"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастаруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына қосымша |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 01.08.2019 № 506-1067 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 25.04.2022 № 512-1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с | Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы | Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасқан жері |
"Алматы" ауданы | ||
1. | "HORECA" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, № 51/1 үй |
1-1. | ЖК "Paidaly kitaptar" | Нұр-Сұлтан қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, № 47 үй |
"Байқоңыр" ауданы | ||
2. | "Шам Шариф" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй |
3. | "Амина" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй |
4. | "Кәусар" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй |
5. | "Ханиф" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй |
6. | "Мир Золота" зергерлік дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, А. Бараев көшесі, № 3 үй |
7. | "Книжник" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, А. Бараев көшесі, № 10/5 үй |
8. | ЖК "Вороненко" | Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, № 89 үй |
"Есіл" ауданы | ||
9. | ЖК "Амина" | Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, № 36 үй |
9-1. | "Кемеңгер Медиа Груп" ЖШС | Нұр-Сұлтан қаласы, Е-757 көшесі, № 7 үй |
"Сарыарқа" ауданы | ||
10. | "Путь к себе" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, № 24 үй |
11. | "Экономикс" дүкені | Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, № 32 үй |
12. | Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 25.04.2022 № 512-1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыСымен. |