"Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № А-10/544 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4531 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 қарашадағы
№ А-10/544 қаулысымен
бекітілген

"Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      3. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы. Сәтбаев көшесі, 1, "б" корпусы.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттемелері

      14. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жастар саясаты саласында жобалардың және бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      2) жастарды елдің әлеуметтік–экономикалық дамуына белсенді қатыстыру және дамуына жағдай жасау;
      3) облыс жастарының азаматтық белсенділігін, деңгейін көтеру, қазақстандық отансүйгіштіктің, рухани, зияткерлік және дене дамуының деңгейін жоғарлату.
      16. Функциялары:
      1) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз ету;
      2) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға көмектесу;
      3) жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
      4) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;
      5) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолдану;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.04.2015 № А-4/157 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
      19. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) Заңға сәйкес "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынысты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарманың мүддесін қорғайды;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік алады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы жоқ кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Ақмола облысының жастар
саясаты мәселелері басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік ұйымдарының тiзбесі:

      1. "Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады