"Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № А-10/544 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/157 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 4802 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № А-10/544 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4531 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "16. Функциялары:
      1) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз ету;
      2) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға көмектесу;
      3) жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
      4) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;
      5) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолдану;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".
      2. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
      3. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп және мерзімдерде енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабарландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
      5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/157 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ережеге енгізілген өзгерістің мәтіні

      16-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "16. Функциялары:
      1) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз ету;
      2) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға көмектесу;
      3) жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
      4) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;
      5) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолдану;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 18 ноября 2014 года № А-10/544 "Об утверждении положения о государственном учреждении "Управление по вопросам молодежной политики Акмолинской области"

Постановление акимата Акмолинской области от 16 апреля 2015 года № А-4/157. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 20 мая 2015 года № 4802. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 17 мая 2016 года № А-6/219

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 17.05.2016 № А-6/219 (вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Акмолинской области "Об утверждении положения о государственном учреждении "Управление по вопросам молодежной политики Акмолинской области" от 18 ноября 2014 года № А-10/544 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4531, опубликовано 13 января 2015 года в газетах "Акмолинская правда", "Арқа ажары") следующее изменение:
      в положении о государственном учреждении "Управление по вопросам молодежной политики Акмолинской области", утвержденном указанным постановлением:
      пункт 16 изложить в новой редакции:
      "16. Функции:
      1) обеспечение проведения мониторинга и оценки потребностей молодежи для выявления и решения актуальных проблем, повышения эффективности реализации государственной молодежной политики;
      2) содействие развитию волонтерской деятельности молодежи и молодежного самоуправления;
      3) обеспечение, координация деятельности молодежного ресурсного центра;
      4) обеспечение проведения регионального форума молодежи;
      5) принятие мер по укреплению казахстанского патриотизма, межконфессионального согласия и межэтнической толерантности;
      6) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий.".
      2. Утвердить прилагаемый текст вносимого изменения в Положение о государственном учреждении "Управление по вопросам молодежной политики Акмолинской области".
      3. Государственному учреждению "Управление по вопросам молодежной политики Акмолинской области" обеспечить извещение органов юстиции о внесенном изменении в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Акмолинской области Нуркенова Н.Ж.
      5. Настоящее постановление акимата области вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким Акмолинской области С.Кулагин

  Утвержден
постановлением
акимата
Акмолинской области
от 16 апреля
2015 года № А-4/157

Текст вносимого изменения в Положение государственного учреждения
"Управление по вопросам молодежной политики Акмолинской области"