Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 18.09.2015 № 105-1643 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Басқарма басшысы осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 105-381 қаулысына
қосымша
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже 1. Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында мәдениет және өнер саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер бюджетке аударылуға жатады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарма миссиясы: Астана қаласының мәдениет саласын дамыту мен сақтауға, сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты құрау және оны тиімді іске асыру болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Астана қаласының мәдениет саласындағы мемлекет саясатын іске асыру;
2) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының озық жетістіктерін насихаттау;
3) мәдени ынтымақтастық саласындағы өңірлік және халықаралық байланысты кеңейту;
4) театр, музыка, цирк және киноөнерді, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана мен мұражай ісін дамыту жөнінде Астана қаласы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қолдау және қамтамасыз ету;
5) Астана қаласының тарихи-мәдени мұраларын пайдалану және қорғау саласында мемлекет саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға атсалысу;
6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтау;
7) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру;
8) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау.
16. Функциялары:
1) Астана қаласының әкімдігіне (бұдан әрі – әкімдік) театр, музыка, цирк және киноөнер, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана мен мұражай ісі саласындағы елорданың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елорданың мемлекеттік мәдени ұйымдарына қатысты өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі мәдени-бұқаралық, ойын-сауық іс-шараларын дайындау және өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4) дарынды жастар мен өнер ұжымдарын іздеу мен оларды қолдауға бағытталған мәдени іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
5) мәдениет саласындағы қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру;
6) тарихи-мәдени мұраларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлердің дамуына ат салысу;
7) Астана қаласының мәдени құндылықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия жұмысын ұйымдастыру;
8) мәдени құндылықтарды уақытша әкету бойынша сараптамалық комиссия құру және оның ережесін бекіту;
9) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
10) «Жергілікті маңыздағы мәдениет және тарихи ескерткіштерге ғылыми қалпына келтіру жұмысын жүргізуге келісу» мемлекеттік қызмет көрсету;
11) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) елорданың материалдық және рухани мәдениетін, сондай-ақ танымал мәдениет қайраткерлеріне арналған ескерткіштерін тіркеу, қорғау, пайдалану, консервациялау мен қайта жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру;
13) Басқарма теңгерімінде тұратын елорданың тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын өткізуді қамтамасыз ету, ғылыми жаңғырту жұмыстарының жүргізілгендігін табуды қамтамасыз ету;
14) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар мен иелік етушілер тарапынан орындалуын қадағалау мен күзет міндеттемелерін рәсімдеу;
15) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалану заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде өтініш жазу;
16) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және тарихи-мәдени сараптаманың нәтижесі негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру туралы құжаттарды дайындау және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер мемлекеттік тізімінен шығару;
17) белгіленген тәртіпте мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын, мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар дайындау;
18) елорданың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының аттестациялық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
19) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функцияларын орындау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма жұмысын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;
21) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдары қызметін бақылауды жүзеге асыру;
22) Басқарма қызметін жүзеге асыруы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет жасау;
23) жалпыға міндетті құқықтық оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген Басқарма мүддесіндегі басқа да уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан белгіленген тәртіппен қойылған мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) жан-жақты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға;
3) Астана қаласында фестивальдар өткізуге және шетелде өткізілетін фестивальдарға қатысуға, кәсіби және әуесқой шығармашылық күндерін, көркем өнер ұжымдары мен орындаушылар сайыстарын, байқаулар және Астана қаласының мәдениеті мен өнер жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
4) әртүрлі шығармашылық қызметтерде фестивальдар мен конкурстардың өткізілуін ұйымдастыруға;
5) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметінің мәні мен мақсатын белгілеуге;
6) ведомстволық бағынысты кәсіпорындарда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыруға;
7) мәдениет саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
8) ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың белгіленген мерзімде қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарауға, келісуге және бекітуге;
9) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мүлкінің сақталуына бақылау жасауға;
10) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыруға;
11) ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысуға;
12) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Басқарманың басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;
2) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың басшыларын, басшылардың орынбасарларын және бас есепшілерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Басқарма қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың басшыларына, басшылардың орынбасарларына және бас есепшілеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша жеке жауап береді;
5) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
8) оның құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар
және мекемелер тізбесі:
1) Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) Астана қаласы әкімдігінің «Астаналық концерт компаниясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) Астана қаласы әкімдігінің «Астаналық цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5) Астана қаласы әкімдігінің «Бейбітшілік және Келісім сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7) Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
8) Астана қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
9) Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
10) Астана қаласы әкімдігінің «Қазақстан» орталық концерт залы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
11) Астана қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
12) Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
13) Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
14) Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
15) Астана қаласы әкімдігінің «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
16) Астана қаласы әкімдігінің «Сәкен Сейфуллин мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
17) Астана қаласы әкімдігінің «Тәуелсіздік сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
18) Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.