Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Каналимов Ерлан Ермекұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурсында және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ә. Жақсыбеков |
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 104-1868 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласы бойынша ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: елорданың этникааралық және конфессияаралық келісім саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға, Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік оңтайлы көңіл-күйін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, елорданың ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) қоғамдық-саяси қатынастар, әлеуметтік, білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар, тіл саясаты, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаcында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылды қалыптастыру;
2) саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметтері туралы қажетті ақпараттарды жинақтау және өңдеу;
3) рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл;
4) алынған деректер негізінде елордадағы қоғамдық-саяси ахуал туралы талдамалы баяндамалар, есептер және қызметтік жазбалар әзірлеу;
5) саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметіне сәйкес тәжірибелік ұсыныстарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
6) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының тұрақтылығына бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;
7) әкім үшін тоқсан сайын реформалық курсты "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" (бұдан әрі – "Қазақстан-2050" стратегиясы) және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау бойынша шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аймағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына (орнатуына, орналастырылуына) бақылау;
9) елорданың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, мемлекеттік билік жергілікті органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірлерге мониторинг;
10) муниципалды мәселелерді анықтау, ұсыныстарды өндіру, талдамалы баяндамаларды дайындау;
11) "Қазақстан-2050" стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуын идеологиялық қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
2) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 08.06.2017 № 104-1167 қаулысымен.3) тұрғындар арасында теле-, радио бағдарламалардың кешенді талдауын және экспресс-талдауын жүргізу;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) қаулыларын, әкімнің өкімдері мен шешімдерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу;
6) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
7) Басқармада іс-қағаздарын жүргізу жағдайын қамтамасыз ету және бақылау;
8) "Айқын" жобасымен және "Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі" электрондық құжат айналымы Қағидаларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
9) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу;
10) ағымдағы мұрағатқа және тұрақты сақтауға тапсыру үшін материалдарды даярлау;
11) қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды реттеуде биліктің барлық тармақтарымен өзара әрекет ету қағидаттарын қалыптастыру;
12) Астана қаласының аумағындағы саяси партияларға, қоғамдық-саяси ұйымдарға және олардың филиалдарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;
13) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара әрекеттесу, Астана қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;
14) саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін талдау жолымен қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайының ортақ тенденцияларын анықтау және болжау;
15) бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беру жөніндегі өтініштерді қарастыру, әкімдік қаулыларының жобасын әзірлеу;
16) қоғамдық жерлерде (саябақтар, шағын гүлбақтар), мәдениет ескерткіштері мен монументтерге, ғимараттарға, құрылыстарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ Астана қаласының көшелерінде бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізуге өтініштерді қарастыру;
17) Басқарма құзыреті шеңберінде рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және болжау;
18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
19) әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
20) Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу;
21) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы туралы жариялық-насихаттық басылымдар дайындау;
22) ішкі саяси үдерістерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау;
23) қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсыныстар жасау;
24) мемлекеттің идеологиялық тапсырмаларын орындау аясында Астана қаласының ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерін әдістемелік материалдармен ақпараттық қамтамасыз ету, тұрғындармен кездесу арқылы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу;
25) алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және жазбалар дайындау;
26) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуына мониторинг жүргізу;
27) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;
28) халық бірлігін сақтау, қоғамда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бойынша конституциялық қағидаттарды бекіту;
29) қоғамдық-саяси, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен келісілген өзара іс-қимылдың бірыңғай бағдарламасын іске асыру;
30) Астана қаласының аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне ұдайы мониторингті жүзеге асыру;
31) үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау және олармен Астана қаласының аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысу;
32) үкіметтік емес ұйымдардың қызметтеріне талдау жүргізу арқылы ортақ тенденцияларды анықтау және қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайларын болжау;
33) үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы қажетті ақпаратты үнемі сұрау және талдау;
34) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
35) Астана қаласының әлеуметтік жарнамасы мен сыртқы безендіру жағдайын қамтамасыз ету және орындалуын бақылау;
36) мемлекеттік мерекелер, маңызды оқиғалар мен тарихи саналарға арналған іс-шараларға орайластырылған сыртқы безендіру мен әлеуметтік жарнаманы орналастыру бойынша қызметті іске асыру;
37) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 08.06.2017 № 104-1167 қаулысымен.38) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 08.06.2017 № 104-1167 қаулысымен.
39) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде функцияларды жүзеге асырады
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 08.06.2017 № 104-1167 қаулысымен.17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Астана қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;
3) жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен заңнамаларын сақтау саласындағы тиісті атқарушы билік органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық-саяси, насихаттау топтарымен өзара іс-қимылда қоғамдағы шиеленіс жағдайларының алдын алу;
5) әкімге реформалар курсын, "Қазақстан-2050" стратегиясын және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды (оның ішінде Астана қаласы аудан әкімдерінің қызметін бағалау жүйесіне сәйкес) түсіндіру және насихаттау барысы туралы жұмысты үйлестіру және талдамалық анықтамалар дайындау;
6) қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық ойын-сауық іс-шараларына қатысу;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) Басқарманың жұмысын басқаруды жүзеге асырады;
2) өз орынбасарлары мен бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
4) Басқарма қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қолданады;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Басқарманың құрылымын және бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) Басқарманы барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда ұсынады;
8) жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
9) Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын орындамағаны үшін жеке жауапкершілік алады;
10) Басқарманың жұмыс регламентін бекітеді.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.