Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | А. Ким |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 352/49-V шешіміне қосымша |
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын
мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасы
Осы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.1. Жалпы ережелер
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек):1) Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектерін бірыңғай киім нысанымен қамтамасыз ету;
2) батыр қалаларға және әскери даңқ қалаларына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД) және Еуроодаққа қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге және қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге баруы үшін "Естелік эстафетасы" қазақстандық делегациялары қатысушыларының;
"Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!" халықаралық акцияларға қазақстандық делегация қатысушыларының қатысу үшін;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік әскери мұрағаттарында мұрағаттық-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін іздестіру экспедициялары қатысушыларының жолақысын төлеуді қамтамасыз ету;
3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынының қатысушылары мен мүгедектеріне 2015 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша 950 000 (тоғыз жүз елу мың) теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем жасау;
4) 1 (бір) адамға 1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тыл еңбеккерлеріне шипажайлық-курорттық сауықтыруға 50% жеңілдік ұсыну түрінде көрсетіледі.
2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.
3. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып табылатын (бұдан әрі - Әкімші) "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде көрсетіледі.
4. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Әкімші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызмет көрсетушілерді белгілейді, тараптардың міндеттемелері және сол міндеттемелерді орындау талаптары жазылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасайды.
2. Қатысушыларды бірыңғай киім нысанымен қамтамасыз ету
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері бірыңғай киім нысанымен (сұр түсті костюм, сұр түсті пальто (плащ), ашық көгілдір түсті берет пен галстук, ақ түсті жейде, қара түсті аяқ киім) қамтамасыз етіледі.6. Бірыңғай киім нысанын Әкімші береді.
3. Қатысушылардың жолақысын төлеуді қамтамасыз ету
7. Батыр қалаларға және әскери даңқ қалаларына, ТМД-ға және Еуроодаққа қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге және Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлер жерленген жерлерге баратын және халықаралық акцияларға қатысатын "Естелік эстафетасы" қазақстандық делегация құрамына:1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері);
майдангерлер отбасының мүшелері;
интернационалист-жауынгерлер (басқа мемлекеттердің аумағында болған әскери іс-қимылдарына қатысушылар);
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың ардагерлері мен әскери қызметшілері;
әскери оқу орындарының курсанттары, кадеттері мен тәрбиеленушілері;
жастардың үкіметтік емес ұйымдарының белсенділері кіреді.
8. "Естелік эстафетасы" қазақстандық делегация құрамына кемінде он бес адам кіреді. Майдангерлер отбасының мүшелері кемінде 2 (екі) адам - майдангер отбасының мүшесі және оны ертіп жүретін тұлға майдангер жерленген орынға барады.
Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мемлекеттік әскери мұрағаттарында мұрағаттық-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін іздестіру экспедициясының тобы кемінде 6 (алты) адамнан тұруы тиіс.
9. Қазақстандық делегация қатысушыларының ТМД және Еуроодақ елдері бойынша теміржол және (немесе) әуе көлігімен бару пунктіне және кері қайтуға бір рет тегін жол жүруі қамтамасыз етіледі.
10. Жол жүру құжаттары пойыздың барлық санатындағы купелік немесе плацкарттық вагондарында темір жол көлігімен және (немесе) "Экономикалық" кластағы әуе көлігімен толық жол жұру бағытына (жөнелту пунктінен бару пунктіне дейін және кері қайтуға) беріледі.
Жол жүру бағыты бірнеше келу және шығу пунктінен тұруы мүмкін.
11. Бару орнына дейін тура темір жол (әуе) қатынасы болмаса, жол жүру құжаттары бару орнына ең жақын орналасқан елді мекенге дейін беріледі. Соңғы пунктіге дейін жол жүру ақысына жұмсалған шығыстар оларды растайтын құжаттарды ұсынумен қатысушыларға қайтып оралғаннан кейін өтеледі.
12. Қатысушы және оны ертіп жүретін тұлға жол жүру құжаттарын алу үшін жоспарланған жол жүруге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Әкімшіге мынадай құжаттарды:
1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) қатысушының мәртебесін растайтын құжатты (санатына қарай – белгі бар зейнеткер куәлігі, әскери оқу орындарынан, жастардың қоғамдық бірлестіктерінен анықтамалар, майдангерлердің отбасы мүшелерінің туыстық қатынастарын растайтын мұрағаттық анықтамалар, ардагер жерленген орынды растайтын құжат, анықталған жерленген орындарына бару туралы шақырушы тараптың шақыру хаты);
3) өтініш берушінің (қатысушының) және оны ертіп жүретін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты;
4) өтініш берушінің (қатысушының) және оны ертіп жүретін тұлғаның атына берілген мекенжай анықтамасын ұсынады.
Баратын мемлекетте визалық режим болған жағдайда, визаны ресімдеу жөніндегі рәсімдерді қазақстандық делегация қатысушысы өзі жүзеге асырады.
13. Әкімші қатысушы жүгінген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінішті қалыптастырады және оны Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға тапсырады.
14. Жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген толық жол жүру бағытына оларды дайындайды және оларды Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес Әкімшіге тапсырады.
15. Өтініште көрсетілген бару орнына дейін тура темір жол (әуе) қатынасы болмаса, жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол туралы Әкімшіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
16. Қатысушы және оны ертіп жүретін тұлға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына жүгінбей жол жүрсе, оған 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен хабарласса және пайдаланған жол жүру құжаттарын (билеттерін), сондай-ақ Қағиданың 12-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынса, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде өтініште көрсетілген екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы оның жеке есеп шотына қаражат аудару жолымен бір жыл ішінде жолдың екі жағына бір рет жүргені үшін жол жүру құжаттарының (билеттерінің) толық құнын өтейді.
17. Әкімші жол жүру құжаттарын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қатысушыға береді.
18. Әкімші қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған кезден бастап он банктік күн ішінде қолма-қол ақшасыз нысанда жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға олардың құнын төлейді.
19. Егер қатысушы жол жүруден бас тартса, жол жүру құжаттары Әкімшіге қайтарылады.
20. Әкімші пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын оларды беретін ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарады.
мекенжайында тұратын
____________________________________
жеке куәлігі (төлқұжат)
____________________________________
Өтініш
Көлікпен (көліктің түрін көрсету қажет: теміржол немесе (әуе) көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) төмендегідей бағдар бойынша беруіңізді сұраймын:_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
Сапарға шығу мүмкіндігім болмаған жағдайда шығуға үш күн қалғанға дейінгі мерзімде жол жүру құжаттарын (билеттерін) "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қайтарып беруге міндеттенемін.
Күні ____________________ Қолы ___________
Өтініш қабылданды ___________ Қолы ___________
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасына 2-қосымша |
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға өтінім
Р/с № | Т.А.Ә. | Мәртебесі | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі | Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағыты | Көлік түрі (вагон түрі көрсетілген теміржол көлігі, әуе көлігі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
М.О.
"Астана қаласының Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.А.Ә., қолы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасына 3-қосымша |
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдау-тапсыру актісі
Р/с № | Т.А.Ә. | Мәртебесі | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі | Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағдары | Билет нөмірі | Көлік түрі (вагон түрі көрсетілген теміржол көлігі, әуе көлігі, автокөлік (автобус) | Жол жүру құжаттарының (билетер дің) құны, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
М.О.
Тапсырды:
Жол жүру құжаттарын (билеттерін)
ресімдеген бөлімшенің басшысы Т.А.Ә., қолы
М.О.
Қабылдады
"Астана қаласының Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.А.Ә., қолы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасына 4-қосымша |
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алуға жазылған өтінімге сәйкес
жол жүру құжаттарының (билеттердің) берілмеуі туралы хабарлама
Р/с № | Т.А.Ә. | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі | Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағдары | Жол жүру құжаттарын (билеттерді) бермеу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
М.О.
Жол жүру құжаттарын ресімдеген
бөлімшенің басшысы Т.А.Ә., қолы
мекенжайында тұратын
_____________________________________
жеке куәлік № (төлқұжат)
_____________________________________
дербес шот № ________________________
Өтініш
Маған 2015 жылы автобуспен облыс ішіндегі қатынаспен төмендегі бағдар (бағдарлар) бойынша жол сапарымның (жөнелту пунктінен бару пунктіне дейін және кері) толық құнын өтеуді сұраймын:_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
_____________________________ ____________________________
шығу (орны, күні) оралу (орны, күні)
Сапар құнын растайтын құжаттар қоса беріліп отыр:
____________________________
____________________________
Күні ____________________ Қолы ___________
Өтініш қабылданды __________________ Қолы ___________