"Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешiмiне өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 420/58-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 20 қарашада № 968 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 09.11.2016 № 69/11-VI (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Астана ақшамы» газетінің 45-нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 47-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасында:
      1-тармақтағы қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елу бірінші абзацтар алынып тасталсын;
      13-тараудың 4 параграфы;
      567-қосымшалар алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы –
      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Астана қаласының
      Сәулет және қала құрылысы
      басқармасы" (СҚҚБ) ММ басшысы              В.Силецкий

      "Астана қаласының
      Құрылыс басқармасы" (ҚБ) ММ
      басшысы                                    Т.Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады