Қазақстан Республикасының " Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласында геология саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 205-1375 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 842 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 қыркүйектегі № 113 (3170) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 7 қыркүйектегі № 112 (3188) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіннің преамбуласындағы "28" деген сан "26 (жиырма алты)" деген санмен және сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
орыс тіліндегі мәтіннің 7-тармағындағы "предусморена" деген сөз "предусмотрена" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
орыс тіліндегі мәтіннің 4-тармағы 5-абзацындағы "резолючию" деген сөз "резолюцию" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
орыс тіліндегі мәтіннің 7-тармағындағы "предусморена" деген сөз "предусмотрена" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
орыс тіліндегі мәтіннің 7-тармағындағы "предусморена" деген сөз "предусмотрена" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялап, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Жақсыбеков |