РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес, "2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-2 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3935 болып тіркелген) шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, шипажайларға, емдеу-сауықтыру орнына жолдама ұсыну түрінде көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |