Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 926 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасында:
"Алматы" ауданы" бөлімі мынадай мазмұндағы 1-1-жолмен толықтырылсын:
"
1-1. | ЖК "Paidaly kitaptar" | Нұр-Сұлтан қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, № 47 үй |
"; |
"Есіл" ауданы" бөлімі мынадай мазмұндағы 9-1-жолмен толықтырылсын:
"
9-1. | "Кемеңгер Медиа Груп" ЖШС | Нұр-Сұлтан қаласы, Е-757 көшесі, № 7 үй |
"; |
"Сарыарқа" ауданы" бөлімде реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Кульгинов |