТ установление предполагаемой цели и характера деловых отношений определяется на основе характера операций клиента.

      7) применению к клиенту, в зависимости от присвоенного уровня риска мер по надлежащей проверке клиента в соответствии с программой управления рисками;

      8) обновлению сведений, полученных в результате идентификации клиентов, по мере изменения идентификационных сведений о клиенте (его представителе) но не реже одного раза в год. Примечание. Обновление сведений о клиенте (его представителе) с высоким уровнем риске ОД/ФТ осуществляется не реже одного раза в полугодие.

      Обновление сведений о клиенте (его представителе) с низким уровнем риска ОД/ФТ осуществляется не реже одного раза в два года.

      В случае отказа клиенту в установлении деловых отношений, а также отказа в проведении операции с деньгами и (или) иным имуществом в случае невозможности принятия мер, предусмотренных подпунктами 1), 2), 2-1), 4) и 6) пункта 3 статьи 5 Закона, Субъекты направляют в уполномоченный орган сообщение о таком факте отказа по Форме ФМ-1.

      В случае невозможности принятия мер, предусмотренных подпунктом 6) пункта 3 статьи 5 Закона, а также в случае возникновения в процессе изучения операций, совершаемых клиентом, подозрений о том, что деловые отношения используются клиентом в целях ОД/ФТ, Субъекты прекращают деловые отношения с клиентом. Если деловые отношения прекращены по вышеобозначенным основаниям, Субъекты направляют в уполномоченный орган сообщение по Форме ФМ-1.

5 Программа мониторинга и изучения операций клиентов,
включая изучение сложных, необычно крупных и других необычных
операций клиентов

      16. Субъекты разрабатывают программу мониторинга и изучения операций клиентов, включая изучение сложных, необычно крупных и других необычных операций клиентов, которая заключается в выявлении операций согласно статье 4 Закона.

      17. Субъект, в случае присвоения клиенту высокого уровня риска ОД/ФТ, дополнительно изучает все операции, которые проводил клиент у данного Субъекта, с целью установления причин, запланированных или проведенных операций и выявляет характер операций, которые требуют дальнейшей проверки.

      Субъект, в случае присвоения клиенту низкого уровня риска ОД/ФТ изучает текущую операцию клиента.

      18. Полученные в рамках реализации программы мониторинга и изучения операций клиентов сведения документально фиксируются и вносятся в досье клиента.

      19. Сведения и информация о выявленных операциях клиентов, указанных в пунктах 1, 2 и 3 статьи 4 Закона, представляются в уполномоченный орган по Форме ФМ-1.

      20. Сообщение об операции, подлежащей обязательному изучению, предоставляется Субъектами в уполномоченный орган, не позднее рабочего дня, следующего за днем признания такой операции подозрительной.

6. Программа подготовки и обучения по вопросам ПОД/ФТ

      21. Программа подготовки и обучения по вопросам ПОД/ФТ разрабатывается в соответствии с требованиями к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению работников, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 533 "Об утверждении требований к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению работников", зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10001.