"Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № А-2/66 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 4715 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі–Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.
      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ А-2/66 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

      13. Миссиясы: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, астық нарығы, тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      14. Міндеттері:
      ауыл шаруашылық өнімі өндірісінің тұрақты өсуі негізінде облыстың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      табиғи-климаттық жағдайды және нарық конъюнктурасын ескерумен ауыл шаруашылық өндірісін әртараптандыру және техникалық жабдықтауды жоғарылату;
      мал шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
      ауыл шаруашылық өнімін өткізу нарығының мониторингін жүргізу мен қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту және қолдау, ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) өндірілген өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
      4) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      5) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
      6) агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      7) агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы қаулының жобасын әзірлеу;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
      9) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
      10) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
      11) Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
      12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің несиелерін сақтандыру кезінде несиелерді және сақтандыру сыйақыларының бөлігін кепілдендіру барысында комиссия бөлігін өтеу;
      13) инвестициялық салынымдар кезінде жұмсалған агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстарының бөлігін өтеу;
      14) қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
      15) мыналар:
      агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
      бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
      мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
      16) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін жасау;
      17) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
      18) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      19) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
      20) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
      21) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
      22) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
      23) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
      24) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      25) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
      26) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
      27) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақытылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
      28) облыста техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
      29) астық қабылдау кәсіпорындарын:
      бекітілген кестелерге сәйкес астықты қабылдау кәсіпорындарын жаңа өнімнің астығын қабылдауға дайындығын жыл сайын тексеру;
      астық қабылдау кәсіпорындарының тексеру актілерін рәсімдеуді қамтитын бақылау;
      30) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында қарастырылған тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
      31) Астық қабылдау кәсіпорындарының: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
      32) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      33) облыс шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
      34) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
      35) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабындағы 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
      36) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
      37) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
      38) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
      39) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      40) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
      41) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсынысты облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
      42) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      43) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      44) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      45) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
      46) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      47) облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасау;
      48) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
      49) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
      50) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
      51) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      52) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабындағы 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      53) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды анықтау жөнінде ұсыныстар енгізу:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін – элиталық тұқымдар бойынша;
      54) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
      55) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      56) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      57) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде тоқтата тұру:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті;
      58) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      59) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
      60) мыналар:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
      61) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
      62) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
      63) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы ұсыныс енгізу;
      64) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      65) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      66) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
      67) сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар пен құжаттарды сұрау және алу;
      68) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу туралы шешімдердің жобаларын дайындау;
      69) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;
      70) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;
      71) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
      72) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;
      73) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
      74) облыс аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылау;
      75) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;
      76) мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      77) ауыл шаруашылығы кооперативтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстарды әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру;
      78) ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және қызметін атқару тәжірибесін енгізу және тарату бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      79) ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту үшін қаржылық ұйымдардың инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірісті қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау, оларды жаңарту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне ауысуы бойынша іс-шараларды әзірлеу;
      80) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуіне және дамуына жағдай жасау.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 29.01.2016 № А-2/42 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету, даму үстіндегі нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыру, өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру жөнінде шара қолдану;
      2) өз құзіреті шегінде олардың меншік түріне тәуелсіз "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің іс-әрекеті саласына жататын ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат сұрату және алу;
      3) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ақмола облысы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Басшы өз орынбасарларының уәкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      20. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің штат кестесі мен қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      өз құзіреті шектеуінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша міндеттемелерді орындауға дербес жауапкершілік жүктейді;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және басқа да ұйымдарда "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өкілі болып табылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді іске асырады.
      "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Управление сельского хозяйства Акмолинской области"

Постановление акимата Акмолинской области от 19 февраля 2015 года № А-2/66. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 31 марта 2015 года № 4715. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 17 мая 2016 года № А-6/219

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 17.05.2016 № А-6/219 (вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" (далее – Положение).
      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" обеспечить государственную регистрацию Положения в органах юстиции в порядке и сроки, установленные действующим законодательством Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление акимата области вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким области С.Кулагин

  Утверждено
постановлением акимата
Акмолинской области
от 19 февраля 2015
года № А-2/66

ПОЛОЖЕНИЕ
о государственном учреждении "Управление сельского хозяйства
Акмолинской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере сельского хозяйства.
      2. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством порядке, принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области".
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" утверждается в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 020000, Республика Казахстан, Акмолинская область, город Кокшетау, улица Абая, 89.
      9. Полное наименование государственного органа: Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области".
      Если государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия: реализация государственной политики в области развития агропромышленного комплекса, в области зернового рынка, в области семеноводства, в области защиты растений, в области карантина растений, в области племенного животноводства.
      14. Задачи:
      обеспечение продовольственной безопасности области на основе стабильного роста производства сельскохозяйственной продукции;
      диверсификация сельскохозяйственного производства с учетом природно-климатических условий и рыночной конъюнктуры и повышение технической оснащенности;
      повышение продуктивности и качества продукции животноводства;
      проведение мониторинга рынков сбыта сельхозпродукции и устойчивое развитие и поддержка перерабатывающих производств, повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции;
      15. Функции:
      1) разработка предложений по государственной поддержке субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и нормативными правовыми актами в данной сфере;
      2) осуществление государственной технической инспекции в области развития агропромышленного комплекса;
      3) организация региональных выставок, ярмарок по ассортименту выпускаемой продукции;
      4) проведение конкурса "Лучший по профессии в агропромышленном комплексе";
      5) проведение мониторинга состояния продовольственной безопасности и рынков продукции агропромышленного комплекса;
      6) разработка и реализация мероприятий по распространению и внедрению инновационного опыта в области агропромышленного комплекса;
      7) подготовка проекта постановления об утверждении правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса;
      8) обеспечение строительства, содержания и реконструкции государственных пунктов искусственного осеменения сельскохозяйственных животных, заготовки животноводческой продукции и сырья, убойных площадок (площадок по убою сельскохозяйственных животных), специальных хранилищ (могильников) пестицидов, ядохимикатов и тары из-под них;
      9) организация приобретения, содержания высококлассных племенных животных и выращивания ремонтного молодняка для расширенного воспроизводства;
      10) обеспечение удешевления стоимости семян первой, второй и третьей репродукций, реализованных отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям;
      11) обеспечение проведения мероприятий по борьбе с вредными организмами в соответствии с перечнем и порядком, определяемыми Правительством Республики Казахстан;
      12) возмещение части комиссии при гарантировании займов и части страховых премий при страховании займов субъектов агропромышленного комплекса;
      13) возмещение части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях;
      14) субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки;
      15) разработка мероприятий по:
      привлечению инвестиций и кредитов банков второго уровня в отрасли агропромышленного комплекса;
      созданию условий для становления и развития конкурентоспособных производств, их модернизации и переходу на международные системы менеджмента качества;
      созданию условий для роста специализированных животноводческих хозяйств;
      16) формирование перечня приоритетных местных бюджетных инвестиционных проектов по развитию агропромышленного комплекса, финансируемых за счет бюджетных средств;
      17) создание условий для функционирования и развития информационно-маркетинговой системы агропромышленного комплекса;
      18) изучение ситуации на внутреннем и внешнем продовольственных рынках и обеспечение доступа к соответствующей информации субъектов агропромышленного комплекса;
      19) предоставление информации о состоянии и развитии агропромышленного комплекса в уполномоченные государственные органы по вопросам развития агропромышленного комплекса;
      20) осуществление мониторинга деятельности заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса;
      21) проведение аккредитации заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса;
      22) субсидирование заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость;
      23) размещение на собственном интернет-ресурсе перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса в порядке и сроки, установленные уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса;
      24) лицензирование деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок;
      25) оптимизация структуры зернового производства с учетом природно-климатических условий и рыночной конъюнктуры, совершенствование и внедрение новых прогрессивных технологий производства, хранения и реализации зерна;
      26) осуществление удешевления отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям стоимости минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов в соответствии с бюджетными программами;
      27) принятие необходимых мер по своевременному обеспечению потребностей внутреннего рынка в нефтепродуктах;
      28) принятие мер по созданию в области конкурентной среды по оказанию услуг по подтверждению соответствия в области технического регулирования;
      29) контроль за хлебоприемными предприятиями, включающий:
      ежегодное обследование хлебоприемных предприятий на предмет готовности к приему зерна нового урожая в соответствии с утвержденными графиками;
      оформление актов обследований хлебоприемных предприятий;
      30) приостановление действия лицензии на право осуществления деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок в целом или в части осуществления отдельных операций на срок до шести месяцев в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;
      31) контроль за соблюдением хлебоприемными предприятиями правил: ведения количественно-качественного учета зерна; хранения зерна; выдачи, обращения и погашения зерновых расписок в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;
      32) выдача предписаний о нарушении законодательства Республики Казахстан о зерне, рассмотрение дел об административных правонарушениях в соответствии с законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;
      33) осуществление мониторинга зернового рынка в пределах области;
      34) государственный контроль безопасности и качества зерна;
      35) наложение запрета на отгрузку любым видом транспорта зерна с хлебоприемного предприятия при наличии оснований, предусмотренных пунктом 2 статьи 28 Закона Республики Казахстан "О зерне";
      36) инспектирование (проверка) деятельности хлебоприемных предприятий на предмет соблюдения требований по ведению количественно-качественного учета и обеспечению сохранности зерна в соответствии с данными реестра зерновых расписок;
      37) подача в суд заявления о введении и досрочном завершении временного управления хлебоприемным предприятием;
      38) проверка фактического наличия и качества зерна у участников зернового рынка и соответствия его отчетным данным;
      39) контроль количественно-качественного состояния зерна;
      40) направление держателям зерновых расписок уведомления о представлении кандидатур для включения в состав комиссии по временному управлению хлебоприемным предприятием;
      41) внесение предложения в местный исполнительный орган области о приостановлении действия и (или) лишении лицензии на право осуществления деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок;
      42) внесение предложений по введению временного управления хлебоприемным предприятием;
      43) осуществление государственного контроля в области семеноводства;
      44) внесение на рассмотрение в уполномоченный орган предложений по объемам производства и реализации элитно-семеноводческими хозяйствами элитных семян;
      45) проведение аттестации субъектов семеноводства и лабораторий по экспертизе качества семян с выдачей соответствующего свидетельства в порядке, определяемом уполномоченным органом;
      46) ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений;
      47) составление балансов семян по области;
      48) обеспечение предоставления в уполномоченный орган в сфере сельского хозяйства необходимой информации в области семеноводства сельскохозяйственных культур;
      49) содействие в пределах своей компетенции формированию сельскохозяйственными товаропроизводителями страховых и переходящих фондов семян;
      50) внесение предложений по схемам и методам ведения первичного, элитного семеноводства и массового размножения семян сельскохозяйственных культур;
      51) осуществление контроля за исполнением порядка осуществления сортового и семенного контроля, проведения апробации сортовых посевов, грунтовой оценки, лабораторных сортовых испытаний, экспертизы качества семян;
      52) внесение предложения по установлению предельной цены реализации на подлежащие субсидированию семена в пределах квот, определяемых в соответствии с подпунктом 12) статьи 6-1 Закона Республики Казахстан "О семеноводстве";
      53) внесение предложения по определению ежегодных квот по каждому виду семян, подлежащих субсидированию:
      по оригинальным семенам – для каждого аттестованного субъекта в области семеноводства;
      по элитным семенам – для каждой административно-территориальной единицы;
      54) контролирование целевого использования просубсидированных оригинальных и элитных семян;
      55) организация подготовки и повышения квалификации кадров апробаторов и семенных экспертов;
      56) осуществление контроля за соблюдением нормативных правовых актов по проведению экспертизы сортовых и посевных качеств семян сельскохозяйственных растений;
      57) на основании предложения государственного инспектора по семеноводству приостановление:
      действий свидетельства об аттестации, удостоверяющего право субъекта на осуществление деятельности в области семеноводства;
      деятельности по проведению экспертизы сортовых и посевных качеств семян;
      58) организация работ по обезвреживанию пестицидов (ядохимикатов) по согласованию с уполномоченными государственными органами в области охраны окружающей среды и здравоохранения;
      59) строительство, содержание и поддержание в надлежащем состоянии специальных хранилищ (могильников);
      60) лицензирование деятельности по:
      производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов);
      реализации пестицидов (ядохимикатов);
      применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами;
      61) ведение учета распространения карантинных объектов и представление информации уполномоченному органу и заинтересованным лицам;
      62) на объектах государственного контроля и надзора в области карантина растений организация проведения мероприятий по карантину растений физическими и юридическими лицами – владельцами этих объектов, а также органами государственного управления;
      63) внесение предложения об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима или его отмене на соответствующих территориях по представлению уполномоченного органа;
      64) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан в области растениеводства;
      65) осуществление контроля за деятельностью агента, общества, соблюдением ими законодательства Республики Казахстан об обязательном страховании в растениеводстве;
      66) рассмотрение дел об уклонении от заключения договоров обязательного страхования страхователями и несоблюдении обществом требований законодательства Республики Казахстан о взаимном страховании и Закона Республики Казахстан "Об обязательном страховании в растениеводстве";
      67) запрашивание и получение от страхователя, страховщика, агента и общества информации и документов, необходимых для осуществления им своих контрольных функций;
      68) подготовка проекта постановления об установлении форм и сроков предоставления страхователем, страховщиком, агентом и обществом информации и документов, необходимых для осуществления им контрольных функций;
      69) ведение и издание государственного регистра племенных животных;
      70) распределение с учетом предложений республиканских палат по породам крупного рогатого скота и иных общественных объединений, осуществляющих деятельность в области животноводства, субсидии на племенную продукцию (материал) в пределах бюджетных средств, предусмотренных на указанные цели;
      71) ведение учета данных в области племенного животноводства по утвержденным формам;
      72) обобщение данных о бонитировке и информирование заинтересованных лиц о ее результатах в целях стимулирования эффективного использования высокоценных племенных животных;
      73) осуществление субсидирования мероприятий, направленных на сохранение и восстановление генофонда племенных животных, в том числе пород с ограниченным генофондом;
      74) контроль за развитием и охраной пчеловодства на территории области;
      75) координация селекционно-племенной работы и организация государственной поддержки племенного дела в пчеловодстве в соответствии с законодательством Республики Казахстан о племенном животноводстве;
      76) оказание государственных услуг;
      77) разработка предложений и осуществление мероприятий по государственной поддержке сельскохозяйственных кооперативов в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      78) разработка и реализация мероприятий по распространению и внедрению опыта создания и деятельности сельскохозяйственных кооперативов;
      79) разработка мероприятий по привлечению инвестиций и кредитов финансовых организаций для развития сельскохозяйственной кооперации, а также созданию условий для становления и развития конкурентоспособных производств, их модернизации и переходу на международные системы менеджмента качества;
      80) создание условий для функционирования и развития информационно-маркетинговой системы сельскохозяйственной кооперации.
      Сноска. Пункт 15 – в редакции постановления акимата Акмолинской области от 29.01.2016 № А-2/42 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      16. Права и обязанности:
      1) принятие мер по реализации государственной аграрной политики по обеспечению устойчивого экономического развития агропромышленного комплекса, увеличению экспортных возможностей аграрного сектора в условиях развивающихся рыночных отношений, обеспечению продовольственной безопасности региона, повышению конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции;
      2) запрашивать и получать в установленном порядке в пределах своей компетенции информацию, относящуюся к сфере действия государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" от организаций, учреждений и предприятий, независимо от их форм собственности;
      3) осуществлять свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" задач и осуществление им своих функций.
      18. Руководитель государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима Акмолинской области.
      19. Руководитель государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством
      20. Полномочия руководителя государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области":
      назначает и освобождает от занимаемых должностей работников государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      утверждает штатное расписание и должностные инструкции работников государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области";
      в установленном действующим законодательством Республики Казахстан порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на сотрудников государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области";
      в пределах своей компетенции принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      представляет государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" в государственных и иных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление сельского хозяйства Акмолинской области", относится к областному коммунальному имуществу.
      23. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Акмолинской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.