Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 09.11.2016 № 69/11-VI (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Астана ақшамы» газетінің 45-нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 47-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасында:
1-тармақтағы қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елу бірінші абзацтар алынып тасталсын;
13-тараудың 4 параграфы;
5, 6, 7-қосымшалар алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы –
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов
КЕЛІСІЛДІ:
"Астана қаласының
Сәулет және қала құрылысы
басқармасы" (СҚҚБ) ММ басшысы В.Силецкий
"Астана қаласының
Құрылыс басқармасы" (ҚБ) ММ
басшысы Т.Рысбеков