Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 03.05.2016 № 107-862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2015 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 107-727 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 мамырда № 907 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3261) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 28 мамырдағы № 56 (3279) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 98-4 жолмен толықтырылсын:
«
98-4 |
Астана қаласы әкімдігінің «№ 15 «Дарын» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
200 |
20 765 |
3 жасқа дейін – 14 700; |
».
2. «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген қаржыландыру жоспарлары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың ағымдағы шығындарын өтеуді 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жүзеге асырсын.
3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.А. Суханбердиеваға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков